Поликонденсацияға тән белгілер 1. Поликонденсация негізінде орынбасу реакциясы жатыр.
Мысалы, екі негізді қышқыл мен екі атомды спирттің поликонденсациясы кезінде -ОН тобы қышқылда -О-R-OH спирттің қалдығына орын басады:
НOOC-R-CO-OH + H-O-R-OH HOOC-R-CO-O-R-OH + H2O
Түзілген димер бірмезгілде қышқыл (-COOH) және спирт (-OH) болып табылады. Сондықтан ол мономермен де, дәл солай басқа да димермен, тримермен және n-мермен жаңа реакцияға түсе алады.
2. Поликонденсация – сатылы процесс, өйткені өзара және бір-бірімен мономерлердің, димерлердің, тримерлердің және n-мерлердің кезектесіп әрекеттесуінің реакция қатарларының нәтижесінде макромолекулалардың түзілуі жүреді.
3. Бастапқы мономерлердің және полимердің элементтік құрамы төмен молекулалық өнім түрінде (берілген мысалда – H2O) бөлінетін атомдар тобына ерекшелінеді.
Поликонденсация реакциясының ерекшелігі: 1. Полимер бөлігінің элементтік құрамы бастапқы мономер құрамынан ерекшелінеді. Полимердің орташа молекулалық массасы конверсия дәрежесіне тәуелді.
2. Тізбектің өсуі мономер молекулаларында ғана емес, сондай-ақ реакцияның аралық өнімдерінде болатын функционалдық топтардың есебінен өтеді.
3. Реакция нәтижесінде әр түрлі ұзындықтағы полимерлік тізбектер түзіледі, яғни өнім полидисперсті.
4. Реакция қайтымды болып табылады және жиі аралық төмен молекулалық өнімдер бөлінуімен жүреді.
6. Поликонденсация – сатылы процесс.
7. Поликонденсация реакция процесінде алынатын аралық өнімдер тұрақты және процестің кез-келген сатысында кез келген түрде бөлініп алынады.
Бірегей молекулалар қатысатын поликонденсация процесі гомополиконденсация деп аталады. Жалпы түрде бұл реакция келесі схемамен бейнеленеді:
Бастапқы заттардың құрылымына және реакцияның жүру тәсіліне тәуелді поликонденсациялық процестің екі нұсқасы мүмкін: тепе-тең және тепе-тең емес поликонденсация.