Фторопласттар –галогенқұрамды полимерлер тобы: политетрафторэтилен, политрифторэтилен, поливинилиденфторид және поливинилфторид.
Политетрафторэтилен (ПТФЭ) – фторлон -4, фторпласт -3: -СҒ2 – СҒ2 – ПТФЭ-ді пероксидтер инициаторларының қатысуындағы радикалды полимеризация арқылы өндіреді. Молекулалық массасы М = 20 ÷ 30 мың, ұнтақ және сулы суспензия түрінде болады, кристалдану дәрежесі -95%, балқу температурасы 310-3150С, тығыздығы 2100 – 2300 кг/м3, деструкция t > 4150С кезінде фтор қосылыстары бөлінеді. ПТФЭ химиялық шыдамды, ерімейді (Ф-4Д, Д-4М т.б. маркалары).
Политрифторхлорэтилен (ПТФХЭ) – фторлон-3, фторпласт-3): -СҒ2-СҒСІ- ПТФХЭ-ді пероксид инициаторларының қатысуында радикалды полимеризация арқылы өндіреді. (марка Ф-3). М = 50 – 20000, ρ = 2080 – 2160 кг/м3, tш = 50– 550C, 300-3150С ыдырайды – хлор бөлінеді. ПТФХЭ – сілті балқымасында, олеумде, хлорфторда төзімді емес.
Полиформальдегид (полиметиленоксид) ПФ – жай полиэфир: -СН2 –О- ПФ-ті судың аз мөлшерінде және катиондық катализатор қатысуында формальдегидтің полимеризациясы арқылы өндіреді. ПФ – термостабильді емес, 1000С ыдырайды. Термостабилді өнім алу үшін диоксиланмен (5% дейін) сополимеризациялағанда (Тдеструк > 2500С) СДФ, СТД өнімдер алады. СДФ – кристалдану дәрежесі 90%, тығыздығы 1410 -1420 кг/м3, балқу температурасы 165-1700С. ПФ, СДФ, СТД –бензинде, ма йда тұрақты.
Пентапласт (ПТП) – жай полиэфир, 3,3-би(хлорметил)оксициклобутан полимері:
ПТП – тың А және Б маркаларындағы хлор 45,5%, балқу температурасы 1800С, шынылануы -00С, кристалдану дәрежесі 22-30%, тығыздығы 1320-1410 кг/м3. ПТП – қышқылда, сілтіге, органикалық ерітінділерде шыдамды, конструкциялық термопласт, жоғары мықты, соғу күштеріне шыдамды, антифрикциялық, үгітілмейтін материал, жақсы диэлектрик, отқа шыдамды, улы емес.
Достарыңызбен бөлісу: |