Математика пәні бойынша 5сынып оқушыларына тірек конспектісі
4тоқсан
Сабақ нөмірі: №127
Сабақтың тақырыбы: Проценттер
Сабақтың мақсаты: Процент ұғымымен танысу. Процентті бөлшекпен немесе натурал санмен жазу. Берілген санның 1процентін табу.
Конспект: Жалпы өмірде процент ұғымы көп кездеседі. Мысалы, оқушылардың үлгерімі, шамалардың өзгеруі, экономиканың, өндірістің дамуы немесе төмендеуі проценттер арқылы беріледі.
Бір процент – жүзден бір бөлік.
Кез келген шаманың (санның) жүзден бір бөлігін «бір процент» деп атау қабылданған. Мысалы, 1сантиметр 1метрдің .
Математикада «процент» сөзінің орнына белгісі жазылады. Мысалы, «20 процент» – 20%, 15% - он бес процент деп оқылады.
1 бүтін шаманы – 100% деп санайды.
Процентті бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін процент белгісі (%) алдындағы санды 100–ге бөлу керек.
Мысалы,
Мысалы: Сыныптағы оқушылардың – сі үздіктер. Сыныптың неше проценті үздіктер?
Шешуі:
Жауабы: сыныптың -і үздік.
Демек, бөлшегін процент түрінде жазу үшін
Жалпы түрде
Бөлшекті немесе натурал санды процентпен жазу үшін, оны 100–ге көбейтіп, «%» белгісін тіркеп жазу керек.
Мысалы,
Тапсырмалар:
№1. Проценттерді жай бөлшектермен жаз: 21%; 5,4%; 45%; 105%; 210%
№2. Бөлшектерді процентпен жазыңдар:
; ; ; ;0,04; 0,75.
№3. Тұз ерітіндісінің құрамында 15%-і тұз. Ерітіндінің неше бөлігі тұз?
№4. Кітапханадағы кітаптардың -і әдеби кітаптар. Әдеби кітаптар неше процент?
Әзірлеушілер:Регинбаева Н.А., С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі.
Әшірова А.А., С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі.
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |