Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Қызметкерлердің, жал бойынша, алынуға тиісті сыйақылар бойынша, басқа да дебиторлық борыштары



бет15/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)
Аружан Өкпе ісінуі, lektsiya konspekt (2), проектирование. AG (1)
7. Қызметкерлердің, жал бойынша, алынуға тиісті сыйақылар бойынша, басқа да дебиторлық борыштары.

Бұл шотта жалгерлік бойынша келіп түсетін міндеттемелеріне, бюджетке артық аударылған сомаларына, шағым-талап сомаларына, ТМЗ кем шығуына, нормадан тыс табиғи кемітулеріне, айыппұлдарына т.б. ақпараттарына шолу жасалынады.

Шагым-талап (претезия) бойынша есеп айырысуды есепке алу. Шағым-талап деп — кредитордың өзінің мүліктік құқығы мен мүддесінің бұзылуына байланысты қарыздарды өз еркімен реттеу жөніндегі жазбаша талабын айтамыз. Белгіленген тәртіп бойынша талап еткенге дейін кредитор алдын ала тікелей қарызданушыға шағым-талабымен баруы керек.

Кәсіпорын шағым-талап бойынша қарыздарды уақытында және толығымен өндіріп алудың кажетті шараларын қолдануға міндетті. Шағым-талапта: шағым-талап коюшы кәсіпорынның атауы, шағым-талаптың нөмірі және түскен күні; тиісті (нормативтік) актілерге сілтемесі; мәлімдеушінің талабы; шағым-талаптың сомасы және оның есебі; мәлімдеушінің төлем және есеп айырысу реквизиттері; тіркелген құжаттардың тізімі; кәсіпорын басшысының қолы көрсетілуге тиісті.



Кем шыққан өнімдер, тиісті сапаға сай келмейтін немесе комплектісі (жиыны) түгел емес өнімдер құнының орнын толтыру жөніндегі және осындай өнімдерді жеткізгені үшін айыппұл төлеуді қоса алғандағы шағым-талаптар бір айдың ішінде койылады, ал басқа себептер бойынша туындаған шағым-талаптар екі айдың ішінде койылады.

Бұл шотта жабдықтаушылардың шот-фактураларында жіберілген арифметикалық қателіктері де және бағаның сәйкес келмеуі де; жеткізілген кундылыктардың сапасының мемлекет тарапынан бекітілген стандартына және техникалық шарттарға сай келмеуі де; тауарлардың тізімге енгізілген тауарлар санымен салыстырғанда кем шығуына байланысты туындаған шағым-талаптары да есепке алынады. Осы шотта транспорттық және баска да ұйымдарға койылатын шағым-талаптар: табиғи зиян нормасынан артық көлемде жүктің жетіспей калуы және тарифтің (фрахта) шегінен шыққаны үшін; жабдықтаушылар мен мердігерлердің айыбынан болған ақаулар және тұрып қалғаны үшін; банктегі есеп айырысу және басқа да шоттарынан қате аударылып есептен шығарылған сомалар бойынша банкке қойылатын; сот ұйғарған немесе төлеушілердің өздері мойындаған көлемде (қойылған шағым-талаптағы төлеуші мойындамаған сома есепте көрсетілмейді) жабдықтаушылардан және басқа мекемелерден өндірілуге тиісті айыппұл, өсім айыбы және т.б. сомалары есепке алынады.



Тиісті кұжаттардың негізінде шағым-талап сомаларын 1250 шоттын дебетіне - жабдықтаушыларға шағым-талап койылған жағдайда 3310 "Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу" шотының кредитінен; кате аударылып есептен шығарылған сомалар бойынша банкке шағым-талап қойған жағдайда - 1010 "Есеп айырысу шотындағы колма-қол ақша" шотының кредитінен; төлеушілердің өздері мойындаған немесе сот ұйғарған көлемде келісім-шарттағы міндеттемелерін орындамағаны үшін мердігерлерден, жабдықтаушылардан және т.б. өңдірілуге тиісті айыппұл, өсім айыбы, тұрақсыздық айыбы сомаларына 6280 "Басқа да қосалқы қызметтерден түсетін табыстар" шотының кредитінен есептен шығарады.

Бұл аралық шотта пәтер ақы және тұрмыстық коммуналдық қызмет көрсеті есепке алынады. Төлемдердi есептеу кезiнде 7110 шот дебеттеледi және 1270 шот кредиттеледi; төлемдердi төлеу 1270 шоттардың дебетi және 1030 шоттың кредитi бойынша көрсетiледi. Пәтер жалдаушылармен есеп айырысу пәтер ақы және түрмыстық қызмет үшiн алынған төлемдер бойынша Есеп айырысу кiтапшасының көмегiмен жүргiзiледi, ал төлем банк мекемесi арқылы жүргiзiледi. Пәтер жалдаушы кассаға төлер алдында кәсiпорынның бухгалтериясы 1 жылға немесе басқа мерзiмге жасаған “Бiр айлық төлемнiң есебi” кiтапшасының бөлiмiнiң негiзiнде төлем жөнiндегi мәлiмдеме және квитанция толтыруға мiндеттi. Ал сыйақы есептелген кезде Дт7310 Кт 3380, төленген жағдайда Дт 3380 Кт 1010, 1030.

Басқадай қысқа мерзімді дебиторлық қарыз есебі. Басқадай қысқа мерзімді дебиторлық қарыз есебі 1280 шотта жүргізіледі.

Басқадай қысқа мерзімді дебиторлық қарыз есебін жүргізудіің негізгі бухгалтерлік проводкалары




№ рет

Шаруашылық операцияның мазмұны

Құжат

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит


1

2

3

4

5

1

Келісім-шартпен бекітілген жеткізілген субъектілердің саны, сапасы, бағасы, тарифы бойынша жабдықтаушыларға шағымдану

Шағымдану хаты, сонымен сапасы бойынша келіспеушілік актісі

1280

3310


2

Банктік шоттардан қате көшірілген соммалар бойынша банкқа шағымдану

Шағымдану хаты

немесе сот шешімі

1280

6280


3

Сотпен шешілген немесе төлеушілермен мойындалған айыппұл, пеня бойынша шағымдану

Шағымдану хаты

немесе сот шешімі



1280

6280


4

Өткен кезеңдегі шағымдар бойынша төлемдер түсуі

Ағымдағы шоттың банк көшірмесі

1030

1280

5

Пәтерді сатып алушылармен есептесу және коммуналдық қызмет үшін есептелген берешек

Жатақхана мен пәтер тұрғындармен есептесу ведомосы

1280


6280

6

Пәтерді сатып алушылармен есептесу және коммуналдық қызмет үшін төленген ақша қаражаты













  • кассаға қолма-қол ақшамен

Кіріс касса ордері

1010

1280




Банк көшірмесі

1030

1280

7

Оқу орындары мектеп жасындағы балаларды немесе оқушыларды асырау үшін ата-аналарға төленетін қарыздарды көшіру

Келісім-шарт

1280

6280

8

Оқу үшін асырағаны үшін төленген қарыздары үшін ата-аналарының төлемақылары

Кіріс касса ордері










  • кассаға қолма-қол ақшамен

Банк көшірмесі

1010

1280





  • ағымдағы банктік пайда

1030

1280





Ағымдағы арендаға қатысты төлемақының есептелуі

Аренда келісім шарты

1260

6130





Шұғыл жағдайларды өтеудің дебиторлық берешек

Шұғыл жағдайлар туралы акт

1280

7470




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет