Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері



бет13/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)
Аружан Өкпе ісінуі, lektsiya konspekt (2), проектирование. AG (1)
5. Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері.

Күмәнді қарыздарға – уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады. ҚР-ның заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналынады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі – тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарды үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі – резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.

Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күдікті борыштарды тауарлар жеткізіліп берілген немесе қызметтер көрсетілген сәтінде (кезде) емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Субъектілер күдікті қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күдікті қарыздар бойынша резервтердің есебі 1290-«Күдікті қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күдікті қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне сүйене жасалынады. Азаматтық Кодекстің 1-бөліміндегі 178-бабына сәйкес борыштың өтімділік мерзімнің жалпы уақыты үш жыл болып белгіленді. Үш жыл ішінде өтелінбеген борыш күдікті қарыздарға жасалынған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес «күдікті қарыз» сөзі, «күдікті талаптар» сөзімен ауыстырылған»күдікті талаптар» -деп өнімді (жұмысты, қызмет көрсету) сату нәтижесінде түзетіліген және де табыс есептелгеннен кейінгі екі жыл ішінде өтелмеген талаптарды айтамыз. Шығындар тиісті сату көлемдеріне сәйкес тауарларды сатудан болған табыстардың ұлғаюы нәтижесі ретінде пайда болса, онда олар сатудан түскен табыстар есебінен жабылулары қажет. Осы орайда есепті кезеңдегі күдікті қарыздар бойынша шығындарды жою керек, себебі мұндай мәліметтер ағымдағы қаржылық жылдың шығындары болуы мүмкін.

Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді қарыздар» деп аталады. Күмәнді қарыздрға – уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі – тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарда үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі – резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.

Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып және ол осы есептен шығарылып және ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен шығару осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе):
«Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» есебі №10 журнал-ордер жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің күдікті деп есептеген борыштары үшін 100000 (жүз мың) теңге көлемінде резерв құрғанда мынадай корреспонденциялар жазылады:
Күдікті қарыздар бойынша құрылған резерв сомасына;
Дт: 7440 -100000 тг
Кт: 1290 - 100000 тг

Күдікті қарыздар бойынша құрылған резервтің есебінен 80000 ( сексен мың) теңге дебиторлық борыш есептен шығарылғанда;

Дт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 80000 тг
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар 80000 тг
Артық жасалынған күдікті қарыздар резерв сомалары сторно етіледі. Кәсіпорындар мен ұымдар бұл жағдайда қызыл сиямен жазу арқылы алынып тасталады.
Дт: 7210 Жалпы және әкімшілік шығындар шоты 20000 тг
Кт: 1290 Күмәнді қарыздар бойыншарезервтер шоты 20000 тг
Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы дебиторлық борыштары сомасынан күдікті қарыз бойынша құрылған резерв сомасы алынып тасталып, қалған айыпма қалдығының соамсы ғана көрсетіледі.
Мысалы: «ҚКК» фирмасының дебиторлық қарызы 200000 (екі жүз мың) теңге, ал күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңгені құрайды деп есептейік. Сонда қаржылық есеп беру кезінде күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңге кезе шығындары ретінде танылады да, «ҚКК» фирмасының бухгалтерлік балансында дебиторлық қарыз соамсы 50000 (елу мың) теңгеге азайтылып 150000 (бір жүз елу мың) теңгеге (200000-50000) тең болады.
Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдары алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың төленбейтіндігін алдын ала болжап білу мүмкін емесе. Дегенмен де қаржылық есеп беру кезінде жыл бойы жұмсалған шығындры жабатын сомаларды анықтау қажет. Бұл уақыттағы бағалудың салдарынан елеулі айырмащшылықтардың да пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:

- Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызмет ітуралы беруде);

-Дебиторылқ қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста)

Бұндағы бірінші аталған әдістің мақсаты күмәнді дебиторлық борыштар нәтижесінде туындаған шығындарды дұрыс есептеу болса, екінші әдістің мақсаты дебиторлық борыштың таза өзідік құнын дұрыс есептеу болып табылады. Көпетеген кәсіпоырндар мен ұйымдар да бұл әдістердің екеуі де кеңінен қолданылады.


Жоғарыда аталған несиеге сатудан алынатын таза табыстан есепетелегн пайыз әдісіне тоқталатын болсақ, бұл әдіс сәйкестік принципіне бағытталған. Бұнда күмәнді борыштардан шеккен нақты шығындар мен несиеге стаудан алынатын таза табыстан есептелінген арасындағы қатынастардың орташа пайызы тәжірибеге сүйене отырып есептеледі. Содан кейін бұл пайыз күмәнді қарыздар көлемін анықтау үшін есеп беру кезіндегі сатылған нақты өнімге қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет