Мономерді қоздыру әдістері. Мономерді қоздыру процесі, яғни оның біріншілік радикалға айналуы энергия шығынын талап етеді. Бұл процесс жылу, жарық, иондаушы сәулелену(α−, β− және γ− лсәулелер) әсерінен өтеді, сондай-ақ жүйеге бос радикалдарға жеңіл ыдырайтын заттарды (инициаторларды) енгізу кезінде жүреді. Химиялық инициаторлардың әсерінен бос радикалдардың түзілу әдісіне тәуелді термиялық, фотохимиялық, радиациялық полимерлену бөлінеді.
Термиялық полимерлену − бұл жылу әсерінен мономер молекуласының қозуы жүретін полимерлену. Полимерленудің бұл түрі үлкен маңызға ие, өйткені іс жүзінде процесс қыздыру кезінде жиі жүргізіледі. Бірақ таза поимерленуде катализдеуші және инициирлеуші заттар әрекетінен өтеді.
Фотохимичялық полимерлену − бұл жарық энергиясын сіңіру есебінен молекулалардың қозуы өтетін полимерлену. Квантты жарықты тікелей сіңіру нәтижесінде фотохимиялық полимерлену басқа әдістермен инициирленетін полимерлену жүрмейтін температураларда өтеді.
Радиациялық полимерлену − бұл иондаушы сәулеленудің әсерінен макромолекулалар қозатын (бос радикалдар түзілетін) полимерлену.
Содан кейін процесс радикалды механизм бойынша өтеді.
Химиялық инициаторлардың әсерінен полимерлену − полимерленудің ең кең тараған әдістерінің бірі, бос радикалдар түзілуімен қыздырғанда ыдырайтын мономер молекулаларының қозуынан тұрады. Ондай заттарға бейорганикалық және органикалық асқын тотықтар (сутектің асқан тотығы, бензоилдің асқынтотығы), гидроасқын тотықтар, диазоқосылыстар және басқалар жатады. Кең қолданылатын инициатор –бензоил асқын тотығы – қыздырғанда екі бос радикалға жеңіл ыдырайды:
Бензоил пероксидімен иницирлендіру схемасын былай кескіндеуге болады: а) біріншілік радикал түзе отырып пероксидтің термиялық ыдырауы:
Иницирлендіру сатысында инициатордың термиялық ыдырауындағы активтену энергиясы 65-126 кДж/моль аралығында болады. Бұл шаманы тотықтыру-тотықсыздандыру жүйесін қолдану арқылы 50-84 кДж/моль дейін төмендетуге болады. Тотықсыздандырғыш ретінде төмен валентті металл тұздарын қолданады. Тотықтыру-тотықсыздандыру жүйесін қолдану полимерлену температурасын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Мысалы: бензоил пероксидінің ыдырауы ІІ валентті темір тұздарының қолдануымен -700С температурада жүреді.
2(С6Н5СОО)2+ Fе2+ ® С6Н5СОО·+ С6Н5СОО- + Fе3+ Каучукті эмульсиялық полимерленумен алғанда тотығу-тотықсыздану жүйесін кең қолданады.