Лекция Кіріспе. Сумен жабдықтау және суды әкетудің негізгі мақсаттары



бет10/56
Дата12.10.2019
өлшемі4,02 Mb.
#49759
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56
Байланысты:
умк транспортирование каз


Лекция 5. Су құбыры торабтары
1 Су құбыры торабтарын және су өткізгіш құбырларын есептеу мен жобалаудың жалпы негіздері
1.1 Су құбыры торабтарына қойылатын талаптар және олардың сұлбалары
Су құбырлары сумен жабдықтау жүйесінің негізгі элементтерінің бірі. Олар өз жұмысында сорғыш станциялары мен реттеуші немесе сақтаушы сыйымдылықтармен тығыз байланысты болып суды мекенжайдың барлық нүктелеріне жеткізіп және үлестіріп беру қызметін атқарады.

Дұрыс жобаланған су құбыры торабтары тиісті көлемде өзімен су өткізе алатын, тұтынушыларды үзіліссіз, сенімді түрде сумен қамтамасыз ететін және басқа инженерлік құрылыстар тәрізді тиімді болуылары шарт. Бұл айтылып отырған талаптар су жүйесі құбырларының пішін үйлесімін (конфигурация), сонымен қатар құбырлардың диаметрі мен материалын дұрыс анықтағанда ғана орындалады.

Су жүйесі торабтарының орналасу пішіні сумен қамтамасыз етілетін мекенжайдың сипатына, тұргын кварталдарының формалары мен көлеміне, жер бедеріне, табиғи немесе жасанды тосқауылдарға (өзен, арық, орлар) және т.б. жергілікті жағдайларға байланысты болады. Әрине, су жүйесін жобалаған кезде сонша көп факторлардың барлығын есепке алу қиынырақ, дегенмен төмендегі ережелерді қатал сақтай отырып, жобалау жұмыстарын жеңілдетугеболады:

1. Суды тұтынушыларға таратуды өте қысқа жолмен жүргізген жөн;

2. Магистралды құбырларды биік жерлерден өткізген жөн;

3. Металды құбырларды коррозияға ұшыратпау мақсатында трамвай рельстерімен қатар жатқызбаған жөн;

4. Құрылыс құны арзандау болу үшін құбырларды жер құрылымы жақсы жерлер (батпақсыз, тассыз тағы сол сияқты) арқылы жүргізгенжөн;

5. Қиюшы құбырлар суды қысқа жолмен жеткізу және арын жоғалуын азайту мақсатында жүргізілуі тиіс.

Тұтынушыларды толық сумен қамтамасыз ету мақсатында құбырларды қаланың (мекенжайдың) барлық көшелері арқылы жүргізеді.

Су таратуды екі түрлі тармақталған немесе айналмалы құбыр торлары арқылы жүзеге асыруға болады (2.11 сурет). Суретте тұтас сызықпен магистралды тор бейнеленген.



а – тармақталған (тұйықталған) тор; б – айналмалы тор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет