Лекция №1
ЖМҚ өндірісінің даму кезеңдері. Жоғары молекулалық косылыстарға негізгі түсініктер.
Жоспар
1. ЖМҚ өндірісінің даму кезеңдері.
2. Полимерлер өнеркәсібінің құрылуына салалық институттардың рөлі.
3. Жоғары молекулалық косылысарға негізгі түсініктер.
4. Жоғары молекулалық косылысардың қолдану аймақтары.
Полимерлік материалдардың тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады және екі кезеңде дамуы мүмкін.
Бірінші кезең (1839 – 1900жж.) табиғи каучук, целлюлоза, ақуыздық заттар қолданылуымен сипатталады. Бұл уақытқа каучуктің ыстық (Ч. Гудьир, 1839ж.) және суық (А. Паркер, 1846ж.) вулканизациясы, эбониттің (Т. Хэнкок, 1852ж.) және целлулоидтің (Д. Хьят, 1872ж.) алынуы, пироксилинді (1884ж.) және баллиститті (1888ж.) жарылғыш заттардың технологиясын жасау, модификацияланған казеинді – галалитті (1897ж.) жасау сияқты маңызыды техникалық жетістіктер жатады.
1884 жылы целлюлоза негізіндегі жасанды талшықтар: нитрожібекті (Г. Шардене, 1884ж.), вискозды (Ч. Кросс и К. Бидл, 1892ж.), мысаммиакты (Э. Швейдер, 1899ж.) талшықтардың өндірісі басталады. Химиялық ғылым мен технологияның бұл жетістіктерін Д.И. Менделеев артықшылықтары бойынша бағалады, ол «бізде істің тез пайда болып қана қоймай, кең дамуы керек, өйткені біздің ел өзінің қолданысын таппаған барлық өсімді өнімдерге бай» белгілеп айтқан (1). Бұл кезеңге синтетикалық каучукті алу аймағында да бірінші зерттеулер жатады: изобутилендердің синтезі және полимеризациясы бойынша А.М.Бутлеровтің (1867ж.), қанықпаған көмірсутектердің полимерлену механизмін зерттеу бойынша А.Е.Фаворскийдің (1891ж.), 2,3 – диметилбутадиеннің полимерін алу бойынша А.А.Солониннің (1897ж.), И.Л.Кондаковтың (1899ж.), метилкаучуктің синтезі бойынша Ф.Матьюстің, Е.Стренжнің, В.Перкиннің (Англия), Ф.Гофманның, К.Гарриестің (Германия) жұмыстары (1909ж.).
Полимерлердің химиясы мен технологиясының дамуында екінші кезең 1902 жылдан басталады. Бұл кезеңде табиғи полимерлерді қолданумен қатар, синтетикалық полимерлердің химиясы қарқынды дамыды, табиғи полимерлердің химиялық айналу реакцияларынан олардың мономерлерден синтездеу реакцияларына өту жүзеге асты. Берілген қасиеттерімен полимерлерді алуға, яғни полимерлік материалдардың жаңа түрлерін жоспарлауға шешімді қадам жасалуда. Полимерлер тарихында екінші кезең мономерлер синтезі және олардың полимерлену және поликонденсациялану процестерін зерттеу бойынша теориялық және қолданбалы органикалық химияның ірі жетістіктеріне сүйенеді. Оларға бірінші кезекте бутадиеннің полимерленуі бойынша А.В.Лебедевтің (1908 – 1912жж.), каучуктің синтезі бойынша И.И.Остромысленскийдің (1911 – 1917жж.), каучук және резинаның химиясы мен технологиясы бойынша Б.В.Бызовтың (1913 – 1915гг.), фенолоформальдегидті полимерлер синтезі бойынша Л.Бэкелендтің және Г.С.Петровтың (1906г.) және басқа жұмыстар жатады.
1975—1980 жж. 200 мың т/жыл қуаттылығымен Шевченко қаласына (қазіргі Ақтау) полиэтилен зауыты, 200 мың т қуаттылығымен жоғарытығыздықтағы полиэтилен Прикумск зауыты қолдануға енгізіледі, Северодонецкіде 240 мың т/жыл қуаттылығымен төмен тығыздықтағы полиэтилен, Гурьевскіде (қазіргі Атырау) және Томскідегі зауыттарда 30 және 100 мың т қуаттылығымен полипропилен, Днепродзержинскіде 150 мың т/жыл қуаттылығымен соққыға берік полистирол, Зиминскіде 250 мың т/жыл қуаттылығымен поливинилхлорид өндірістері ұйымдастырылады.
Қазақстанның мұнайхимиялық кәсіпорындары: Ақтаулық пластикалық массалар зауыты, Атыраулық полипропилен зауыты, Шымкенттік шина өндірісі бойынша зауыт, Қарағандылық резина техникалық бұйымдарды шығару бойынша кәсіпорындар құрылып, бұрынғы Кеңестік кешеннің бірыңғай кәсіпорындары сияқты дамыды. Мұндай құрылымда қазақстандық кәсіпорын мұнайхимиялық кәсіпорынның жалпы өндірістік-технологиялық кешенінде аралық бөлік болды, яғни шикізатты стирол, пропилен, синтетикалық каучук түрінде Ресейден (Сібірден, Башкириядан, Татарстаннан) ала отырып, олардың қосымша өңделуін қондырғыларда жүзеге асырылды және Кеңес нарығына арналған мұнайхимиялық өнімдер алынды. Қазақстан үшін бұл кәсіпорындардың негізгі өндірістерін шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ дайын өнімнің нарығы бойынша мәселесі тұрды. 2006 жылы Ақтаулық пластикалық массалар зауыты қайта іске қосылды (қазіргі –полистирол өндірісі бойынша зауыт ЖШС «Sat Operating Aktau»).
Полимерлер өнеркәсібінің құрылуына салалық институттар қатарын ұйымдастыру және химиялық ЖОО-ның сәйкес кафедраларының ашылуы маңызды роль ойнады: Ленинградтық және Мәскеулік пластмассаларды ҒЗИ, Владимирскілік синтетикалық шайырларды ҒЗИ, Ярославскілік СК арналған мономерлер синтезінің ҒЗИ, Жалпыкеңестік СК ҒЗИ, НПО «Пластик», Ленсовет атындағы ЛХТИ және Менделеев атындағы МХТИ пластмассалар кафедрасы, ЛХТИ, МВТУ жасанды талшықтар кафедрасы, Ивановскілік және Красноярскілік ХТИ, М.В.Ломоносов атындағы МИТХТ, ЛХТИ синтетикалық каучук кафедрасы, Ивановскілік ХТИ, Киров атындағы КазГУ. АН КазССР химия ғылымдарының институты. К.Сатпаев атындағы КазПИ. КазХТИ және басқалар.
Жоғары молекулалық косылыстар деп ұзын тізбекте химиялық байланыстармен байланысқан молекулалары атомдық топтардың үлкен санынан тұратын қосылыстарды айтады (грек сөзінен "поли" – көп, "мерос" – бөлік). Олардың молекулаларының массасы бірнеше ондаған мыңға және тіпті миллиондарға жетеді.
Жоғары молекулалық косылыстардың маңызы зор:
Біріншіден, полимерлік заттар Жердегі тіршіліктің негізі болып табылады. Органикалық табиғи полимерлер – биополимерлер – барлық жануарлы және өсімді ағзалардың тірщілік әрекеттерінің процестерін қамтамасыз етеді.
Екіншіден, полимерлерге ғана тән ерекше қасиеттерінің арқасында (синтетикалық, жасанды және кейбір табиғи) полимерлерді әр түрлі материалдарды жасауда кең қолданылады:
Достарыңызбен бөлісу: |