Лекция конспектісі 6В01502 Химия білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2022 «Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы»


Лекция 8-9. Сатылы полимерлену. Полимерленуді жүргізу тәсілдері



бет13/28
Дата25.09.2022
өлшемі322,59 Kb.
#150638
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
ЖМҚХ лек консп
ЖМК хим СӨЖ, ктп 10-11 жаңа, ТАРСИЯ
Лекция 8-9. Сатылы полимерлену. Полимерленуді жүргізу тәсілдері
Жоспар
1.Сатылы полимерлену дің ерекшеліктері.
2.Полимерленуді жүргізу тәсілдері
Сатылы полимерлену деп өсуші макромолекуланың соңына атомның немесе атомдар тобының миграциясымен мономер молекулаларының бір-бірімен біртіндеп қосылу жолымен полимерлерді түзу процесін айтады. Ол келесі ерекшеліктерімен сипатталады:
1) түзілген аралық өнімдер тұрақты және реакция сферасынан шығарылуы мүкін:
2) аралық қосылыстың және бастапқы мономердің реакциялық қабілеті бірдей;
3) полимерлік тізбектің өсуінің әрбір сатысы жоғары активтеу энергиясымен өтеді ;
4) сатылы полимерлену — қайтымды процесс.
Төменде сатылы полимерлену мен сополимерленуге мысал келтірілген.
Күкірт қышқылының қатысында стиролдың полимерленуі:

Су іздерінің қатысында формальдегидтің полимерленуі:




СН2О + Н2О НОСН2ОН
НОСН2ОН + СН2О НОСН2ОСН2ОН т.с.с.
Полимерлену шарттары негізгі заңдылықтарды өзгертпесе де реакцияның жылдамдығына және полимердің молекулалық массасына әсер етеді.
1.Температура – оның әсері полимерленудің барлық сатысында байқалады. Температураның көтерілуінен тізбектің өсуінің жалпы және үзілу жылдамдығы артады. Иницирлендіру сатысында температураның жоғарлауы активті орталықтардың түзілу жылдамдығын едәуір арттырады, себебі бұл сатыда активтену энергиясы ең көп жұмсалады. Теңдеуде көрініп тұрғандай: активті орталықтардың концентрациясы қанша жоғары болса, реакцияның жалпы жылдамдығы сонша жоғары:
υөс = Kөс[М] [М], сонымен қатар үзілу жылдамдығыда да үлкен
υүз=Kүз]2 бұнда радикалдардың концентрациясы үзілу жылдамдығының теңдігіне екінші дәрежеде кіреді, сондықтан үзілу жылдамдығы жоғары. Сондықтан полимердің молекулалық массасы төмендейді.
2.Инициатор концентрациясы. Оның әсері бос радикалдар шамасының өзгеруімен байланысты. Инициатор концентрациясы өскен сайын, активті орталық саны да өседі, полимерлену жылдамдығы өседі. Молекулалық масса бұл кезде төмендейді.
3.Мономер концентрациясы – полимерлену жылдамдығының және полимер молекулалық массасының өсуіне әсер етеді.
4.Қысым – бірнеше атмосфералық қысым полимерлену процесіне әсер етпейді. Жоғары қысым (3000-5000 атм. одан да жоғары) процесті жылдамдатады, жылдамдықтың өсуі полимердің молекулалық массасын төмендетпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет