Лекция Кіріспе. Сумен жабдықтау және суды әкетудің негізгі мақсаттары



бет11/56
Дата12.10.2019
өлшемі4,02 Mb.
#49759
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
Байланысты:
умк транспортирование каз


2.11 сурет. Құбыр торабының сұлбалары
Тұйықталған тор мекенжайға қажет шығынды өзінен өткізе алғанымен су торабына қойылатын сенімді жұмыс талабына жауап бере алмайды. Өйткені «А» нүктесінде апат болған жағдайда, сол нүктеден төмен жатқан бөлік істен шығып қалған кезде су төменгі тұтынушыларға онымен қатар жатған басқа торабтар арқылы жеткізіледі. Айналмалы тордың гидравликалық соққыларды азайтуға да жәрдемі бар. Бірақ айналмалы торда құбырлардың ұзындығы тұйықталған тордағы құбырларға қарағанда әжептәуір ұзын болады. Экономикалық жағынан тиімсіз болғанымен мекенжайды сумен жабдықтау мәселесін шешуде ең басты көңіл бөлінетін нәрсе су торының сенімді және үздіксіз жұмыс істеуі болғандықтан қалалы жерлерде айналмалы торлар қолданылуы тиіс.

Ал тұйықталған тор ауылдық жерлерде болмаса шағын өндіріс орындарында құрылуы мүмкін.

Каланың барлық тұрғын үйлеріне суды жеткізу үшін, әдетте, құбырларды әрбір көшелерді бойлай жүргізеді. Сондықтан да тор, жалпы алғанда көп айналымдардан тұрады. Бірақ сол құбырлардың маңыздылығы бірдей емес. Айналмалы тордың ішінен күрделі тармақтарын бөліп алуға болады (2.11 сурет, ол тұтас сызықпен көрсетілген). Ондай құбырлар судың құбырлар судың бағытына қарай алынады олардың – бір-бірінен ара қашықтығы: көлденең құбырларда 400...600 м, ал оларды қиып өтетін құбырлар аралығы 600...800 м болады. Осы тринципке сәйкес алынған тұтас сызықтардан құралған айналмалы торларды магистралды тор деп, ал қалғанын таратушы тор деп атаймыз.

Әдетте, магистрал торды гидравликалық есепке салады да, алтаратушы тор құбырларының диаметрлерін конструктивті негізде 100 мм-ден кем болмайтындай етіп қабылдайды.


1.2 Судың құбыр торабынан сарып етілу сұлбасы
Тұтынушылар суды өз мұқтажына қала су құбырының кейбір нүктелеріне қосылңан желілер арқылы алады.

Таратушы тордың бір учаскесінен өтетін судың мөлшерін анықтау кезінде оған әртүрлі көлемде (q1, q2, q3….qn) су алатын үйлер қосылатынын және олардың алатын су мөлшері тәулік тіпті сағат сайын өзгеріп отыратынын ескерген жөн. Судың алыну-алынбасы тұтынушылардың өз еркінде болғандықтан, ол үнемі құбылыс тұрады. Сондықтан, тіпті шағын мекенжай үшін де учаскелердегі шығынды есептеу өте қиын жұмыс.

Ал егер магистрал торының А-Б учаскесін (2.11 сурет) алып қарастыратын болсақ, онда ол үйлердің шығынынан (q1, q2, q3….qn типтес) басқа оған қосылған таратушы тордың құбырларына кетіп жатқан Q1, Q2, Q3,…Qn типтес су шығындарын да өзінен беріп тұрғанын көреміз. Демек, магистрал торының жеке учаскелерінде сарып етілетін су шығынын анықтау таратушы құбырлардікінен де күрделі болып шығады.

Сондықтан есептеу жұмыстарын жеңілдету мақсатында қала су құбырларын жобалаған кезде құбырларға берілетін су құбыр ұзындығы бойынша бірқалыпты шығындалады деп есептелінеді. Профессор Н.Н. Гениевтің ұсынысы бойынша әрбір учаскеден бөлініп шығатын су көлемі оның қзындығына пропорционал болады. Бқл жағдайда бір метрге қатысты алынатын «меншікті» шығын.



л/сек 1м, (2.11 )

бұдан әр учаскеге қатысты шығынды, былайша айтқанда «жол-жөнекей» шығынды анықтауға болады:



(2.12)

Мұндағы Q – есепті мерзімдегі тұтынушылар алатын толық су шығыны, л/с; ΣQжоғ – шоғырланған шығындар жиынтығы (өнеркәсіп және басқа қоғамдық, әлеуметтік үйлергекететін шығындар); ΣL – магистрал құбырларының жалпы ұзындығы, м. Бұған өзінен су сарыптамайтын (үлестірмейтін) құбырлардың ұзындығы, яғни құрылыссыз жерлерден, парктердегі алаңдардан және ұзын көпірлерден өтетін құбырлардың ұзындығы ΣL енбеген, м; lуч – учаскенің ұзындығы, м.



Қарастырылып отырған учаскеден оған қатысты жол-жөнекей шығыннан (Qжол) тыс төменгі құбырларға баратын «өтпелі» шығын (Qөт) өтеді. Осы екі шығыннығң учаскеден сұрыпталу диаграммасына (2.12 сурет) көз жүгіртетін болсақ, онда учаскенің бастапқы нүктесіне жол-жөнекей шығын (Qжол) жоғары мөлшерде келеді де одан ары әр метр сайын шығындала отырып, соңғы нүктесіне азайып жетеді. Ал өтпелі шығын (Qөт) осы айтылған учаскеден өзгермеген мөлшерде ағып өтеді. Демек, іздеп отырған шыған

(2.13)
Диаграмма бойынша учаскеде диаметрі әртүрлі құбырлар жүргізілген болу керек. Ал жалпы құрылыс қағидалары бойынша учаскеде диаметрлері бірдей құбырлар жүргізілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет