Күнтізбелік жоспар тармақтарын орындау барысы бойынша қысқа ақпарат



бет1/7
Дата08.01.2017
өлшемі1,38 Mb.
#6460
  1   2   3   4   5   6   7
Қосымша
Күнтізбелік жоспар тармақтарын орындау барысы бойынша қысқа ақпарат

2016 жылғы 17 наурыздағы № 32 мемлекеттік сатып алу негізінде келісім-шарт


т.

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

(қантар-қазан 2016 ж.)

Қызметті көрсету мерзімі

1.

Технологиялық және инновациялық даму саясатының басымдықтарын айқындау бойынша қызметтер (Инновацияларды дамыту саласындағы технологиялық болжам, ақпараттық-аналитикалық және консультациялық қызметтерді ұйымдардыстыру бойынша қызметтер)

1.1.

Әлемдегі инновацияларды дамыту үдерістеріне талдау өткізу:

1.1.1)

ҚР үшін 4 жаңа бағыттар - жаңа энергетика, жаңа материалдар, информациялық және коммуникациялық технологиялар (автоматтандыру, роботтандыру, цифрландыру), агроөнеркәсіп кешеніндегі терең қайта өңдеу және МИИБ-ның басым бағыттары бойынша әлемдегі технологиялық үрдістерді бақылау үшін 4 жоғары білікті сарапшыларды (біліктілік талаптарын Тапсырыс берушімен келісу бойынша) тарту;

ҚР үшін 4 жаңа бағыт – жаңа энергетика, жаңа материалдар, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешендегі терең қайта өңдеу бағыттары бойынша әлемдік технологиялық трендтерді мониторингілеуді жүзеге асыру үшін сарапшылыққа үміткерлермен сұхбат жүргізу мақсатында 2016 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті мен Агенттік өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңес нәтижесі бойынша келесі 4 жоғары білікті сарапшылармен Қызмет көрсету шарттары жасалды:

1.Ахметов Абылкасым Балхиевич (29.04.2016 жылғы № 70 шарт) – жаңа материалдарды дамыту саласында.

2. Доскалиев Арман Туребекович (29.04.2016 жылғы № 71 шарт) – ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында.

3. Сарбасова Гайни Толеуалиевна (29.04.2016 жылғы № 72 шарт) – агроөнеркәсіптік кешенде терең қайта өңдеу жүргізу саласында.

4. Кошумбаев Марат Болатович (29.04.2016 жылғы № 73 шарт) – жаңа материалдарды дамыту саласында.


АО

1.1.2)

алғышарттар (ресурстар және факторлар) мен нарықты (экспорт және импорт) есепке алумен Қазақстанда өнімдер шығаруды ұйымдастыру үшін қосылған құндардың халықаралық байланыстары мен жеткізушілердің технологиялық шешімдерін талдау;

Агенттік тарапынан қосымша құн тізбегінің халықаралық тәжірибесіне, экспорт, импорт құрылымына және Қазақстандағы тауар өндірісіне, ресурстар мен технологиялық шешім тасымалдаушыларға байланысты талдау жұмыстары жүргізілді. Жасалған талдау жұмыстарын есепке ала отырып, агроөнеркәсіптік кешен, энергетика, ақпараттық коммуникациялық технологиялар, металлургия, мұнай химия және көмір өнеркәсібі салаларының қосымша құн тізбегі ұсынылды.

АО

1.1.3)

кәсіпорындардың технологиялық қажеттіліктерін есепке алғанда Халықаралық технологиялар трансфері орталығы үшін міндеттерді қалыптастыру;

Қазақстан кәсіпорындардың технологиялық қажеттіліктерін есепке алғанда Халықаралық технологиялар трансфері орталығы үшін міндеттерді қалыптастыру үшін 295 кәсіпорынға сұрау жіберілген.

Технологиялар трансферінің халықаралық орталығы кәсіпорындардың 85 технологиялық сұрау салуын алды, олардың ішінде 62 сұрау салу қаралды және олар бойынша технологиялық шешімдер ұсынылды, 23 сұрау салу бойынша тиісті технологиялық ұсыныстар іздеу жұмысы жалғасуда.



ТТКО

1.1.4)

халықаралық ынтымақтастықты, соның ішінде форумдар мен көрмелерді (ТМД мен ЕАЭО шеңберіндегі ғылыми-техникалық ынтымақтастық) ұйымдастыру және инновацияларды дамыту саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеу;

Халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру аясында Агенттік қызметкерлері төмендегідей іс-шараларға қатысты:

Инновациялық саясатқа шолу жасау бойынша ЭЫДҰ сарапшыларымен кездесулер өткізілді және семинарларда жер қойнауын пайдалану саласындағы қосымша құн тізбегіне байланысты мәселелер талқыланды.

1. 2016 жылдың 12 сәуірінен бастап 13-не дейінгі аралықта Басқарма Төрағасының орынбасары Салимов Ж.К. Қазақстан, Алматы қ.Ұлттық ғылым академиясы базасында «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ базасында ұйымдастырылған «Ғылым және бизнес» атты халықаралық форумға қатысты.

2. 2016 жылдың 19 мамырынан бастап 22-не дейінгі аралықта Басқарма Төрағасы Ізтілеуов С.Б. Қазақстан-герман іскерлік кеңесінің отырысына қатысты, Берлин қ., Германия;

3. 2016 жылғы 21 мамырдан бастап 26-на дейінгі аралықта Басқарма Төрағасының орынбасары Салимов Ж.К. БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясының Инновациялар, бәсекеге қабілеттілік және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жөніндегі комитетінің 10-сессиясының жұмысына қатысты, Женева қ., Швейцария;

Бұдан басқа, 2016 жылдың сәуір айынан бастап мамыр айына дейінгі аралықта Агенттік сарапшылары ҚР Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы біріккен жобаларды – «Қазақстанның инновациялық саясатына шолу» және «Қазақстанның ұлттық интеллектуалды меншік жүйесіне шолу» жүзеге асыру мақсатында ЭЫДҰ өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

4. 2016 жылдың 11 маусымынан бастап 17-не дейінгі аралықта Трансферт және технологияларды коммерцияландыру орталығының (бұдан кейін – ТТКО) сарапшысы Жумадилова Ж.А. Еуропалық одақ және Орталық Азия арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы серіктестік орнату, сонымен қатар EECA-2-HORIZON жобасы бойынша серіктестермен кеңестер өткізу мақсатында Кишинёв қ., Молдавия, барды;

5. 2016 жылғы 12 маусымнан бастап 17-не дейінгі аралықта ТТКО сарапшысы Жумагулов Е.Б. Тәжікстан Республикасының Ғылым Академиясының Инновациялар, ғылым және жаңа технологияларды дамыту орталығы Душанбе қ. Тәжікстан, ұйымдастырылған «Инновациялық тренинг» атты инновациялар жөніндегі 2-семинарына қатысты;

6. 2016 жылдың 27 маусымынан бастап 28-не дейінгі аралықта Талдамалық орталықтың Басқарушы директоры Алин Б.С. Ресей Федерациясы, Мәскеу қ. өткен Ғылыми-техника және инновациялық салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастық кеңесінің 18-ші отырысының жұмысына қатысты;

7. 2016 жылдың 5 қыркүйегі мен 6-ы аралығында Астана қ. Португалиялық IncoNet-CentralAsia және Қазақстан тарапынан ұйымдастырылған «Инновациялық даму тенденцияларының инновациялық картасы» атты стейкхолдерге арналған семинар өткізілді (InExCB-KZ, ЕО Горизонт-2020 Мөлшерлі бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі, және «ТДҰА» АҚ Еуропалық Одақтың IncoNet-CentralAsia жобасы аясында (Орталық Азиямен ғылыми-техникалық серіктестік жөніндегі халықаралық желі).

ЕО Португалия және Грекиядан келген Инновацияларды дамыту тенденцияларының еуропалық диаграммасын құру саласындағы сарапшылар семинар жұмысы барысында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстандық инновациялармен айналысып жүрген мамандармен өзара тәжірибе бөлісті, Талдамалық орталық және Агентіктің Технологияларды коммерцияландыру және трансферттеу орталығының да қызметкерлері қатысты.

8. 2016 жылғы 14 қыркүйекте Астана қ. Қазақстанда және дүние жүзі бойынша «жасыл экономика» қағидаларын ілгерілетуге арналған «Жасыл көпір – Жасыл технологияларға, инновацияларға және қолжетімді энергияға апаратын жол» атты халықаралық конференция өткізілді. Конференция жұмысына Талдамалық орталықтың директоры – Басқарушы директор Алин Б.С. қатысты.

Конференция аясында Халықаралық жасыл технологиялар орталығын құру, «Жасыл көпір» бағдарламасын әрі қарай дамыту, жасыл экономикаға байланысты жүзеге асырылып жатқан жобалардың мәселелері және оларды халықаралық тәжірибені есепке ала отырып қаржыландыру, сонымен қатар жасыл технологияларды трансферттеу мәселелері талқыға салынды. рамках Конференции были обсуждены вопросы создания Международного

9. 2016 жылғы 12-13 қазанда Минск қ., Белоруссия, ҒТС МК 19-шы отырысы болып өтті, оның жұмысына 13 қазан күні Талдамалық орталықтың директоры – Басқарушы директоры Алин Б.С. қатысты.

10. 26-28 қазан аралығында Ресей Федерациясы Үкіметінің бастамасымен, Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің, Мәскеу Үкіметінің, сонымен қатар алдыңғы қатарлы ресейлік даму институттарының қатысуымен «Ашық инновациялар» атты 5-ші инновациялық дамудың Мәскеулік халықаралық форумы ұйымдастырылды, оны «Сколоково» инновациялық орталығы ұйымдастырды. Форум жұмысына Басқарма Төрағасы – Ізтілеуов С.Б. және Агенттік Басқармасы Төрағасының кеңесшісі Тулеев С.Б. қатысты.

11. «Ашық инновациялар» форумының алаңында өткен «Еуропалық апта» көрме форумы аясында 2016 жылғы 26 қазанда «ЭЫДҰ өнеркәсіптік саясатын жүзеге асырудың тиімді механизмдері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып өтті, оның жұмысына Агенттік Басқармасы Төрағасының Кеңесшісі Тулеев Б.С. қатысты.

Бұл ретте Агенттік трарапынан 2016 жылы 26-28 қазан аралығында Мәскеу қ. «Сколково» қорының алаңында өткен «Еуразиялық апта» форумының көрме бөлігін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылды.


АО

1.1.5)

әлемдегі технологиялық үрдісті, сондай-ақ олардың әлеуеті мен Қазақстан экономикасына әсерін талдау;

Күнтізбелік жоспардың 1.1.1 т.т. сәйкес, іске жұмылдырылған 4 сарапшы тарапынан (2016 жылғы 29 сәуірднгі №70, 71, 72, 73 шарттар) жаңа энергетика, жаңа материалдар, АКТ және АӨК терең қайта өңдеу бағыттары бойвынша әлемдік технологиялық трендтерге талдау жүргізілді.

АО



Инновация және ғылым саласындағы дайджесттерді дайындау

Инновацияларды дамыту саласындағы халықаралық тәжірибені үйрену аясында қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, қыркүйек айлары бойынша ғылым мен инновациялар саласын дамытуға байланысты әлемдік тәжірибені үйрену мақсатында дайджестер әзірленді және сайтқа орналастыру үшін ҚР ИДМ жіберілді. 2016 жылдың 15қарашасына дейін сайтқа орналастыру үшін 2016 жылдың қазан айына арналған дайджест әзірленеді және ҚР ИДМ жіберіледі.

АО

1.2.

Технологиялық саясат бойынша Кеңесінің отырыстарында шешімдерді қабылдау үшін Қазақстандағы инновацияларды дамыту үдерістеріне талдау өткізу:

1.2.1)

«технологиялық дайындық» пен «инновациялық әлеует» факторлары шеңберінде ДЭФ ЖБИ-дің 15 көрсеткішінің әрқайсысы бойынша (шолу, талдау, басымдықтар, ұсынымдар мен ұсыныстар) ұлттық инновациялық жүйесінің жағдайын бақылау;

Берілген бағыт бойынша «Технологиялық дайындық» және (Инновациялық әлеует» факторлары бойынша, аталған факторларды құрайтын 15 субфактор кесімінде Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің әрбір көрсеткіші бойынша ұлттық инновациялық жүйенің жағдайын мониторингілеу» аралық есебі дайындалды.

Бұған қоса, 2016 жылдың 28 қыркүйегінде ДЭФ ЖБИ 2015 жылға арналған жаңа есебі жарық көрді (ДЭФ ЖБИ 2016-2017), және бұл Есепте бірқатар индикаторларды есептеу әдістемесі өзгертілді, «Технологиялық дайындық» және (Инновациялық әлеует» факторлары бойынша, аталған факторларды құрайтын 15 субфактор кесімінде Дүниежүзілік экономикалық форумның 2016-2017 жылдар негізінде Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің әрбір көрсеткіші бойынша ұлттық инновациялық жүйенің жағдайын мониторингілеудің» соңғы жаңа есебі дайындалды.



АО

1.2.2)

Қазақстан үшін 75 негізгі технологиялардың дамуын бақылау және Қазақстанда енгізу үшін ресурстар мен факторларды ескерумен 12 ең басым технологиялардың қысқа тізімін құрумен олардың басымдықтарын айқындау;

Деректер мен талдауларды салыстыру тәсілімен анағұрлым басымдыққа ие 12 технологияның қысқаша тізімі жасақталды. Әрбір 12 технологияның экономикалық және әлеуметтік мақсаттылығы бойынша талдау жүргізілді. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, осы тармақты орындау мақсатында бұл ақпарат 29.03.2016ж. №04-02/585 және 27.04.2016 жылғы №04-02/855 хаттармен жіберілді.

75 негізгі технологияны дамытуға байланысты жүзеге асырылып жатқан жобалар бойынша ақпарат жинау мақсатында мемлекеттік органдарға, ұлттық холдингтерге және компанияларға даму институттарына 08.06.2016ж. №04-3-16/4837 сұранысхаттар жіберілді. 31.10.2016 жылғы жағдай бойынша 455 жоба бойынша ақпарат алынған. Бұл жобалар одан кейін 75 негізгі технологияға сәйкес сараланды.



АО , ТТКО

1.2.3)

экономика салалары мен секторлары бойынша өңірлердің инновациялық белсенділігін бағалау;

Агенттік тарапынан өңірлердің инновациялық белсенділіктері бойынша қолда бар деректерді зерттеп-зерделеу жұмыстары жүргізілді. 30.05.2016 жылғы №04-3-16/4545 хатпен әкімдіктерге өңірлердегі инновациялық дамуға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша сұранысхаттар жіберілді.

Есеп әзірлеу аясында экономиканың салалары мен секторлары кесімінде өңірлердің инновациялық белсенділігін бағалаудың статистикалық көрсеткіштеріне талдау жасалды.



АО

1.2.4)

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастық пен кәсіпорындар өкілдерімен индустриалық-инновациялық даму бойынша облыстық әкімнің арнаулы орынбасарларымен жалпы және өңірлік мәжілістерін (Тапсырыс берушімен келісілген кесте бойынша) өткізуді қамтамасыз ету;

Көрсетілген іс-шараны жүзеге асыру үшін Қазақстанның 16 өңірінде инновацияларды дамыту саласындағы мемлекеттік қолдау көрсету құралдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ҰКП өкілдері мен облыс әкімдерінің арнайы орынбасарларымен кеңестер өткізілді.

Сонымен, кестеге сәйкес Агенттік қызметкерлері келесі семинар-кеңестердің жұмысына қатысты:

2016 жылдың мамыр айында - Павлодар облысында;

маусымда – Қарағанды, Жамбыл және Ақмола облыстарында;

шілдеде – Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Алматы.;

2016 жылдың тамыз айында – Ақтөбе, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында.

Қыркүйек айында – Оңтүстік Қазақстан облысы және Астана қ.

Бұдан басқа, Басқарма Төрағасының орынбасары Салимов Ж.К. 2016 жылғы 7 шілдеде «Алматы – бизнес және өмір сүру үшін қолайлы қала» атты Алматы қ. өткен V Инновациялық форумның жұмысына қатысты, ал 2016 жылдың 16 шілдесінде Орал қ. өткен Батыс Қазақстан облысының «AkzhaikInvest» инновациялық форумының жұмысына қатысты.

Облыс әкімдерінің арнайы орынбасарларының, өңірлердегі инновациялардың дамуы үшін жауапты басқарма басшыларының, ҰКП, салалық ассоциациялар және кәсіпорындардың өкілдерінің қатысуымен 2016 жылғы 19 қазанда ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде селекторлық отырыс болып өтті.

2016 жылғы 2 қыркүйекте Агенттік сарапшылары Оңтүстік Қазақстан облысындағы семинарға және 30 қырқүйекте Астана қаласындағы семинарға қатысты.

2016 жылғы 12 қазанда Агенттік сарапшылары Ақтөбе обылысының мемлекеттікөжекешелік әріптестігінің оңірлік орталығымен бірге ұйымдастырылған семинар-жиналысқа қатысты.


АО , ТТКО , БАО

1.2.5)

инновацияларды дамытудың жалпыжүйелік шараларын шешу, соның ішінде мемлекеттік реттеумен байланысты және инновацияларды дамыту мәселелері бойынша ұсынымдарды әзірлеу:




АО



ДЭФ ЖБИ көрсеткіштерінің, әсіресе отандық бақылауы жоқ статистикалық есебін реттеу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті, басқа да мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс;

Көрсетіліп отырған бағытты пысықтау мақсатында 2016 жылғы 6 сәуірде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетімен (бұдан кейін – ҚР ҰЭМ СК) бірге ДЭФ ЖБИ индикаторларын ведомстволық есепке алуды реттеу мәселелері бойынша кеңес болып өтті.

Кеңес барысында есептілік тапсырылмаған ДЭФ ЖБИ индикаторлары бойынша ведомстволық статистиканы ретту жөніндегі мәселелер талқыланды: «жоғары технологиялық өнім» терминінің «Ғылым және инновациялар» бағыты бойынша Статистикалық ақпарат жинақтау әдіснамасына енгізілуі және өзге де мәселелер.

Бұған қоса, көрсетіліп отырған мәселе бойынша ҚР БҒМ, ҚР ҚМ және ҚР ҰБ сұранысхаттар жіберілді және ҚР ҰЭМ СК инновациялық статистика жөніндегі жұмыс тобы отырысының күн тәртібін құру үшін, олардың жауаптарын өңдеу жұмыстары жүргізілді.

2016 жылдың 16 қыркүйегінде ҚР ҰЭМ СК инновациялар статистикасы жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді, оның аясында сәйкес материалдар әзірленді. Жұмыс тобы отырысының нәтижелері бойынша және ҚР ИДМ отырысының хаттамаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар – ҚР БҒМ, ҚР ҚМ және ҚР ҰБ ресми хаттар мен сұранысхаттар жіберілді.

Оның ішінде, ҚР БҒМ қарастыру және әрі қарай пайдалану үшін келесі көрсеткіштерді есепке алуды жүзеге асыру мақсатында қолда бар формаларды тапсыру туралы сұранысхат жіберілді: «ҒЗИ сапасы», «ҒЗТКЖ байланысты компаниялардың шығындары», «Ғалымдар мен инженерлердің болуы» және «Университеттер мен бизнестің ҒЗТКЖ саласындағы ынтымақтастығы».

ҚР ҚМ жоғары технологиялық өнімдерді сатып алу бойыша ақпарат ұсыну формасының жобасы және Жоғары технологиялық өнімдердің тізімі жіберілді. Жоғары технологиялық өнім тізімі бойынша жұмыс әрі қарай жалғастырылды.

ҚР ҰБ – тәуекелді инвестицияландырудың жабық пайлық инвестициялық қорлары және тәуекелді инвестиицияландырудың акционерлік инвестициялық қорларының саны туралы ақпаратқа ашық қолжетімділікті көрсететін хат, заңды тұлғалардың капиталына салынған инвестициялардың көлемі және ақпарат беру форматының жобасы туралы мәліметтер жіберілді


АО



өзгерістердің тарихын айқындап мемлекеттік қолдау шараларын (127 шара) талдау, соның ішінде санның көбею немесе азаюы себептерін, басымдықтар бойынша экономика салалары мен секторларын тәртіпке келтіруін, сонымен қатар олар туралы жастар, инноваторлар және кәсіпорындардың категориялар бойынша хабардарлық деңгейін талдау;

Қолдау көсрету құралдарына талдау жүргізу үшін «ФРП «Даму» КДМ» АҚ, «Қазақстан даму банкі» АҚ, «ТДЫҰ» АҚ, ҚР ИДМ, KAZNEX INVEST, «КИРИ» АҚ, «Казына Капитал Менеджмент» АҚ, NADLoC, «НУХ «КазАгро» АҚ, «КРУА» АҚ, «Атамекен» ҰКП, «НУХ «Байтерек» АҚ, «НУХ «КазАгро» АҚ, ҚР ЕХӘҚМ, ҚР БҒМ, ҚР ЭМ операторларынан арнайы ақпараттар жинақталды. Бұған қоса, 881 респондент арасында сауалнама жүргізілді, оның ішінде кәсіпорын өкілдері, ғалымдар, стартаптар қамтылды, бұл жастардың, кәсіпорындар мен инноваторлардың мемлекеттік қолдау көрсету құралдарын білу деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.

Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша заңнаманы жетілдіруге байланысты сәйкес нұсқаулар берілді.



АО

1.3.

Салалардағы технологиялық саясаттардың жүзеге асуын қамтамасыз ету, атап айтқанда:

1.3.1)

салалар, секторлар және олардың мәселелері бойынша технологиялық жағдайын (деңгейін) анықтау бойынша талдау;

Берілген тармақты жүзеге асыру үшін 2015-2019 жылдарға арналған МИИДБ 6 басым салаларының технологиялық жағдайын анықтауға байланысты талдау жұмыстары жүргізілді (металлургия, химия, мұнай химиясы, машина жасау, құрылыс материалдары өндірісі, тамақ өнеркәсібі).

Жүргізілген талдау аясында салалардағы кәсіпорындардың негізгі қаражатың тозуы, өнім экспорт-импорты, өндіріс тиімділігі, жылдар бойынша салалардың статистикалық жұмыс көрсеткіштері, салалар бойынша карталау жағдайларына қатысты мәселелер қарастырылды.



АО

1.3.2)

«инновациялық әлеует» пен «технологиялық дайындық» факторлары бойынша олардың дамуын бақылау арқылы талап ететінін ескеріп, экономика салалары мен секторларындағы технологиялық саясатты қалыптастыру бойынша бірыңғай әдістемені әзірлеу;

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде дайын бірыңғай (бірегей) әдістеме жобасы әзірленді.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Экономика салалары мен секторларындағы технологиялық саясатты құру жөніндегі бірыңғай (бірегей) әдістемені бекіту туралы» бұйрығының жобасы 31.05.16ж. №04-01/1102 хатпен ҚР ИДМ жіберілді.



АО

1.3.3)

салалық қауымдастықтар, комитеттер, саладағы/сектордағы якорлық компаниялар және тиісті сарапшылармен өзара байланысу арқылы экономиканың салалары мен секторларындағы технологиялық дамудың бойынша жол карталарын әзірлеу;

Экономика салалары мен секторларында технологиялық саясатты құруға байланысты әзірленген бірыңғай әдістеме жобасына сәйкес, сарапшылар тарапынан АӨК, жаңа материалдар, жаңа энергетика және АКТ терең қайта өңдеу саласындағы жол карталарын әзірлеу жұмыстары жүргізілді.

2016 жылғы 20 қыркүйек пен 23 қыркүек аралығында салалық ассоциациялар, сарапшылар мен компаниялардың қатысуымен кеңестер өткізілді, онда сәйкес салалардағы жол карталарында көрсетілген жаңа қадамдар талқыға салынды.

Жол карталарының жобалары және салалық кеңестердің хаттамалары 2016 жылдың 29 қыркүйегіндегі № 04-01/2046 хатымен ҚР ИДМ жіберілді.


АО

1.3.4)

экономиканың жаңа секторларын құру бойынша нысаналы технологиялық бағдарламаларды жүзеге асыруда жұмысты ұйымдастыру және жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта, 2015 жылғы СТБ-ға өтініштер бойынша жұмыстар жалғасуда. Шешімі Технологиялар саясаты кеңесінің отырысында қабылданатын, 3 миллиардтан астам сомаға сындарлы технологиялық бағдарламаларды іске асыру үшін 13 өтініш қаралуда.

АО , ТТКО

1.4.

Кәсіпорындарды картаға енгізу және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, соның ішінде:

1.4.1)

кәсіпорындардың технологиялық дайындығын бақылау (автоматтандыру, роботтандыру және цифрландырудың деңгейін айқындау);

Технологиялық даму саласындағы индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігіне талдау жүргізу мақсатында саалар мен өңірлер кесімінде кәсіпорындар бойынша технологиялық деңгейді анықтау үшін 2016 жылғы 3 мамырда 11803 кәсіпорынға өңірлердің әкімдіктері арқылы №04-01/900 сұранысхаттар жіберілді, сондай-ақ 2016 жылдың 1 қыркүйегінде салалық ассоциациялар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына сауалнама формасы бойынша сәйкес мазмұндағы ақпараттарды жинау ісіне қатысты сұранысхат №04-2-16/6867 сұранысхаты жіберілді.

Кәсіпорындардың технологиялық дайындығының деңгейіне талдау жинақталған деректердің қорытындысы бойынша жүргізілді.

2016 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша сауалнаманы 765 кәсіпорын толтырған.

Бұған қоса, қолда бар деректер негізінде өндіріс көлемі және тиімділік мүмкіндіктері бойынша салалар мен кәсіпорындарды карталау жүзеге асырылды.



АО , ТТКО


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет