Лекция конспектісі 6В01502 Химия білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2022 «Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы»



бет20/28
Дата25.09.2022
өлшемі322,59 Kb.
#150638
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Байланысты:
ЖМҚХ лек консп

Ерітіндіде поликонденсациялау – мономерлері еріген күйінде сұйық фазада болатын процесті жүргізу тәсілі. Мұнда түзілген полимер реакциялық ортада жекелей немесе толықтай еритін немесе ерімейтін болуы мүмкін. Процесс жұмсақ, жеңіл бақыланатын жағдайларда өтеді, балқығанда ыдырайтын мономерлерді қолдануға мүкіндік береді. Еріткіштің табиғаты реакция жүруінің кинетикалық заңдылығы мен механизміне едәуір әсер етеді, сонымен қатар, еріткіш катализатор қызметін атқарады, бастапқы мономерлер, қосалқы қосылыстар, реакция өнімдері үшін сольваттаушы зат болып табылады. Процестің кемшілігі – еріткішті регенерациялаудың, полимерді тек ерітінді түрінде қолданудың және полимерді бөліп алуға қосымша сатыны енгізудің қажеттілігі.
Бұл тәсіл лактар, бояулар, полиуретандар, поликарбонаттар, полиамидтер мен полиэфирлердің кейбір түрлерінің өндірістерінде қолданылатын полимерлерді алуға арналған өнеркәсіптерде кеңінен қолданылады. Тепе-тең және тепе-тең емес поликонденсацияда қолданылады.
Балқымада поликонденсациялау. Егер балқу температурасында (200о – 400о) полимер мен мономер тұрақты болса жүргізеді. Моноиердің тотығуын және полимердің термиялық деструкциясын төмендету мақсатымен инертті тоқта өткізеді. Соңғы сатыны вакуумда өткізеді. Технологиялық процесс салыстырмалы қарапайым, ол оң реакциялық қабілетімен мономерлерді қолданудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тәсілдің кемшілігі – жоғары температураларда тұрақты мономерлерді қолданудың қажеттігі, реакцияның жоғары температурасын жасау мен ұстаудың қиындығы. Балқымада поликонденсациялау мономерлердің екуі немесе біреуі еріткіштер болып табылатын ерітіндіде поликонденсациялаудың жеке жағдайы ретінде қарастыруға болады. Жиі ол қайтымды процесс болып табылады. Бірақ балқымада поликонденсация қайтымсыз процесін де жүргізуге болады –дикарбонды қышқылдардың хлорангидридтерінен және диолдардан полиэфирлердің синтезі, диизоционаттардан және диолдардан полиуретандардың синтезі.
Эмульсияда поликонденсациялау –эмульгаторлардың қатысында жүретін фаза аралық процесс. Эмульгаторлар ретінде катиондық, аниондық және бейтарап сипаттағы қосылыстар қолданылады. Едәуір кең тараған эмульгатор – сульфолауринды қышқылдың натриий тұзы. Кемшілігі – эмульгатордан полимерді тазалаудың қиындығы.
Эмульсиялық поликонденсация кезінде полимер түзу реакциясы органикалық фаза көлемінде толық өтеді. Эмульсиялық поликонденсацияның негізгі заңдылықтары балқымада және ерітіндіде поликонденсациялау заңдылықтарының аналогты. Бұл тәсіл поликонденсацияның қайтымсыз экзотермиялық процестерінде ғана, дәлірек айтқанда ароматты диаминдерден және дикарбонды қышқылдардан полиамидтерді алу кезінде қолданылады. Фаза аралық поликонденсация кезінде полимердің түзілуі екі араласпайтын сұйықтықтардың бөліну шегінде, толығымен диффузиялық аймақта жүреді. Бастапқы реагенттер екі араласпайтын сұйықтықтарда бөлек ериді, мұнда сұйықтықтың бірі су болып табылады, екіншісі – мономерге инертті және сумен араласпайтын кез келген еріткіш. Полимерді жіп немесе қабыршақ түрінде реакция сферасынан үздіксіз бөліп алып отырады. Араластырудың қарқындылығы процестің жылдамдығын, полимер шығымын және оның молекулалық массасын өсіреді.
Процессті бөлме температурасында, кейде төмен температурада өткізеді. Бұл тәсіл дикарбонды қышқылдардың хлорангидридтерінен және диолдардан немесе сәйкесінше диаминдерден полиэфирлер мен полиамидтердің синтезі үшін анағұрлым кең қолданылады.
Қатты фазада поликонденсацияны мономерлер мен полимерлердің балқу температурасынан 5 – 100С-қа аз температурада өткізеді. Реакция автокаталитикалық сипатты алып жүреді, реакция жылдамдығы мономер кристалдарының шамасына тәуелді және уақыт өте өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет