Тармақталған құрылым (жоғары қысымдағы полиэтилен және басқалар):
Кеңістіктік (үш өлшемді немесе торлы) құрылым (мысалы, вулканизацияланған каучук):
Макромолекулалардың геометриялық құрылымы полимерлердің қасиеттеріне едәуір дәрежеде әсер етеді:
сызықтық және тармақталған полимерлер термопластикалық, ериді;
сызықтық полимерлер анағұрлым тығыздыққа ие, олардың макромолекулалары бағытталған механикалық алаңның осі бойымен жайғасуға қабілетті (бұл, мысалы, талшықтар мен қабыршақтарды қалыптауда қолданылады);
торлы (кеңістіктік) полимерлер балқымайды, ерімейді, тек еріткіштерде ісінеді, мұндай полимерлер үшін молекулалық массасын анықтау маңыздылығын жоғалтады (жеке макромолекулалар жоқ, барлық тізбектер бір торға тігілген). Торланған құрылымды термореактивті полимерлерден алуға болады.
Негізгі тізбектің химиялық құрылысы бойынша полимерлер гомотізбектіге және гетеротізбектіге сыныпталады.
Гомотізбекті полимерлер. Бұл полимерлердің негізгі тізбектері бірдей атомдардан құралады. Олардың ішінде негізгі тізбектері тек көміртек атомдарынан тұратын карботізбекті полимерлер негізгі орынға ие.
~ CH2-CH2-CH2-CH2-CH2-CH2~
Полиэтилен (полиэтен)
~CH2-CH-CH2-CH-CH2-CH~
| | |
CH3 CH3 CH3
Полипропилен (полипропен)
~CH2-CH-CH2-CH-CH2-CH~
| | |
CI CI CI
Поливинилхлорид
~CH2-CH-[CH2-CH-CH-CH- CH2 -CH] - CH2-CH~
| | | | ⁿ |
CI CI CI CI CI ³ CI
Хлорланған поливинилхлорид(хлорин, перхлорвинил)
~CH2-CH-CH2-CH-CH2-CH~
| | |
CN CN CN
Поликакрилонитрил (поливинилцианид)
Достарыңызбен бөлісу: |