Лекция Кіріспе. Сумен жабдықтау және суды әкетудің негізгі мақсаттары


сурет. Сумен жабдықтау жүесінің сұлбасы



бет2/56
Дата12.10.2019
өлшемі4,02 Mb.
#49759
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
умк транспортирование каз

2.1 сурет. Сумен жабдықтау жүесінің сұлбасы
Суреттегі ғимараттардың орналасу орнын өзгертуге де болады. Мәселен, бірінші мен екінші сорғыш станциялары біріктірілуі мүмкін. Кейбір жағдайда олар тіпті бір-бірінен өте алыс орналасуы да мүмкін.

Сумен жабдықтау сұлбасына табиғи су көздерінің сипаты, сапасы және су көлемі әсер етеді. Егерде суды тұтынушыларға тазаламай беру мүмкін болған жағдайда, онда су тазалау ғимараттарын салып жатудың қажеті жоқ. Мұндай, әсіресе жер асты суларын пайдаланатын жүйелерде жиі кездеседі (2.2 сурет).




1 – артезианды құдық; 2 – жұмыс павильоны немесе сорғыш бекеті; 3 – жинаушы құбыр; 4 – таза су резеревуары; 5 – екінші су көтергіш бекеті; 6,7 – су өткізгіш және таратып беруші құбырлар.

2.2 сурет. Жер асты су көздерін пайдалану сұлбасы
Қабылданған су көзі судың аздығынан мекенжайды толығымен сумен қамтамасыз ете алмайтын болса, онда әр түрлі су көздерін пайдалана отырып елді мекендерге су жеткізіп беруі мүмкін.

Жер бедерінің де су жүйесінің сұлбасына әсері бар. Мәселен, табиғи су көздері су жүйесі құрылып жатқан мекенжайдан жоғары жерде орналасқан болса (мәселе, таулы жерлерде), онда суды сорғыштарсыз да жөнелтеуге болады.

Кейбір жағдайларда, табиғи су көздері су қолданылатын жерден едеуір алыста болады. Сол себептен су өткізгіштердің ұзындығы ондаған, кейде жүздеген шақырымға дейін созылуы мүмкін.

Су тазалағыштар қабылдағыштарға немесе қалада жақын жерге орналасуы мүмкін. Жалпы айтқанда, сумен жабдықтау жүйелерін және олардың сұлбаларын жергілікті жағдайға сәйкестендіре отырып тандаған жөн.

Арынды мұнаралар жер қыртысының ең биік жерлеріне орналасатындықтан, оның су құбыры торабының бас жағында (2.1 сурет), соңында немесе кез келген нүктесінде болуы мүмкін.

Жоғарыда айтылған сумен жабдықтау жүйелері үлкен немесе шағын қалаларда және өнеркәсіп орындарында кездесуі мүмкін. Дегенмен, өнеркәсіп мекемелерінде су жүйелерінің өзгеше және науаулы түрлері де кездеседі.

Егер өндіріс мұқтажына жұмсалатын су онша ластанбаған немесе сәл ғана жылыған болса, ондай суды оңай тәілдермен тазалап немесе салқындатып. Мұндай жүйені «айналмалы» деп аталамыз (2.3 сурет).

Бір өнеркәсіп орнынан немесе цехтан шыққан суды екінші бір өнеркәсіп орнында немесе цехта пайдаланған жағдайда «қайтадан» беру (тіөбектелген) су жүйесін қолданған жөн. Осы аталған жүйелерді қолдану арқылы табиғи көзлерінен алынатын су шығынын азайтуға болады.



Егерде бір – бірінен әр түрлі қашықтықта орналасқан көптеген елді мекендер (аудандар) жер жағдайына байланысты бір табиғи су көзінмен қамтамасыз етілетін болса, ал енді кейінгі кездерде жиірек қолданылып келе жатқан «топтастырылған» (ауданаралық) жүйелер құрылуы мүмкін. Топтасқан жүйенің құны әр мекенжайда құрылған жеке су жүйелерінің далпы бағасынан әлдеқайда төмен болады. Осындай жүйелер арқылы көптеген елді мекендер оңай және арзан жолмен сумен қамтамасыз етілуі мүмкін.


1 – қосымша су қабылдағыш; 2 – салқындатқыш (тазалағыш);

3 – айналмалы циклдің сорғыш бекеті; 4 - өнеркәсіп орны;

5,6 – құбырлар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет