Лекция конспектісі 6В01502 Химия білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2022 «Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы»



бет25/28
Дата25.09.2022
өлшемі322,59 Kb.
#150638
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
ЖМҚХ лек консп

Полифениленоксид (ПФО) – жай полиэфир:

ПФО –тің “фрилокс” маркасы ұнтақ немесе гранул түрінде өндіріледі. М = 25÷700 мың, ρ = 1060 кг/м3, tш = 2250С, tбалқу = 2670С. ПФО адгезиялық материал, ыстыққа шыдамды, эластикалық, мықты, конструкциялық термопласт. Радио және электротехникада, машина жасауда, түсті металдар орнына қолданады.
Полисульфон (ПСФ) – жай эфир. ПСФ-ды тұздардың (фенолят натрий) және 4,4-дихлордифенилсульфоксидтің поликонденсациясы арқылы алады.
М = 30 ÷ 60 мың, ρ = 1240-1250 кг/м3, tш = 190-1950C, tдеструк = 4200С. Жылуға шыдамды, мықты конструкциялық термопласт, химиялық, суда, майда, бензинде шыдамды полимер, антифрикциялық және электроизоляциялық қасиеті бар, улы емес, медицинада, электротехникада, машина жасауда қолданады.
Полиэтилентерефталат (ПЭТФ) – күрделі полиэфир (этиленгликол мен терефталь қышқылы) – лавсан:

ПЭТФ – ты диметилтерефталат пен этиленгликолден переэтерификация реакциясы арқылы соңынан дигликольтерефталаттың балқымадағы поликонденсациясы (катализатор мырыш ацетаты) арқылы өндіреді. ПЭТФ –ны гранул (стабильді), талшық және пленка түрінде өндіреді. ПЭТФ фенолдарда, үшфторсірке қышқылында, метиленхлоридте, циклогексанонда ериді. Қышқылда, сілтіде шыдамайды, ал майда, бензинде шыдамды, антифрикциялық, жеңіл өңделеді.
Поликарбонат (ПК) – күрделі полиэфир (көмір қышқылы мен 2,2 –би(4-оксифенил)пропан). Поликарбонат маркалары: ПК, дифлон және ДАК, түссіз гранул, М = 35 ÷ 100 мың, tш = 141-1490C, tбалқу = 220 ÷ 2300С, tдеструк = 3800С. ПК қышқылда, сұйық сілті ерітіндісінде, суда, майда, бензинде шыдамды. Поликарбонат инженер – техникалық термопласт, ыстыққа шыдамды, мықты материал, жақсы диэлектрик, оны оптикалық мөлдір, соғуға шыдамды, электротехникада, медицинада, прибор жасауда т.б. қолданады.
Полиамидтер (ПА) – аминқышқылдар немесе дикарбон қышқылдар мен диаминдердің поликонденсация өнімі. Көп таралған алифаттық ПА (найлондар). Поли-Е-капромид-Е-капролактамның су немесе натрий қатысуындағы поликонденсация өнімі (сәйкесінше капрон және капролон):

Молекулалық массасы M = 10 ÷ 40 мың, маркасы ПА-6 гранул, стабильді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет