Лекция курсы Шымкент, 022ж. ӘОж 342. «Құқық негіздері»


Лекция 12. Қазақстан Республикасының жер қойнауын ұтымды пайдалану және қорғау



бет39/44
Дата02.03.2023
өлшемі185,21 Kb.
#170867
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
құқық негіздері (копия)
ҚМЖ тербеліс , Шаруа қожалығын ашудың бизнес жоспары, сор10кл2чет, 07.12.22ОКТЕ каз (копия), журек микропрепарат (копия), Бөж, ойындар, dimashvx¿
Лекция 12. Қазақстан Республикасының жер қойнауын ұтымды пайдалану және қорғау.
12.1 Жер қойнауының маңыздылығы
12.2 Минералды шикізат
12.3 Жер қойнауын пайдалану құқығы
Жер қойнауын пайдалану қатынастарын реттеуге Қазақстан Республикасы басты көңіл бөледі. Бұның бірден-бір дәлелі осы қатынастарды реттейтін бірнеше нормативтік құқықтық актілердің қабылдануы болып табылады. Осы саланы реттеуде ең алғашқыларының бірі 1992 жылы Қазақстан Республикасының
«Жер қойнауы және минералды шикізатты өңдеу туралы» кодексі болып есептеледі. Ал 1995 жылы мемлекет аумағында парламенттік және үкіметтік дағдарыс кезінде, мемлекеттің саяси және экономикалық тағдырына қауіп төнген уақытында Қазақстан Республикасының Президенті жер қойнауын пайдалану саласының өте маңызды екендігін біліп өзіне берілген құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану қатынастарын реттеуге бағытталған заң күші бар бірнеше Жарлық қабылдады. Бұндай Жарлықтардың қатарына: «Лицензиялау туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Мұнай туралы», «Салық және өзге де міндетті төлемдер туралы» т.б. нормативтік құқықтық актілерді жатқызуға болады. Кейіннен бұл Жарлықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, олар жер қойнауы қатынастарын реттейтін заңдар статусына ие болды. Жер қойнауын пайдалану өте күрделі процесс және өзара байланысты бірнеше кезеңдерден тұрады. Әр кезеңде жеке құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл қатынастарға жер қойнауын геологиялық зерттеу, жер қойнауын барлау мен өндіру, жер қойнауын барлау мен өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу қатынастарын жатқызуға болады. Қаншалықты бір-бірінен айырмашылығы болса да, олардың барлығы жер қойнауына байланысты пайда болады. Сондықтан да бұл қатынастарды толығымен қарастырар алдында, ең алдымен, жер қойнауының жалпы ұғымына тоқталып өтейік.
Жер қойнауының ұғымын толығырақ түсіну үшін, ең алдымен, бұл ұғымды жалпы геологиялық және құқықтық тұрғыда қарастырып өтейік. Жалпы геологиялық тұрғыда жер қойнауы – жер қыртысынан, мантиясынан және ядродан тұратын, оның жоғарғы қабатынан орталығына дейін созылған жердің төменгі қабаты (жер асты). Ал тар мағынада, геологияда жер қойнауына ғылыми-техникалық прогрестің көмегімен пайдалы қазбаларды барлауға мүмкіндік беретін жер қыртысының жоғарғы қабатын жатқызады немесе жер қыртысының жоғарғы қабатының орнына, көп жағдайларда жердің астыңғы қабаты деген ұғымды қолданады.
Заңнамалық тұрғыда, яғни Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңына сәйкес жер қойнауы топырақ қабатынан, ол жоқ болса, топырақ қабатынан төмен орналасқан не пайдалы қазбалары жер бетіне шығып жатқан, ал топырақ қабаты жоқ болса, жер бетінен және теңіздердің, көлдердің, өзендердің және басқа да су айдындарының түбінен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке дейін созылып жатқан жер қыртысының бөлігі болып табылады.
Жоғарыда жер қойнауына қатысты айтылып өткен анықтамаларға сай жер қойнауынан пайдалы қазбалардың, минералды шикізаттың шығуы мүмкін екендігі көрсетілген. Минералдық шикізат дегеніміз – жер қойнауының жер үстіне шығарылған, құрамында пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) бар бөлігі (тау-кен жынысы, кен шикізаты және басқалар). Бұдан минералды шикізаттың жер қойнауының бөлігі және оның құрамында пайдалы қазбаның болатындығын көруге болады. Ал пайдалы қазба бұл – химиялық құрамы мен физикалық қасиеті оларды материалдық өндіру және (немесе) тұтыну саласында және (немесе) өзге мұқтаждықтарға тікелей немесе өңдеуден кейін пайдалануға мүмкіндік беретін жер қойнауындағы табиғи минералдық түзілім, көмірсутектер және жерасты сулары [1].
Жер қойнауы мемлекеттің халық шаруашылығы қажеттіліктерін қанағаттандыруға, экономикасы мен әл-ауқатын арттыруға арналған табиғи ортаның бір бөлігі болып есептеледі. Қазіргі таңда дүниежүзі мемлекеттері жер қойнауындағы пайдалы қазбалар мен минералдық шикізатқа тәуелділіктері артпаса кеміген жоқ. Өйткені мемлекеттік кірістің 100% табиғи ресурстардан қалыптасатын болса, онда оның 70% жер қойнауын, 30% жер, орман, суды және өзге де табиғи ресурстарды пайдаланудан қалыптасады деуге болады[2].
Бүгінде Қазақстан Республикасы пайдалы қазбалар бойынша табиғи потенциалы дүниежүзіндегі өте бай мемлекеттердің бірі.
«EconRus» мемлекеттерді зерттеу каталогының ресми мәліметіне сәйкес, Қазақстан Республикасы пайдалы қазбалардың жалпы көлемі бойынша дүниежүзі елдерінің арасында алтыншы орынға ие және дүниежүзі ғалымдардың пайымдауынша барланған жер қойнауының құны 10 млрд. АҚШ долларына пара-пар.Сондай-ақ Менделеев кестесінің 110 химиялық элементінің 99 түрі Қазақстан Республикасының жер қойнауының құрамында бар. 70-ке жуық қор анықталып, 60-ы пайдалануға енгізілді.
Қазақстан Республикасы мұнай мен табиғи газдық қоры бойынша бай мемлекеттердің бірі болып табылады. Мұнай қорының мөлшері 9-дан 17,6 млрд. барельге ие(1,2-ден 2,4 млрд. тонна), газ қорының мөлшері 65-тен 70 триллион куб футты қамтиды (1,84-тен 1,98 триллион кубметр). 2008 жылдың статистикалық көрсеткішіне сәйкес, Қазақстан Республикасында мұнай мен табиғи газдың 202-ге жуық кен орны бар.
Жер қойнауын пайдалану құқықтық қатынастарының объектісі ретінде жер қойнауына заң ғылымының көңіл бөлуінің себебі, ең алдымен, жер қойнауының, оны қорғау мен пайдалану ұғымдарын анықтау арқылы оның реттейтін қоғамдық қатынастың аясын анықтау болып табылады.
Сондықтан да жер қойнауын пайдалану құқығының ұғымы мен мазмұнына тоқталып өтейік. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығы жер қойнауын пайдаланушыға берілген келісімшарттық аумақ шегіндегі жер қойнауына иелік ету және оны пайдалану құқығы болып табылады[3].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет