Лекция конспектісі 6В01502 Химия білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2022 «Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы»



бет12/28
Дата25.09.2022
өлшемі322,59 Kb.
#150638
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Байланысты:
ЖМҚХ лек консп
ЖМК хим СӨЖ, ктп 10-11 жаңа, ТАРСИЯ
Кинетикалық тізбектің берілуі. Кинетикалық тізбекті беру жолымен макрорадикалдың өсуінің тоқтауы – макрорадикалмен соқтығысқан атомның немесе атомдар тобының молекуладан гомолитикалық үзілуі және одан соң бір мезгілде макрорадикалдың қаныққан макромолекулаға айналып (тізбектің үзілуі) жаңа радикал түзуінен (тізбектің берілуі) тұрады
Реакция конверсиясы (айналуы) дәрежесінің өсуі тізбектің макромолекула арқылы берілуінің ықтималдылығын арттырады. Бір макромолекуланың өзі жанама тармақталған бүйір тізбектерді түзе отырып, бірнеше рет тізбектің берілу реакциясында қатынасуы мүмкін.
Ингибиторлар мен баяулатқыштар. Тасымалдау және сақтау кезінде мономерлердің өздігінен полимерленуін тоқтату үшін, яғни болдырмау үшін, бос радикалдармен тізбектің берілу реакциясына оңай кірісетін ингибитор-заттар қосылады:


Кейбір ингибиторлар бастапқы түзілген бос радикалдармен тізбектің берілу реакциясына кірісіп полимерленуді тоқтатып тастайды. Кейбір жағдайларда полимерленуді баяулату үшін тізбектің берілу реакциясына бірқатар радикалдармен реакцияға түсетін баяулатқыштар қолданылады. Қалған бос радикалдар ары қарай өз мақсатын орындай береді, тізбектің өсуін бастайды. Ингибиторлармен баяулатқыштар қатысқанда полимерлену жылдамдығы төмендейді, оның ММТ өзгереді. Ингибиторларға хинон, гидрохинон т.б. қосылыстар жатады.


Радикалды полимерленудің кинетикасы. Тізбекті радикңалды полимерленудің жалпы жылдамдығы оның үш сатысының жылдамдықтарының қосындысы болып табылады:
υж = υин + υөс + υүз
мұндағы υж – полимерленудің жалпы жылдамдығы
υин ,υөсүз – сәйкесінше тізбектің инициирлеуінің, өсуінің және үзілуінің жылдамдықтары
Полимерленудің орташа дәрежесі:
.
Сонымен радикалды полимерленудің орташа дәрежесі инициатор концентрациясының квадрат түбіріне кері пропорционал болып өзгереді.

Екі немесе одан да көп мономерлердің қоспасының полимерленуі кезінде гомополимерлердің қоспасы емес, әрбір полимерлік тізбек бойында мономерлік бірліктердің барлық түрлері орналасқан жаңа өнім өте жиі түзіледі. Мұндай өнім сополимер, ал ол түзілетін реакция сополимерлену деп аталады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет