Выбор (таңдау) – қызметі керекті құралды немесе нысанды таңдайды. Бірнеше нысанды бірден таңдау үшін Shift пернесін басамыз. Компонент – таңдалған нысандарға компоненттер таңдайды. Палитра (бояу)– құрастырылған нысанды бояйды. Ластик (өшіргіш) – құрастырылған нысанның керексіз сызықтарын өшіреді.
Прямоугольник (Тіктөртбұрыш) – аты айтып тұрғандай тіктөртбұрыш сызады. Линия (Сызық) – нысандардың бастапқы сұлбасын сызуға пайдаланылатын сайман. Окружность (Шеңбер) – шеңбер сызуға арналған сайман. Дуга (Доға) – нысан құрастыруда доғалар сызуға қолданылады. Многоугольник (Көпбұрыш) – нысанға көпбұрыштар кірістіруге арналған сайман. Қолмен сызу – нысанды қалам көмегімен сызуға мүмкіндік береді.
Модификациялау құралдары – сызбаларды 3D-ға өткізетін негізгі құралдарға жатады.
Перемешения (орын ауыстыру) – кез келген нысанның орнын ауыстыруға пайдаланылады. Егер Ctrl пернесін басып тұрып жылжытсақ, онда нысанның өзі орнында қалып, көшірмесін жылжытады. Тяни/толкай (Созып тарт) – нысандарға үш өлшем беретін құрал. Таңдаған екіөлшемді фигураны тартып созғанда, жоғарыда пайда болады. Вращения (Айналдыру) – нысанды толықтай айналдыра отырып ауыстырады немесе белгілі бір бөлігін айналдырып көрсетеді.
Следуй за мной (Менімен жүр) –Тяни/толкай құралының жетілген түрі десек болады. Нысандарды белгілі бір бағытқа бұрады. Масштабирование (Масшабтау) – нысанның өлшемдерін немесе пропорцияларын өзгертеді. Контур (контур) – ерекшеленген аймақты ішке не сыртқа тартады.