Полимерлену реакциясының механизмі. Радикалды полимерлену.
Полимерлену реакциясын схема түрінде мономер молекуласының макромолекулаға қарапайым қосылуы ретінде жиі бейнелейді.
Мысалы, этиленнің полимерленуі келесідегідей жазылады:
n CH2=CH2 (–CH2–CH2–)n
немесе СH2=CH2 + CH2=CH2 + CH2=CH2 + ...
-CH2–CH2- + -CH2–CH2- + -CH2–CH2- + ... (–СН2–СH2–)n
Бірақ мономердегі қысқа байланыстар ашылмайды және
-СH2–CH2-
түріндегі бөлшек негізінен болмайды.
Полимерленудің тізбекті реакциясы басталуы үшін мономердің елеусіз бөлігін активті «ету» қажет, яғни оларды бос радикалдарға немесе иондарға айналдырады. Бірінші жағдайда полимерлену радикалды механизм бойынша жүреді (радикалды полимерлену), ал екіншісінде – ионды бойынша (катиондық полимерлену немесе аниондық полимерлену).
Тізбекті полимерлену процесі негізгі сатылардан тұрады:
Мономер молекуларарының қозуы, немесе инициирленуі:
М → М*
Тізбектің өсуі:
М* + М → М1 *
М1 * + М→ М2
М2 *+ М→ М3 *
• • • • • • • • • •
М*n-1 → Мn* (Полимердің қозған өсуші молекуласы)
Тізбектің үзілуі:
М*n-1 → Mn (полимердің қозбаған молекуласы)
Тізбекті полимерлену реакциясында активті орталық радикалды полимерленуді немесе иондық полимерленуді бөлуге байланысты бос радикал немесе ион болады.
Радикалды полимерленуде физикалық немесе химиялық әрекеттен бос радикал түзіледі:
М→R•
Бұл біріншілік бос радикал мономердің қозбаған молекуласының қос байланысымен әрекеттеседі, оған қосыла отырып, бастапқы мономерлермен ары қарай әрекеттесуге қабілетті жаңа радикал түзеді (тізбектің өсу реакциясы):
R• +M → R − M•
R− M• + M→R−M− M•
• • • • • • • • • • • • • • • •
R− M −M• + nM→R−Mn+1M•
Алынған макрорадикал активті емес полимер молекуласына келесі жолдармен айналады (тізбектің үзілуі):
біріншілік радикалдардың рекомбинациясы
R• + R→ R− R•
макрорадикалдардың рекомбинациясы
Rn-1− M• + Rm-1 − M• → Pn+m
біріншілік радикалымен макрорадикалдың рекомбинациясы
Rn-1− M• + Rm• → Pn+m
диспропорциялау реакциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |