7. Негізгі құралдардың шығыс етілуі: тану және есепте ашып көрсету.
Кәсіпорындар өздерінің пайдалануындағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын есептен басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін бергенде, сатқанда, ұрланғанда, жоғалғанда, табиғи апат, зілзала жағдайында бүлініп жоғалғанда шығарады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де кәсіпорындар өздерінің балансыннан негізгі құралдарды есептептен шығара алады. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың іске жарамсыздығын, оларды бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күрделі жөндеудің тиімсіздігін немесе мүмкін еместігін анықтау үшін, сондай-ақ негізгі құралдарды есептен шығаруға қажетті құжаттарды толтыру үшін ұйым басшысының бұйрығымен тұрақты комиссия құралды.
Бұл жоғарыда аталған адамдардың құрамында құрылған комиссия ұйымда мынадай жұмыс пен міндетті атқарады:
есептен шығаралатын негізгі құралдарды толық тексеріп, сонымен қатар оның техникалық құжаттары мен төлқұжаттарында көрсетілген бухгалтерлік есептің деректерімен танысу арқылы объектіні қалпына келтіруге болатындығын немесе болмайтындығын, яғни ол негізгі құралдардың алдағы уақытта пайдалануға жарайтындығын немесе жарамайтындығын анықтайды;
объектіні есептен шығарудың нақтылы себебін анықтайды;
негізгі құралдар белгіленген уақыттан бұрын, яғни тиісті белгіленген пайдалану мерзімінен бұрын істен (есептен) шығарылатын жағдайда оның себебін анықтайды.
Кәсіпорындарда негізгі құралдарды басқаларда тегін беруге жазылатын бухгалтерлік жазу негізгі құралдарды басқадай жолмен есептен шығаруға жазылатын жазулармен бірдей жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |