Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Үмітсіз дебиторлық борыштарды есептен шығару



бет12/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)
Аружан Өкпе ісінуі, lektsiya konspekt (2), проектирование. AG (1)
4. Үмітсіз дебиторлық борыштарды есептен шығару.

Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» - деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары күдікті қарыздарға, жасалған резерв есебінен есептен шығарылады. Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып, белгілі бір уақыт өткеннен кейін бұл қарыз сомасы өтелінсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен шығару осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе): дебет 1290-«Күдікті қарыздар бойынша резервтер» шоты, кредит 1210-«Алынуға тиісті борыштар» шоты. Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметтен түскен табыс есебінде танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте дебит ақша қаражаттары бөлімі шоттарының тиістісі (1030, 1010), кредит 6280-шоты түрінде жазу жазылады.

Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары “күмәнді қарыздар” деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет