Лекция конспектісі 6В01502 Химия білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2022 «Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы»


Диенды мономерлермен түзілген макромолекулалардың кеңістіктік құрылымы



бет7/28
Дата25.09.2022
өлшемі322,59 Kb.
#150638
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
ЖМҚХ лек консп
ЖМК хим СӨЖ, ктп 10-11 жаңа, ТАРСИЯ
Диенды мономерлермен түзілген макромолекулалардың кеңістіктік құрылымы. Мұндай макромолекулалардың құрылымдық буынында қосарланған байланыс бар (мысалы, 1,4-полибутадиенде немесе 1,4-полиизопренде). Бұл жағдайда цис- және транс- изомерлі құрылымдар болуы мүмкін:

Осы типті стереоретті полимер мысалы табиғи каучук (1,4-цис-полиизопрен) болып табылады:



Полимерлердің ерекше қасиеттері
Полимер төмен молекулалық қосылыстардан және молекулалық емес құрылымды заттардан немен ерекшелінеді? Анағұрлым ерекшелік механикалық қасиеттерде, еріткіштердегі әрекетінде және кейбір химиялық қасиеттерінде көрінеді. Ерекше механикалық қасиеттер:

  • созылымдылық – қатысты үлкен емес жүктеу кезіндегі жоғары қайтымды деформацияларға қабілеті (каучуктер);

  • шыны тәріздес және кристалды полимерлердің аз морттылығы (пластмассалар, органикалық шыны);

  • бағытталған механикалық алаң әрекетінен макромолекулалардың орналасуға қабілеті (талшықтар мен қабыршақтарды жасағанда қолданылады).

Полимерлер ерітінділерінің ерекшеліетері:

  • полимердің аз концентрацияларында ерітіндінің жоғары тұтқырлығы;

  • полимердің еруі ісіну сатысы арқылы өтеді.

Ерекше химиялық қасиеттер:

  • реагенттің аз мөлшерінің әсерінен өзінің физика-механикалық қасиеттерін бірден өзгертуге қабілеті (каучукті вулканизациялау, терілерді дублдеу т.с.с.). Полимерлердің ерекше қасиеттері оның үлкен молекулалық массасымен ғана емес, сондай-ақ макромолекулардың тізбекті құрылымға ие болуымен түсіндіріледі және тірі емес табиғатқа әмбебап қасиетке – иілгіштікке ие.

Бақылау сұрақтары
1 . Макромолекулалардың сызықтық құрылымына мысал келтір
2. Макромолекулалардың тармақталған құрылымына мысал келтір
құрылымына мысал келтір.
3.Макромолекулалардың кеңістік құрылымына мысал келтір.
4. Полимерлер ерітінділерінің ерекшеліетері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет