Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Кірістер және шығыстар түсінігі



бет60/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)
Аружан Өкпе ісінуі, lektsiya konspekt (2), проектирование. AG (1)
4. Кірістер және шығыстар түсінігі.

ХҚЕС сәйкес табыстар деп активтердің түсуі немесе ұлғаюы, немесе міндеттемелердің азыюы түрінде болатын есептік кезеңдегі экономикалық тиімділіктің көбеюі. Табыс компанияның түсімімен қатар басқа да табыстарды қамтиды.

Компанияның түсімі дегеніміз - әдеттегі қызмет түрлерінен түсетін қаржылар, оларды сатулар, сыйақылар, проценттер, дивидендтер және лицензиялық төлемдер деп атауы да мүмкін.

Түсімді есепке алған кездегі өзекті мәселелердің бірі – оны тану мезетін анықтау. Түсім танылады, егер егер компания келешекте сенімді өлшенген табыстар алады деген ықтималдық болса. 18 ХҚЕС түсімді тану критерийлері айқындалған.

Осы стандарт келесі операциялар мен оқиғалардыңнәтижесінде пайда болатын түсімді есепке алу үшін қолданылады:

а) сатулар;

ә) қызметтер көрсету;

б) проценттер, лицензиялық төлемдер, дивидендтер алып келетін компания активтерін басқа жақтармен пайдалануы.

Түсім – компанияның әдеттегі қызмет барысында пайда болатын белгілі бір кезеңдегі экономикалық пайдалылықтың жалпы түсімдері.

Әділ құны – мәміле жасау кезінде активтерді сатып алуға немесе міндеттемелерді орындауға қажетті ақша қаражаттарының сомасы.

Түсім әділ құны бойынща бағалануы тиіс.

Шығыстар дегеніміз – активтердің азаюы немесе басқа да шығыс етілуі, қарыздардың пайда болуы. Басқаша айтқанда – шығындар – бұл табысты алу барысында тауарлар мен қызметтерді өндіруге кеткен шығындар.

Шаруашылық субъектісінің негізгі қызметтен алатын табыстары деп кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады. Субъектінің негізгі қызметтен алынатын табыстарының есебі 6010- «Негізгі қызметтен түскен табыс» - деп аталатын бас шоттың бөлімше шоттарында жүргізіледі.

6010-6090 шот, жалпы бұл аталған шот субъектінің негізгі қызметінен алған табыстары туралы ақпараттарды жинақтап, қорытындылауға арналған.

Бұл пассивті шоттар, сондықтан шаруашылық субъектісінің жоғарыда аталған қызметтері барысында алатын табыстарына:

Дт 1210,3310.,1010.,1030 Кт 6010-6090

Кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі емес қызметінен түскен табыстары – деп субъектінің нақтылы негізгі қызметтерінен басқа жұмыстарды орындауы барысында тапқан табыстарын айтады. Шаруашылық субъектісінің бұндай қызметтерді атқаруы, жұмыстарды орындауы барысында алғаң табыстары 62 «Негізгі емес қызметінен түскен табыс» - деп аталатын бас шоттың бөлімше шоттарында есептелінеді.

Субъектінің өз меншігіндегі материалдық емес активтерін сатудан түскен табыстарының есебі 6210- «Материалдық емес активтерін сатудан тускен табыстарының есебі» -деп аталатын шотта жүргізіледі.

Шаруашылық субъектісінің басқа заңды және жеке тұлғаларға берген қарыздары мен несиелері үшін алатын пайыз түріндегі табыстарына, дивиденд түрінде алатын табыстарына:

Дт 1270 Кт 6120.

Шығып қалған қаржылық инвестицияларды қайта бағалаудан алынатын табыс сомасы:

Дт 5420 Кт 6210.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет