Лекция Кіріспе. Сумен жабдықтау және суды әкетудің негізгі мақсаттары


сурет. Сорғыш бекеттерінің жұмыс графигі



бет9/56
Дата12.10.2019
өлшемі4,02 Mb.
#49759
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56
Байланысты:
умк транспортирование каз

2.10 сурет. Сорғыш бекеттерінің жұмыс графигі
Бірінші су көтергіш бекеті тәулік бойы бірқалыпты жұмыс істесе, ал екінші сорғыш бекетінің жұмысы 2.10 суретте көрсетілгендей болса, онда таза су резервуарының реттеуші сыйымдылығы тәулік шығынының -індей болады.

Бұл есепті арынды мұнараның реттеуші сыйымдылығын анықтаған 2.4 кестесіне ұқсас жолмен де шешуге болады.



Таза су резервуарында, әдетте, үш сағатқа ( ең болмаған жағдайда екі сағатқа ) жететін өрт сөндіруге жұмсалатын су қоры сақталады. Өрт мезгілінде резервуардан сорғыштар шаруашылық – ауыз су шығынын және үш сағаттық өртке қарсы жұмсалатын су шығынын 3Q0 алады. Сол мезетте резервуарға бірінші су көтергіш станциясынан 3QI көлемде су келіп тұрады. Осыларды еске ала отырып резервуардың «өрт сыйымдылығын» анықтауға болады:

(2.8)

Сонымен таза су резервуарының жалпы сыйымдылығы



м3, (2.9)

Мұндағы Wрет– реттеуші сыйымдылық; W0 – өрт сыйымдылығы; Wо.н – су жүйесінің өз мұқтажына жұмсалатын су көлемі, бұл тәулік шығынының 5-100% тең.

Сумен жабдықтау жүйесінде қандай да бір себепермен су өткізетін құбырлар саны біреу-ақ болса, ол апатқа ұшыраған жағдайда мекенжайды сумен қамтамасыз ету мақсатымен өзінен апат уақытында тиісті көлемде су бере алатын сыйымдылықтар қарастырылуы шарт. Құрылыс қағидалары бойынша апатты қалпына келтіру уақыты су өткізгіш құбырдың диаметрі 400 мм-ге дейін болғанда 8-12 cағ-қа дейін қабылданады. Уақытты анықтағанда жердің тоңазу тереңдігіне байланысты алады.

Мұндай сыйымдылықтар көлемін мына формула бойынша анықтайды:



м3. (2.10)

Мұндағы шаруашылық-ауыз су шығынының 10% және өңдіріс мұқтажына қажетті судың апат мезетіндегі керекті сулар көлемі: Тап – апатты қалпына келтіру уақыты; Qөрт және Төрт - өрт шығыны және өрт сөндіру уақыты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет