Лекция конспектісі 6В01502 Химия білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2022 «Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы»


Аминшайырлар және оның негізіндегі материалдар



бет27/28
Дата25.09.2022
өлшемі322,59 Kb.
#150638
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
ЖМҚХ лек консп
ЖМК хим СӨЖ, ктп 10-11 жаңа, ТАРСИЯ
3.Аминшайырлар және оның негізіндегі материалдар
Аминшайырлар – карбамидтің формальдегидпен, метиламинді формальдегидпен, анилинді формальдегидпен бірге поликонденсациясы арқылы алынатын байланыстырушы шайырлар.
Карбамидоформальдегидті немесе мочевиноформальдегид шайырларды моно- және диметилолмочевинаның сулы ерітінідісін формальдегидпен бірге қыздыру арқылы алады. Оларадан бұйымдарды құю арқылы жасайды.
Меламиноформальдегид шайырлары желімдеуші және лак ретінде қолданады. Анилиноформальдегидті қышқыл ортада өндіреді, суда, майда, сілтіде өте тұрақты, жақсы диэлектрик, ыстыққа шыдамсыз. Аминопласттарды шайырларды түрлі толтырушылармен бірге алады (қағаз қабатты талшықтар, шынытекстолиттер, газбен толтырылған пластиктер т.б.).
Эпоксид шайырлары (ЭШ) – мономерлі, олигомерлі немесе полимерлі еритін қосылыстар, оларды сілтілі ортада эпихлоргидрин немесе дихлоргидрин глицеринді фенолмен, аминдермен, гликолдермен, қышқылдармен конденсациясы және қанықпаған қосылыстардың органикалық пероксиқышқылдармен немесе сутектің асқын тотығымен тікелей эпоксидтер алынады. Эпоксидтен лак, эмаль, желімдеуші, өте мықты пластик алуда байланыстырушылар абразивті және фрициондық материалдарды, полимербетондар, герметиктер, пенопласттар алады.
4.Кремнийорганикалық полимерлер, олардың негізіндегі материалдар
Полиорганосилоксандар - Si – O – Si түріндегі термореактивті шайырлар. Пресс-ұнтақтар шайырмен слюда, кварц, фторпласт араластырылған жақсы ағымды, құю және компрессорлы престеу арқылы электр және радиотехникалық бұйымдар өндіреді. Ылғалды ортада диэлектрик қасиетін сақтайды, 250 – 3000С температурада 1000 сағат бойынша бөлшектер қасиетін жоғалтпайды.
Волокниттер КШ мен асбест, шыны, кремнезем, кварц талшықтары (50-59%) қатайтатын катализаторлар үшэтаноламин араласқан пластиктер металлокерамика. Волокниттен жасалған бөлшектер, бұйымдар минус 600С –тан 4000С дейін, ыстыққа 250-3000С шыдамды, майыстыруға мықтылығы 40-60 Мпа.
Шынытекстолиттерді электроизоляциялық жабдықтар мен жылусақтағыш қондырғылар жасауда пайдаланылады.
Алкидті шайырлар гетеротізбекті күрделі полиэфирлер, оларды көпнегізді спирттердің көпнегіздерді қышқылдармен және бірнегізді жоғарымайлы қышқылдармен әрекеттестіру арқылы алады. Мысалы, глицерин, пентаэритрит және үшметилолпропан (этриол) спирттердің фталь ангидрид және изофталь қышқылымен әрекеттесуі.
Глифталь шайырларын глицерин, фталь ангидридін және жоғарымайлы қышқылдың переэтерификация арқылы алады.
Пентафталь шайырларын пентаэритрита [С(СН2ОН)4] негізінде алады. Суда, ауада төзімді, қаттылығы жоғары. Эрифталь шайырларын үшметилолпропан негізінде алады. Алкидті шайырларды пленка түзуші (эмаль, лактар), грунтовка және шпаклевка түрінде қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет