Шағын кәсіпкерліктегі инновациялық қызметтің маңыздылығы



Дата14.09.2017
өлшемі129,71 Kb.
#32108
Шағын кәсіпкерліктегі инновациялық қызметтің маңыздылығы
Р.Ә.Жақсығулова

Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранты
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыруда, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікте инновацияның маңызы жоғары. Инновация – өндірістің және қоғамдағы басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді (немесе) әлеуметтік, экологиялық жағынан маңызды болып табылады, сондай-ақ зияткерлік меншік обьектісі ретінде танылған ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі. Басқаша айтқанда, инновациялық қызметтің жаңа немесе жетілдірген өнім (жұмыс, көрсетілген қызмет), технологиялық үрдіс негізінде іске асырылған нәтижесі. Ал, инновациялық қызмет дегеніміз инновацияларды өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізу арқылы пайдалану. Не болмаса өндірісті және қоғамды басқарудың әр түрлі салаларына жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологиялар мен өнім түрлерін енгізуге бағытталған қызмет деп те айтуға болады. Мұндай қызмет нәтижелері экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттік үшін пайдаланылады.

Экономикалық әдебиеттерде инновацияның басқа да бірнеше анықтамалары келтіріледі. Олардың ішінен келесілерді атап көрсетуге болады:

Инновация – бұл жаңа тәжірибелік (практикалық) құралдарды құру, тарату

және пайдаланудың кешенді үрдісі.

Инновация – бұл жаңа идеяларды, ұсыныстарды, ғылыми-техникалық шешімдерді тәжірибеге енгізу, пайдалану және жүзеге асыру.

Инновация – бұл өндірістік, қаржылық, коммерциялық және әкімшілік сипаттағы ұйымдастырушылық-техникалық және әлеуметтік-экономикалық шешімдерді, жаңа өнімдер мен қызметтер түрлерін, жаңа технологиялар түріндегі жаңашылдықтарды тиімді пайдалану.

Инновация – бұл жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижесінде өндіріске енгізілген обьект.

Инновациялық үрдіс деп ғылыми идеялардың туындауынан бастап оның ңс жүзінде пайдалануына дейінгі уақыт аралығын айтамыз. Мұны инновацияның өмірлік циклы деп те атайды. Яғни, қандай да бір жаңашылдықтың өмірлік циклінің барлық төрт сатысын ске асыру бойынша жасалатын әрекеттер жиынтығы. Оларды келесі түрде көрсетуге болады:

1)идеяны аргументтеу мен ғылыми негіздеу үшін зерттеулер жүргізу;

2)қолдаңбалы аспектілерді әзірлеу және тәжірибелік нәтижелер алу;

3)алынған нәтижелерді өндірістік үрдіске (немесе қоғамның өзге де салаларына) енгізу;

4)өндіріске енгізілген (қоғамның өзге де салаларында іске асырылған) жаңалықтарды пайдалану.

Кәсіпорынның иннвациялық қызметі деп жаңа немесе жетілдірілген өнім алу мақсатында ғылыми, ғылыми-техникалық және интеллектуалдық әлеуетті пайдалану жөніндегі іс-шаралар жүйесін айтамыз.

Инновациялық қызметтің ішкі және сыртқы мотивтері болуы мүмкін. Сыртқы мотивтерге келесілер жатқызылады:

- кәсіпорындардың шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларына бейімделу қажеттілігі;

- салық, ақша-несие және қаржы саясатындағы өзгерістер;

- тұтынушылық талғам мен өткізу нарықтарының динамикасы және

жетілуі;

- бәсекелестердің белсенді түрде әрекет етуі;

- конъюнктуралық құбылыстар;

- салалық құрылымдық өзгерістер және де т.б.

Кәсіпорындардың инновациялық қызметінің ішкі мотивтері мыналар:

- сату көлемін арттыруға ұмтылу;

- жаңа нарықтарға өту, нарықтағы үлесін кеңейту;

- фирманың бәсекеге қабілеттілігін жақсарту;

- кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету;

-ұзақ мерзімді кезеңде таза табысын арттыру және т.б.

Тәжірибе көрсеткендей, нарыққа тез бейімделуге, жаңа қажеттіліктерді ескертуге шағын кәсіпорындар айтарлықтай икемді немесе қабілетті.

ҚР инновациялық қызметті ынталандыру мақсатында 2006 жылы 23 наурызда «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заң қабылданды. Осы заңда еліміде инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың мақсаты мен қағидалары,негізгі бағыттары мен нысандары көрсетілген [1].

Сонымен елімізде инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың мақсаты инновациялық қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Ал негізгі қағидаларына төмендегілер жатқызылады:

- инновациялық қызметті жүзеге асыру кезінде ұлттық мүдделерді сақтау;

- ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігін арттыру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін инновациялық қызметтің басымдылығы;

- мемлекет тарапынан қолдау көрсету кезінде инновациялық қызмет субъектілерінің теңдігі;

- инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдаудың экономикалық тиімділігі және нәтижелігі;

- инновациялық қызметті ұйымдастыру мақсатында ғылыми және ғылыми- техникалық қызмет субъектілері мен кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін кешенділік және жүйелілік;

- инновациялық қызметті жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

- ҚР-да инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- мемлекеттік инновациялық саясатты іске асыру үшін ұйымдық және экономикалық, срның ішінде инвестициялар тартуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау арқылы инновациялық қызметті ынталандыру;

- инновациялық даму басымдықтарын айқындау;

- инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту,

- мемлекеттің инновацияларды құруға және енгізуге қатысуы;

- отандық инновацияларды сыртқы нарықтарға жылжыту;

- технологиялар трансфертін қоса алғанда, инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Қазақстанда инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау келесі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін:

- инновациялық қызметтің ммамандандырылған субъектілерін құруға қатысу;

- мемлекеттің даму институттарын құру, қызметін үйлестіру және жұмыс істеп тұрғандарын одан әрі дамыту;

- инновациялық жобаларды бюджет қаражаты есебінен іске асыру;

- инновациялық гранттар беру;

- инновациялық қызметті кадрлық қамтамасыз етуді, соның ішінде инновациялық менеджмент негіздеріне оқыту арқылы ұйымдастыру;

- инновациялық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру үшін инвестициялар тартуды қамтамасыз ететін қажетті ұйымдық, құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау.

Мемлекет инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілерін құруға ғана қатысып қоймай, олардың тиімді жұмыс жасауы мен оң нәтижелерге қол жеткізуіне де ерекше назар аудару қажет. Қазақстан Республикасының «инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заңына сәйкес, инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілеріне технологиялық бизнес-инкубаторлар, технологиялық парктер, инновациялық қорлар жатқызылады. Ал, инновациялық инфрақұрылым деп инновациялық қызметтің бір-бірімен өзара іс-қимыл жаайтын мамандандырылған субъектілерінің жүйесін айтамыз. Инновациялық инфрақұрылымды инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететін ұйымдар жиынтығы деп те айтуға болады.

Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесінің негізгі ұйымдық институттары ретінде ұлттық инновациялық қорды, технологиялық бизнес-инкубаторлар мен технопарктерді т.б. айта аламыз.

Елдегі жалпы инновациялық белсенділікті артыру, соның ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу мақсатында ұлттық инновациялық қор құрылды. Оның негізгі міндеттеріне төмендегілер жатқызылады:

- инновациялардың құрылуын және енгізілуін қаржыландыруды жүзеге асыратын инновациялық қорлар мен инвестициялық қорлардың жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу;

- инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестік бақылаусыз қатысу және қаржылық лизинг арқылы иновациялар құруды және енгізуді қаржыландыру;

- инновациялық инфрақұрылымды дамыту;

- сыртқы нарықтарға отандық инновацияларды жылжыту;

- инновациялық технологияларды ауыстыру, қарызға беру және дамыту, оларды коммерцияландыру мен енгізу саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Шағын инновациялық кәсіпорындарды қолдау мен дамыту механизмдерінің бірі бизнес-инкубация үрдісі болып табылады. Яғни инновациялық жобаларға ең алғашқы тәуекелді сатысында қолайлы жағдай жасау үрдісі. Инновациялық жүйені қалыптастырудың бастапқы сатысында инновациялық кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі Қазақстанда «технологиялық бизнес-инкубаторлар» жүйесін құру болып табылады. Технологиялық бизнес-инкубаторлар өз бетінше дербес бірлік ретінде, сондай-ақ технопарктің бөлігі ретінде жұмыс істейтін болады. Сонымен технологиялық бизнес-инкубаторлар дегеніміз инновацияны құру, қорғау құжаттарын алуға өтініштерді рәсімдеу және инновациялық жобаны дайындау үшін жеке және заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық және өзге де қызметтерді ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға. Мұндай қызметтерді ұсыну үшін тиісті біліктілігі бар персоналы, сондай-ақ инновацияларды құру үшін жеткілікті кеңсе және үй-жайлары болуға тиіс. Технологиялық бизнес-инкубаторларға инновациялық кәсіпкерлер мен компанияларды іріктеу байқау (конкурс) негізде жүргізіледі.

Технологиялық бизнес-инкубаторлар мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

- шарт жағдайында инновациялар құруға қажетті материалдық-техникалық база ұсыну;

- шарт жағдайында зияткерлік меншік обьектілерін қорғау құжаттарын алуға өтінімдер рәсімдеуге қажетті жұмыстар мен қызметтер ұсыну;

- инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін және инновациялық жобаны қаржыландыруға арналған құжаттарды әзірлеуге жәрдем көрсету,сондай-ақ шарт жағдайында инновациялық жобаны әзірлеу үшін қажетті жұмыстар мен қызметтер ұсыну;

- инновациялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тартуға жәрдем көрсету;

- инновациялық қызметті жүзеге асырушы шағын және орта кәсіпкерлік

субъектілерін ұйымдастыруға жәрдем көрсету.

Инновациялық үрдісті басқару тұрғысынан технологилық бизнес-инкубаторлар құру келесілерге мүмкіндік береді:

- технологиялық бизнес-инкубаторлар территориясындағы жоғары технологиялы кәсіпорындарды ұлттық инновациялық қордан гранттық қаржыландыру үшін қажетті материалдық ресурстарды шоғырландыруға;

- инновациялық циклдың ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік беретін басқарушылық шешімдерді тез арада қабылдауға;

- инвестициялық шешім қабылдауда бюрократиялық тәртіпті қысқартуға;

- инновациялық кәсіпорынның басқару құрылымын оңтайландыруға;

- инновациялық жүйеде білім беру мен алмасу үшін жағдай жасауға.

Инновациялық қызметің мамандандырылған субъектілерінің бірі – технопарк болып табылады. Технопарк дегеніміз – негізгі қызметі инновациялық жобаны іске асыру үшін қажетті жұмыстар мен қызметтерді ұсыну болып табылатын біртұтас материалдық-техникалық кешенге меншік құқығы бар заңды тұлға. Технопарк шағын инновациялық фирмалардың дамуы үшін қолайлы орта қалыптастырады. Ол әр түрлі орталықтардан (маркетингтік, зерттеушілік оқыту, т. б. ) тұрады және олардың әрқайсысы белгілі бір қызметтер жиынын көрсетеді [2].

Басқаша айтқанда, технопарк деп инновациялық өнім өндіруге бағытталған ғылым және білім мекемелерімен іскерлік келісім-шарты бар иннвациялық өнім өндіруге мүмкіндік беретін арнайы аумағы бар ұйым. Технопарктер инновациялық қызметті дамытуды қолдайды және нарыққа дайын ғылыми-техникалық жаңашылдықты шығаруға мүмкіндік береді. Технопарктер алғаш рет шет елдерде пайда болды, атап айтсақ 1950 жылы АҚШ-тың Стэнфорд университетінде құрылды.

Технопарктің негізгі функциясы ғылым мен бизнесті біріктіру болып табылады. Технопарктер мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

- жаңа технологиялық үрдістерді, тауарларды стандарттау мен сертификаттау, инновациялық жобаны іске асыру үшін қажетті кеңсе үй-жайлары мен өндірістік базаларды беруді, зертханалық жабдыққа, коммуникацияларға және басқа да обьектілерге қол жеткізуді қамтамасыз ету және шарт жағдайында материалдық-техникалық базаны ұсыну;

- инновациялық жобаны іске асыру үшін шарт жағдайында жеке және заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық, қызметтер ұсыну;

- инновациялық менеджмент негіздерін оқыту;

- технопарктің аумағында орналасқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кеңес берушілік (консультациялық) қызметтер ұсынатын ұйымдарды тарту үшін жағдайлар жасау;

- кәсіпкерлік субъектілеріне отандық және шетелдік ғылыми және

технологиялық ақпаратты тарату.

Технопарктер қызметін мынадай сипаттамалары бойынша қарастыруға болады:

- өзіне тиесілі жылжымайтын мүлігі және жері болады;

- ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерімен ресми байланыста (іскерлік келісімшартта) болады;

- ғылыми сыйымдылықты және жоғары технологиялы кәсіпорындар қалыптастырады немесе өнімдер өндіреді;

- ҒТП-ның дамуына сай техникалар мен технологияларды ұдайы жанартып отырады.

Әлемдік тәжірибеге сәйкес технопаркткердің негізгі үш моделі бар. Олар: американдық, жапондық, аралас.

Инновациялық қызметтің жоғарыда аталған субъектілерімен қатар технополистерді де дамытудың маңыздылығы жоғары.

Технополис – бұл қаланың немесе аймақтың шеңберінде қызмет ететін технопарктер, инкубаторлар және өзге инновациялық құрылымдар кешені. Басқаша айтқанда, технополис жекелеген қала немесе аймақ негізінде құрылған және сол аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге септігін тигізетін дамыған инфрақұрылымы бар біртұтас ғылыми-өндірістік кешенді білдіреді. Технополистерді құру кезінде жергілікті міндеттерді шешуге мүдделілік танытады.

Технополистер өздері орналасқан аймақтардың дамуына айтарлықтай

ықпал етеді және мыналарға мүмкіндік береді:

- инновациялық белсенділігін арттыруға;

- инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыруға;

- жаңашылдықты коммерцияландыруды жеделдетуге;

- жаңа жұмыс орындарын құруға;

- инновациялық қызмет механизмін жетілдіруге;

- өнеркәсіптің ғылыми сыйымдылығын дамытуды күшейтуге;

- экономиканың инновациялық қабілетін арттыруға және т.б.

Технополистердің басқа инновациялық инфрақұрылым элементтерінен басты айырмашылығы шағын ауданда ғылым мен инновациялық үрдіске қатысы бар барлық ресурстардың шоғырлануы болып табылады. Технополистерді құру идеясы алғаш рет Жапонияда 1982 жылы «Технополис» жобасының негізінде жүзеге асырылды [3].

Инновациялық кәсіпкерлік ерекше экономикалық қызмет түрі ретінде инновациялық үрдістің негізгі қозғаушы күші болып табылады. Инновациялық кәсіпкерлік техника-технологиялық жаңашылдықтарды дайындау және оны коммерциялық мақсатта пайдаланумен байланысты сипатталады. Инновациялық кәсіпкерлік субъектілеріне инновациялық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар жатады. Инновациялық кәсіпорынның қызметі технологиялық немесе өнімдік инновацияларды пайдалану нәтижесінде табыс табумен сипатталады. Дамыған елдерде нарықтың жаңа сегменттерін меңгеру мақсатында өнім ассортиментін кеңейтумен байланысты инновацияларды кәсіпорынның 70%-ға жуығын жүзеге асырады. Осыған байланысты ғылыми-зерттеу тәжірибеконструкторлық жұмыстарға (НИОКР) жұмсалатын шығындар инвестицияның 30%-ға жуығын құрайды.

Инновациялық кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі жаңа ғылыми идеяларды іздеу немесе әзірлеуге және оларды бағалауға, қажетті инвестициялық ресурстарды табуға, кәсіпорынды немесе жобаны басқарудың тиімді моделін жасауға, ақшалай табыс алуға негізделген.

Инновациялық кәсіпкерліктің негізгі функцияларының бірі ғылыми-техникалық және өндірістік сфераның арасында байланыстырушы ролде жүзеге асыру болып табылады. Иннрвациялық кәсіпкерліктің қызмет етуі ғылыми-техникалық ұйымдар мен шаруашылық субъектілердің инновациялық өнімді жасаумен немесе ғылыми-техникалық шешімдерді коммерциялық мақсатта пайдалану мүмкіндігіне дейін жеткізумен байланысты шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Инновациялық кәсіпорындар қызметінің тиімділігінің төмен болуының негізгі себептерінің бірі Қазақстанда инновациялық және жоғары технологиялық жобаларды басқара білетін, интеллектуалдық меншікті пайдалану мен құқықтық қорғау теориясы мен тәжірибесінің іскерлік қағидаларын кәсіби меңгерген кәсіби инновациялық менеджер-мамандар институтының жоқтығы болып табылады.

Мемлекеттің инновациялық кәсіпкерлікті ынталандыруы бойынша күш-жігері келесі бағыттарда жүзеге асырылатын болады:

- меншік нысанына қарамастан барлық субъектілердің инновациялық

қызметін жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында салық жүйесін одан әрі жетілдіру;

- инновациялық қызметке қажетті ақпараттар мен мәліметтер базасына қол жетімділік және ақпарат алмасу жүйесін дамыту;

- инновациялық қызмет үшін іскерлік және ақпараттық қызметтер нарығын дамытыға көмектесу (құқықтық, қаржылық, консалтингтік, патенттік қорғау);

- инновациялық қызметтің басым бағыттарын дамыту облысында шетел- дік мамандарды шақыру;

- шетелдік инвесторлармен бірге бірлескен инновациялық кәсіпорындар құруды ынталандыру;

- өнертапқыштықты патенттеу тәртібін оңайлату;

- инновациялық инфрақұрылым элементтері үшін мемлекеттік меншіктегі пайдаланылмай тұрған өндірістік алаңдар мен ресурстарды беру жолымен инновациялық қызметті жандандыру мақсатында мемлекеттік меншікті пайдалану тиімділігін арттыру;

- басқарушылық және кәсіпкерлік мәдениетті дамыту т.с.с.
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2006 жылғы 23 наурыздағы ҚР Заңы.

  2. Береснева А. Роль малого бизнеса в развитии экономики. //ЭКО.2010.-С. 25-32

  3. Основные характеристики систем государственно-общественной поддержки и развития малого и среднего предпринимательства зарубежных стран //Материалы пятой всероссийской конференции представителей малых предприятий. – М., 2008.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет