Өтетін күні:
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Астана символы -Бәйтерек
Грамматикалық тақырып: Реттік сан есім қайталау
Сабақтың мақсаты: Астана қаласындағы «Астана -Бәйтерек» монументі туралы ақпарат беру. Отанымыздың бас қаласы Астана туралы түсініктерін жетілдіру.
1. Білімділік: «Астана -Бәйтерек» монументі туралы айта алуға үйрету.
2.Дамытушылық: Еліміздің көрікті жерлеріне деген қызығушылықтарын арттыра отырып ойлауын, дүниетанымын, тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Туған жеріне сүйіспеншілік сезімімен қарау, туған жерін, елін, елордасын мақтан тұту. Сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қормен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.
Сабақтың пән аралық байланысы: жағрапия, қазақ әдебиеті.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, дәптер, Қазақстанның картасы, плакаттар, интерактивтік тақта, слайттар.
Сабақтың әдісі- тәсілдері: сұрақ- жауап іздену , түсіндіру, әңгімелесу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім мен біліктілікті қалыптастыру сабағы.
Пән аралық байланысы: жағрапия, дүниетану
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сөйлесім: Сәлем арайлы күн,
Сәлем менің достарым!
Сәттілікпен бастайық,
Сабағымызды біз бүгін!
Тілдесім. Сөйлесім: сабаққа қызығушылықты ояту.
Бүгін нешесі?
Бүгін аптаның қай күні?
Кеше аптаның қай күні болды?
ертең аптаның қай күні болады?
Бүгін ауа райы қандай?
Жылдың қай мезгілі?
Қыс айларын атаңдар?
Қыс мерекелерін естеріңе түсіріңдер
ІІ. «Қайталау-білім анасы» дегендей үй жұмысын Тест арқылы тексерейік.
(оқушылардың парталарында тест жұмысы өткен тақырып «Қазақстан» бойынша. Тест кілті мұғалімде )
Оқушыларға сұрақ қою арқылы үйге берген тапсырманы қорытындылау Тілдесім арқылы қорытындылау .
Сен қайда тұрасың?(Қазақстанда)
Қазақстан қандай мемлекет?(Тәуелсіз)
Қазақстанның рәміздерін ата? (мемлекеттік Ту, мемлекеттік Елтаңба, мемлекеттік Гимні)
Қазақстанның Туы қандай? (Көгілдір және алтын түсті)
Қазақстанның елордасы қай қала?(Астана қаласы)
Астана қаласы қайда орналасқан? (Солтүстік Қазақстанда)
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сонымен балалар бүгінгі сабағымыз Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді көрсететін еліміздің бас қаласы Астана қаласында бой көтерген «Бәйтерек монументі» туралы. Астана кім болды? Бәйтерекке көтерілдіңіз бе? (оқушылардың жауабы)
ІІІ. Жаңа сабақ: «Астана символы –Бәйтерек»
*Оқылым. Мәтінмен жұмыс. «Бәйтерек-Астана символы»
Тыңдалым. Сөйлесім. Грамматика тақырыбын қайталайық реттік сан есімін еске алайық.
Мыңға дейін ондықпен, жүздікпен санайық: 10,20,30,40,50,60,70,80,90.100, 200,300,400,500,600,700,800,900, мың - Бұл есептік сан есім.
Ретімен санасақ, санның соңғы санына реттік сан есімнің жұрнағы қосылады.
Мысалы:
1992 жылы- бір мың тоғыз жүз тоқсан екінші жылы.
2002 жылы - екі мың екінші жылы
2000жылы – екі мыңыншы жылы
2011 жылы –екі мыңыншы жылы
Оқылым. Жазылым. Жаңа сөздермен жүргізілетін жұмыс түрлері: екі тілдегі нұсқасын оқып беру, дауыстап оқу.
ғимарат-здание
салынды- был построен
сәулетші – архитектор
Жазылым. Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазғызу, олармен сөз тіркестерін құрастыру.
Оқылым. Сөйлесім : Мәтінмен жұмыс. «Бәйтерек-Астана символы» 60 бет мәтінді оқу, оқушыларға оқыту. Мәтін бойынша,сұрақ - жауап дайындайды.
Астананың символы қалай аталады?
Бәйтеректің биіктігі неше метр?
Бәйтерек қай жылы салынған?
Салған сәулетші кім? (британдық сәулетші Норман Фостер салған)
ІҮ. Айтылым. Жазылым: 61 бетте №2 тапсырма оқып үлгі бойынша сөйлеу. Бәйтерек монументі қай жылы салынды хормен айтқызу «Есте сақта!»
-Тілдесім. №3 тапсырма бойынша оқушылар грамматика тақырыбын бекіте түседі. Қай жылы? Қашан? – сұраққа дұрыс жауап бере алуды үйренеді.
Сөйлесім. №4 тапсырма бойынша оқушылар «Астана –Бәйтерек» монументінің биіктігі, оның сәулетшісі туралы ақпарат алады. Берілген үлгі бойынша бір –бірімен сөйлесуге тырысады.
Cергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
Ү. Тыңдалым. Бәйтеректің ең қымбатты жері «Аяулы алақан» композициясы.Ол елбасымыздың қолының ізінен тас орнатылған композициясы. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады.
Жақсы, балалар, ал енді алған ақпаратты өз дәптеріміз арқылы пысықтайық.
№1 дәптер бойынша оқушылар оқулықтағы лексика- грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
1.Астанада 2002 жылы не салынды?
2. Ол монумент қалай аталады?
3. Оның биіктігі қанша метр?
ҮІ. - Тыңдалым: Астана –арман қала,
Бағы бар жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Астана-сұлу қала,
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында да.
ҮІІ. Рефлексия.
Балалар, Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)
16 желтоқсан қандай мереке болады? (Тәуелсіз күні)
Олай болса, біз елбасымызға құттықтау желел хат жіберейік.
-Мұғаліміңізге құттықтауды қалай жазасыз? Қай сөзден бастайсыздар?(жауаптары Құрметті мұғалімнің аты-жөні)
Жақсы, біз де солай бастайық.
Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізді Тәуелсіз күнімен құттықтаймыз! Денсаулық, жұмысыңыз табысты болсын деп тілейміз.
Біз 4 сынып оқушылары
Бүгін сабақта не білдіңдер? Не түсіндіңдер?
Осы сабақта не ұнады?
ҮІІІ. Үй тапсырмасы: Реттік сан есім. Шағын шығарма «Бәйтерек» жазу.
Солтүстік Қазақстан облысы «№ 42 орта мектеп»
Сабақтың тақырыбы: «Астана символы –Бәйтерек»
Қалалық семинарға дайындаған ашық сабақ жоспары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кинжетаева З.Д.
Петропавл қаласы 2015 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |