5. Пайда және зиян жөніндегі есепке қойылатын талаптар. Пайда және зиян жөніндегі есептің екі нысаны.
Табыстар мен шығыстар туралы есеп келесі баптарды қамтуы тиіс:
Компаниялар табыстар мен шығыстар туралы есепте және түсіндірме жазбаларда кірістер мен шығыстардың талдауын келтіру керек.
Есептік кезеңнің таза табысы табыстар мен шығыстар туралы есепте ашып көрсетілетін келесі компоненттерден тұрады:
бағалау есептеулеріндегіөзгерулерден болған эффектілерді қоса алғанда әдеттегі қызметтен алынатын табыстар мен зияндар;
төтенше жағдайлардың нәтижелері.
Әдеттегі қызмет -өз бизнесінің құрамдас бөлігі түріндегі компанияның жүзеге асыратын кез келген қызметі.
Төтенше жағдайлардың нәтижелері – компанияның әдеттегі қызметінен өзге және оның қайталануы күтілмейтін оқиғалар мен мәмілелердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен зияндар. Төтенше баптың сипаты мен өлшемі әр бап бойынша жеке ашылып көрсетіледі.
Есеп бағаларындағы өзгерiстердiң нәтижесi егер өзгерiс тек сол кезеңге ғана ықпал ететiн болса, онда табысты не зиянды осы есептiк кезеңге енгiзедi; ал егер өзгерiс болған есептi кезеңдегi өзгерiстер келесi есептi кезеңге ықпал ететiн болса, онда таза табысты не зиянды осы соңғы есептiк кезеңге енгiзедi.
Достарыңызбен бөлісу: |