Бақылау сұрақтары:
1. Поликонденсация реакциясына анықтама беріңіз.
2. Поликонденсация реакциясының қандай ерекшеліктері бар ?
3.Тепе-тең және тепе-тең емес поликонденсация айырмашылығы?
4. Поликонденсацияны қандай тәсілдермен жүргізеді?
Лекция 14-15. Пластикалық массалар. Пластмассалардың құрамы. Пластмассалық бұйымдар алуға арналған полимерлер.
Жоспар
1.Пластикалық заттардың құрамы мен олардың бөлінуі
2.Пластмассалық бұйымдар алуға арналған полимерлер.
3.Аминшайырлар және оның негізіндегі материалдар.
4.Кремнийорганикалық полимерлер, олардың негізіндегі материалдар.
Пластикалық масса дегеніміз – заттардың қалыптасу кезіндегі серпімді немесе эластикалық полимерлі материал, ол салқындатылған кезде әйнек тәрізді немесе кристалды жағдайда болады.
Пластикалық заттардың бірнеше топқа бөлінуі оның құрамына, қоршаған ортадағы температураға байланысты. Пластикалық заттар құрамы бойынша бір фазалы (гомогенді) және көп фазалы (гетерогенді ) болып бөлінеді. Гомогенді пластикалық заттар - негізгі полимердің негізгі қасиеттерін анықтайтын заттар болып табылады. Оның құрамында жеке фазаға қатысатын толықтауыштар болады. Толықтауыштар – қатты және газ болып екіге бөлінеді. Қатты жағдайда ол дисперсті түрде, пластикалық заттардың бетінде біркелкі таралады, ал газбен толтырылған түрінде – пенопластқа және поропластқа бөлінеді.
Ал, қыздыру температурасына байланысты термопластикалық немесе термопластар болып бөлінеді. Бұл жағдайда полимерлік фаза ыстық күйінде қатпайды және суытылып қайта қыздыру кезінде, қасиеттері қалыпқа келеді. Екіншісі - термореактивті немесе реактопластар; оларды өңдеген кезде полимерлер ажырап, өнім қасиеттерін жоғалтады.
Табиғаты бойынша -полимерлік фазаны құрайтын пластикалық заттар полимерленген (полиэтилен, полипропилен, полистирол, полиакрилонитрил, полиметилметакрилат, политетрафторэтилен) және поликонденсация- ланғандар(феноло- альдегид немесе фенолпластар)болып жіктеледі.
Бұл материалдардың барлығы әртүрлі елде, әр түрлі атпен шығады. Мысалы: полиэтилен (РФ), алкатен(Англия), хифлекс(АҚШ), ротен(Япония). Пластикалық заттардың құрамы, оның қолдану аясына байланысты сан алуан: таза полимерден (полиэтилен, полипропилен) құрамына 50-ден аса зат қосылған жүйеден тұрады. Жалпы пластикалық заттар құрамына қарай келесі заттардан тұрады.
Полимер (жалғағыш, полимерлі фаза)материалдың негізін құрайды;
Толықтауыштар, механикалық қасиеттер беру үшін және төмен экономикалық жоғарылату үшін қолданылады;
Пластификаторлар;
Стабилизаторлар; Жоғары температураға тұрақтылық көрсетеді. Пластикалық заттардың ескіруінен сақтайды.
Антипирендер, платикалық заттардың жанудан сақтайды,
Бояулар;
Қатырғыштар;
Порофорлар(көпірткіш заттар);
Майлаушы заттар, материалдардың бір-біріне жабысуын болдырмау үшін.
Пластикалық заттардың негізін полиолефиндер, полистиролдар, поливинилхлоридтер, фенолальдегидтер құрайды. Олар жалпы пластикалық заттардың 85% құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |