Сыныбы 5-6 сыныптар Күні



Дата08.07.2017
өлшемі78,93 Kb.
#20945
түріСабақ

Сыныбы

5-6 сыныптар

Күні:

19 қараша, 2014 жыл

Сыныптан тыс шараның тақырыбы

«Рәміздерім - мақтанышым»


Мақсаты



Оқушыларға Мемлекеттік рәміздер туралы, яғни, Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран туралы толық түсінік беру

Күтілетін нәтижелер



А. Мемлекеттік рәміздер туралы біледі.

Б. Тарихы, авторы туралы түсініктері бар, берілген сұрақтарға толықтай жауап береді.

С. Постермен жұмыс барысында , еркін пікір айтады, қосымша мәліметтерімен бөліседі, бір – бірін дамыта оқытуды жүзеге асырады


Керекті жабдықтар



Интербелсенді тақта, Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран, слайд, постер, маркер және сабаққа қажетті т.б. материалдар

Сабақ кезіндегі тапсырма

Жоспары:

«Менің елім.........» /тренингі/

Мемлекеттік әнұран орындау

1. Рәміздер тарихы



  1. 2. Кім білімді? /сұрақ – жауап әдісі/

  2. 3. Саналы ойлар /оқушылар ойы, пікірлері,

  3. тақпақ- өлеңдер/

  4. 4. «Суретте» әдісі /постермен жұмыс/

  1. 6. Қорытынды Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындылау

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушылармен амандасу. Ортаға тренингке шақыру.

«Менің елім.........» /тренингі/

Мұғалім оқушыларды саналу реті бойынша топқа бөліп, топ жасақтауға команда береді.



 Оқушы әрекеті

Мұғаліммен амандасады.

Тренингке шығады

Өз пікірлерін қалдырады. Мыс: Менің елім – айбынды, тәуелсіз, байтақ т.б.

Топ жасақтайды



Кіріспе


Мемлекеттік әнұранды орындауды тапсырады.


Оқушылар оң қолдарын сол жақ кеуделеріне ұстап, Мемлекеттік Әнұранды нақышына келтіріп орындайды.

Тұсаукесер

Рәміздер тарихы

Туралы шолу жасайды.

Иә, балалар! Біздің еліміз – сан ғасырдан бері арман құшағында өмір сүріп келді, сол армандарына үлкен ерлікпен жетті. Оған жете тоқталсақ, Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, беріректе Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

Бірнеше жыл бойы Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Міне, содан бері - 23 жыл! Бейбітшілік пен жасампаздықтың – 23 жылы.

Көгілдір аспан түстес – туымыз бар, айбынды – елтаңбамыз және мағыналы - әнұранымыз бар


- Еліміздің туы мен елтаңбасы 1992 жылы 4-маусымда, ал әнұран 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған жарлық бойынша мемлекеттік рәміздер болып бекітілді.

ҚР мемлекеттік Туы туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті.

Тудың көгілдір түсі ашық аспанды еске түсіреді.Ашық аспан бейбітшіліктің,аманшылықтың, белгісі болған.

Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі-байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туындағы дала қыранының бейнесі –қазақстандықтардың еркіндігінің, тәуелсіздігінің, бостандығының, жомарттығы мен қырағылығының нышаны.

Өрнек-белгілі дәуірдің өзіне тән қолтаңбасы,ол халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші.

Ту 1992 жылы бекітілді. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.

Ол 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.



ҚР мемлекеттік Елтаңбасы туралы

Елтаңбаның негізгі арқауы болып тұрған-шаңырақ.

Шаңырақ-киіз үйдің күмбезі.Ол күн бейнесін, уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елесте-теді.Елтаңбадағы тұлпар бейнесі-дала Пырағы, оның ғажайып шапшаңдығы ер жігітті жеңіске, тәуелсіздік-ке,бостандыққа жетелейді.

Елтаңбаның маңдайшасына бебұрышты жұлдыз –таңмен бірге туатын Шолпан жұлды-зының белгісі. Халқымыздың

“Бағымыз ашылып, жұлдызы

мыз жарқырай берсін”деген асыл арманынан туған.

Елтаңбаның төменгі бөлі-гінде-ел аты “Қазақстан” деген жазу бар. Қазақстан Елтаңбасы 1992 жылы қабылданды. Авторы: Жандарбек Мәлібекұлы,

Шот-Аман Уәлиханов.

Жандарбек Мәлібекұлы 1924 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген.

Шот-Аман Уәлиханов 1932 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында дүниеге келген. Бұлар атақты сәулетшілер.


ҚР мемлекеттік Әнұраны

Әнұранның сөзің жазған Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқов.




Оқушылар тыңдайды, сұрақтар қояды, пікір алмасады, білгендерімен бөліседі.

5 сынып оқушысы Сағидоллиев Қайсар, 6 сынып оқушысы Әсетова Назеркенің өз жандарынан шығарған өлеңдері оқылады.


Негізгі бөлім


Кім білімді? /сұрақ – жауап әдісі/
Тұңғыш президентіміз-

Н.Ә.Назарбаев


1991 жылы 1 желтоқсанда-

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті сайланды.



1991 жылдың 16 желтоқсанында

Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекет болып жарияланды.



1992 жылы қазан айында

тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.



1992 жылы 4 маусымда

Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, елтаңбасы, әнұраны туралы заңдарға қол қойды.



1993 жылы 12 қарашада

төл теңгеміз дүниеге келді.


1994 жылы 30 маусымда

тәуелсіз Қазақстанның ғарышкері Талғат Мұсабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанды.


1995 жылдың 28 қаңтарында

тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы» қабылданды.


1996 жылы 30 тамызда

жаңа «Қазақстан Конституциясына» 1 жыл толды.


1997 жылы 10 қазан

Астана Ақмолаға көшірілді




  1. Саналы ойлар /оқушылар ойы, пікірлері,

  2. тақпақ- өлеңдер/


«Елтаңба»

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй,

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі,

Мұнда да бар ерлігім,

мұндада бар жер күші.
«Біздің ту»

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашан да,

Биікке іліп қояды.

Жанатындай өзі отта,

Жалын шарпып бетіңді.

Туымыз да қазақша

Сөйлеп тұрған секілді.

Туымызға жас тұнған,

Бір қарамай өтпейміз,

Сол көк тудың астында

Көгереміз көктейміз

«Суретте» әдісі /постермен жұмыс/

Оқушылармен шығармашылық жұмыс орындалады.

/постермен жұмыс/

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап берді

Оқушылар топ болып постерге сурет салды. Өлең шығарды, эссе жазды.

Ту, Елтаңба, Бейтерек, Пирамида, т.б. суреттерінтаныстырып, тарихына тоқталды




Қорытынды

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! –

дей отырып, жалынды жастарымыздың рухы өшпесін! Еліміздің көк байрағы желбіреп, еліміз, Елбасымыз аман болсын! Халқымыз тату - тәтті бірлікте болсын!

Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні хормен орындалады.




БҚО. Сырым ауданы. Шагырлой ауылы

ЖББ Абай орта мектебінің география пәнінің мұғалімі

Лаура Бейбітқызы Қарғабаева




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет