Сабақтың тақырыбы: Астана символы



Дата24.05.2017
өлшемі48,5 Kb.
#16770
түріСабақ
Текенова Сапура Каирбековна

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Ақмола облысы Атбасар қаласы

4- сынып. 13.12.2016


Сабақтың тақырыбы: Астана  символы — «Бәйтерек»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік.  Астана символы –«Бәйтерек»  тақырыбымен таныстыру, өз ойларын жүйелі жеткізуге үйрету.

2. Дамытушылық. Білім алушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Есте сақтау, көру қабілеттерін шыңдау. Ауызекі сөйлеу тілдерін, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорларын байыту. Айтылым, жазылым, сөйлесім барысында өтілген сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. 
3. Тәрбиелік. Оқушыларға еліміздің бас қаласы – Астана қаласының мемлекет өміріндегі алатын орнының маңыздылығын түсіндіру, тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға үлес қосуға ат салысуға баулу. 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, кластер, пысықтау, көрнекілік арқылы шығармашылық ізденіс тәсілі, пысықтау, тест орындау. 
Сабақтың көрнекі құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, суреттер, Астана туралы слайдтар, тест сұрақтары 
Пәнаралық байланыс: ән-күй, математика сабағы
Сабақ түрі: Жаңа сабақ меңгеру

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:жеке, топпен жұмыс,сыни тұрғыдан ойлау элементтері-« кластер жасау», АКТ қолдану, тест орындау

 Күтілетін нәтиже: Қазақстан , Астана  тақырыптары бойынша өз ойларын жүйелі жеткізе алады. Тапсырмаларға өз ойын айта алады. Топта жұмыс істеу арқылы ортақ шешімге келе алады.



Сабақтың типі: ашық сабақ. Сабақ түрі: аралас сабақ.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, тақта, бор, тапсырмалар қағазы, үлестірме кеспелер, суреттер
Әдіс-тәсілдер: жұппен жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгімелесу.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме, балалар! -Сабағымызды ұранымыздан бастайық!



Психологиялық дайындық.

Сәлем бердік сіздерге,

Сәлем бердік біздерге.

Сәттілік біздер тілейік,

Мен саған, сен маған.

Біз ақылды боламыз,

Бестік баға аламыз.

-Бүгін желтоқсанның нешесі? Сыныпта кім жоқ? Үй жұмысы не болды? Рақмет!

-Бүгінгі сабағымыз ерекше, сайыс ретінде өтеді.

Үй тапсырмасын тексеру.

(Мақал- мәтел жазады).- өздері бір-бірін тексеріп, бағалайды.


Ой шақыру.

–Балалар сызбаға қараймыз, Отан деген сөзді қалай басқаша айтуға болады? Дұрыс айтасыңдар. Мағынасы бірдей, бірақ жазылуы басқа сөздер қалай аталады? (Синонимдер)



1- сайыс.Сөйлесу.  «Өрмекші торы» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау.

Сұрақ – жауап:

  1. Сен қайда тұрасың?

  2. Қазақстанның жері қандай?

  3. Қазақстанның елбасы кім?

  4. Қазақстанның елордасы қай қала?

  5. Қазақстанның рәміздеріне нелер жатады?

  6. Қазақстан қандай мемлекет?

  7. Тәуелсіз деген сөз қандай мағына береді?

  8. Биыл Тәуелсіздікке неше жыл?

  9. Туған жер туралы қандай мақал –мәтел білесіңдер?

Рахмет, балалар, өте жақсы!

Тақтаға назар аудару.(бейнеролик).

Дұрыс ,балалар, бұл бейнеролик Астана символы –«Бәйтерек» туралы..

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Астана символы-«Бәйтерек»

Дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді жазамыз.

Жаңа сөздермен жұмыс.

ғимарат-здание

салынды-был построен

сәулетші- архитектор

аялы алақан- заботливые, ласковые руки

Сөздермен жұмыс. Сөз тіркестер , сөйлем құрастыру.

4- сайыс. Сөздерді буынға ажырату.

1топ-ғимарат

2топ- салынды

3топ – сәулетші

4-топ- алақан
Сергіту сәті. «Көңілді күн».
Мәтінді үн таспадан тыңдау. Ат қою.Аудару
5-сайыс. Мәтінді оқу, аудару, диалог құрастыру, мазмұндау.

6сайыс. Бекіту. Тест Балалар алған ақпаратты тест арқылы қорытындылау:

1. Қазақстанның бас қаласы қай қала?

А) Алматы В) Атырау С) Астана

2. Астананың символын ата.

А) Думан В) Ханшатыр С) Бәйтерек

3. Бәйтеректің биіктігі неше метр?

А) 99 метр В) 97 метр С) 100 метр

4. Бәйтеректің ішінде кімнің қолтаңбасы бар?

А) Мұғалімнің В) Елбасының С) Депутаттың

5. «Астана- Бәйтерек » қай жылы салынды

А) 2002 В) 2010 С) 2000

Бағалау.

Үй жұмысы. 60-беттегі 4-тапсырма, жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазып, жаттау.

Ой толғаныс.

–Бүгін, балалар не жайлы әңгімеледік?

Дұрыс Астана туралы айттық, Астана символы туралы.



Рефлексия.Мен сендерге алақандар суретін бердім, соган енді жақсы тілек жазып күннің көзіне ілеміз. Келе жатқан мерекеге қазақстан Тәуелсіздігіне Астана туралы біз ән уйрендік, айтайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет