Лекция курсы Шымкент, 022ж. ӘОж 342. «Құқық негіздері»


Лекция 11. Жасыл экономиканы құқықтық реттеу және қалыптастыру



бет37/44
Дата02.03.2023
өлшемі185,21 Kb.
#170867
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44
Байланысты:
құқық негіздері (копия)

Лекция 11. Жасыл экономиканы құқықтық реттеу және қалыптастыру

    1. Жасыл экономиканың ұғымы

    2. Әлемдік тәжірибедегі «Жасыл экономиканың» маңызы

    3. «Жасы экономикаға» көшу жөніндегі негізгі қағидаттар

    4. Жасыл экономикаға көшу үшін заңнаманы өзгерту

«Тас дәуірі тастың таусылғандығынан аяқталған жоқ» деген қанатты сөзде айтылғанындай, бұл жерде мәселе біздің елде көмірсутегі қорларының аздығы мен көптігіне байланысты ғана емес екендігін, «жасыл экономиканың» адамзаттың ендігі жүрер жолына айналатындығын осы салада күнделікті ашылып жатқан жаңалықтарға қарап та аңғаруға болады. Қазіргі кезде қоғамда «жасыл эко­­­но­мика» сөзінің мәнісін әркім әр­түрлі түсінеді. Бірі мұны табиғат­ты сауықтырып, жақсартатын эко­но­ми­каның жаңа саласы деп қабылдаса, енді бірі бұл сөзді жаңа тех­но­логиялардың негізінде табиғатқа көмектесуге және пай­да келтіруге бағытталған экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшінші біреулер экологиялық таза өнімдер өндірісін жаппай қалыптастыра отырып, адамзат дамуының жаңа кезеңіне өту деп ұғады. Әрине осы түсініктердің барлығы «жасыл экономика» мағынасына өте жақын.
«Жасыл экономика» – бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ пайдаланылған өнім­дерін өндірістік циклге қай­таруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл экономика» бірін­ші кезекте, қазіргі уақытта сар­қы­луға ұшыраған ресурстар­ды (мұнай мен газ секілді пайдалы қазбаларды) үнемді тұтынуға және күн мен жел қуаты секілді сар­қыл­майтын ресурстарды тиім­ді пайдалануға қызмет етеді» деп жазылған бұл жайында Элек­трон­ды мемлекеттік қыз­ме­ттер мен Жасыл коалиция сайттарында. Сонымен «жасыл экономика» таза өнімдер шығару­ға негізделген «жасыл» тех­но­логияларға арқа тірейді. Қазақ­стандық мамандардың пікірінше, «жасыл экономиканы» дамыту, көптеген индустриялық дамыған елдер бастан кешкен экологиялық дағдарысты біздің елде бол­дырмауға мүмкіндік береді. "Жасыл экономика" халықтың өмір сүру деңгейі жоғары болатын, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесінде және елдің қабылдаған халықаралық экологиялық міндеттемелеріне, оның ішінде Рио-де-Жанейро қағидаттарына, ХХІ ғасырға арналған күн тәртібіне, Йоханнесбург жоспарына және Мыңжылдықтар декларациясына сәйкес табиғи ресурстар ұқыпты әрі ұтымды пайдаланылатын экономика ретінде айқындалады. "Жасыл экономика" еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болып табылады. "Жасыл экономикаға" көшу Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіру жөнінде қойылған мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Есептеу бойынша 2050 жылға қарай "жасыл экономика" шеңберіндегі жаңартулар ЖІӨ-ні 3 пайызға қосымша ұлғайтып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп пен қызмет көрсетулердің жаңа салаларын қалыптастыруға, халық үшін сапалы өмір сүру стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әлемдік экономиканың «жасыл» секторының ауқымы әзірге салыстырмалы түрде елеулі емес. Сонымен қатар кейбір жекелеген мемлекеттердің шаруашылық кешеніндегі «жасыл» секторының өсу әлеуетінің үлесін бағалау да қиынға соғады. Осыған орай, халықтың өмір сүру деңгейіне әсерін де құн көрсеткіштері тарапынан бағалау күрделірек. Сондықтан «жасыл» экономика идея­сы қоршаған орта бойынша (ЮНЕП) БҰҰ бағдарламасы ретінде 2008 жылы қабылданды. ЮНЕП-ке сай, «жасыл» дегеніміз – келешек ұрпаққа қоршаған орта үшін елеулі тәуекелге жол бер­гізбейтін, адамдардың теңсіздігін қыс­қартып, әл-ауқатын ұзақ мерзімге жақ­сартуды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономиканың қайыршы­лық­тан құтылуға, экономиканың жоға­рылауына, әлеуметтік интеграцияға ық­пал етуге, адамдардың әл-ауқатының жақ­саруына көмектесетіні құпия емес. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) классификациясына сай, «жасыл» технология­лар бірнеше саланы қамтиды: жалпы экологиялық басқару, энергияны жаңадан іске қосылған көздер арқылы өндіру, климаттың өзгеруі салдарынан болған зардаптарды жеңілдету, ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту, отындарды пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ғимараттар мен жарық беруші құралдардың энергиялық тиімділігін арттыру. Егер әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, көшбасшы елдердің алдында, әрине, Оңтүстік Корея тұр. Бұл елде ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 3%-ы немесе 60 млрд АҚШ доллары «жасыл» сек­­тордың дамуына бөлінеді. Ал АҚШ жа­сыл экономиканы дамытудың негізгі бағыты ретінде баламалы энергетиканы жетілдіру жолын таңдады. Күн құ­рылғыларының көмегімен 2030 жылға қарай ел тұтынатын энергияның 65%-ы, жылудың 35%-ы өндірілетін болады. ЕО елдерінде түгелге жуық энергетика, қо­ғамдық көлік пен инфрақұрылымды дамыту, эко-қоныстар, сонымен қатар қалдықтарды кәдеге жарату жүйесі са­ла­ларында «жасыл» шаралар іске қосылған. Швеция 2020 жылдарға қарай өз елін­де мұнайдан толық құтылуды, кө­мір мен ядролық энергияны үдерістен шы­ғаруды жоспарлап отыр. Қытайда 2020 жылға қарай электр энергиясының 15%-ын жаңа энергия көздерінен алу, ал экономикадағы көміртегі мөлшерін 45%-ға азайту жоспарлануда. ҚХР-дың энергия үнемдеуге, жаңа энергия көзін та­буға, тиісті технологияларға бөлінген мемлекет қаржысының көлемі АҚШ пен ЕО көрсеткіштерінен асып түсті. Қытай өндірушілері күн батареяларының әлем­дік экспортының 40%-ын, жел құ­рылғыларының 20%-ын иеленеді.Қазақстанға келер болсақ, бізде де бұл салада белгілі бір деңгейде іc-­ша­ралар жүзеге асырылуда. Қазақ­станның жасыл экономиканы өр­кен­детуге мүмкіндігі мол. Жасыл тех­нологияға әлдеқайда ұтымды әрі қолжетімді кең-байтақ тер­ри­­тория­сы, тиімді геосаяси жағдайы, на­рық­та­ғы жоғары сұраныстары жаңа мүм­­кіндіктерге қолайлы жағдай ту­ғызады. Жасыл экономикаға көшу әл­деқайда та­­­нымалдықты иеленіп ке­леді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бас­та­масымен «Жасыл» экономикаға кө­шу тұжырымдамасы жасалды. Тұ­жырымдамада экономиканың бел­гілі бір саласын реформалауға ерекше ба­ғыт­талған басымдыққа ие мін­­­дет­тердің түзілімі көрсетілген. «Жасыл» экономикаға көшудің мемлекет алдындағы басты міндеттері: ре­сурстарды (су, жер, биологиялық және т.б. ресурстар) пайдалану мен олар­­ды басқару тиімділігін арттыру, ағым­дағы инфрақұрылымдарды жаң­­ғырту және жаңасын салу, қоршаған ор­таға жасал­ған қысымды оңтайлы жол­дармен жеңіл­дету арқылы қоршаған орта сапасы мен тұрғындардың әл-ауқатын жоғарылату. Қазақстанда «жасыл» экономиканы дамытудың негізгі жеті бағыты қалыптасқан. «Жасыл» экономиканы дамыту бағ­­дарламасы желісімен, Қазақстан эко­номиканың 10 негізгі секторын ин­вес­тициялауды жоспарлап отыр. Олар: ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы, энер­гетика, балық аулау, орман шаруа­шы­лығы, өнер­кәсіп, туризм, көлік, қал­дықтарды қайта өңдеу мен кәдеге асыру, су ресурстарын басқару. «Инклюзивті Жасыл Экономика» Жасыл Экономика моделінің әрі қарайғы дамуы болып табылады (ағылшынның “inclusive” – «өзіне қосу»), және соңғы кездері БҰҰ бұл идеяны қолдап, алға жылжытып отыр. БҰҰ Бас Ассамблеясында 2015 жылы ЮНЕП «Инклюзивті жасыл экономика: көшбасшылар үшін түйіндемені»¹⁴ жариялады, онда «бірігіп пайдалану, циклдылық, серіктестік, ынтымақтастық, тұрақтылық, мүмкіндіктер және өзара тәуелділік» деген ұғымдарға баса назар аударылған. Инклюзивті жасыл экономика қоршаған орта мен денсаулыққа кеңінен танымал қатерлер тудыратын, үнемсіз тұтыну мен өндіріске жағдай жасайтын, экологиялық және қор потенциалының тапшылығына, теңсіздікке әкелетін қазіргі таңда басым болып отырған экономикалық моделдің баламасы болып табылады. Бұл – тұрақтылықпен қатар тұрақты әрі өркендеуші қаржылық жүйенің функциясы ретінде әлеуметтік әділеттілікті көтеру мүмкіндігі болып табылады. Бұл – кедейлікті құрту мен адам денсаулығы, әл-ауқаты мен дамуы негізіндегі экологиялық стандарттарды қорғау.

"Жасыл экономикаға" көшу мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:

1) ресурстардың өнімділігін арттыру: ресурстардың өнімділігі (су, жер, энергетика ресурстарының бір бірлігіне, парниктік газдар шығарындыларының бір бірлігіне және т.б. шаққандағы ЖІӨ ретінде айқындалады) орталық экономикалық көрсеткішке айналуға тиіс, өйткені бұл параметр қоршаған ортаға жүктемені барынша төмендете отырып, еліміздің құн жасау қабілетін бағалайды; 2) ресурстарды пайдалану үшін жауапкершілік: ресурстарды орнықты тұтыну қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу мен бақылау үшін мемлекеттік биліктің барлық деңгейіндегі жауапкершілікті арттыру қажет; 3) неғұрлым тиімді технологияларды пайдалана отырып экономиканы жаңғырту: Қазақстан шамамен таяудағы 20 жылда ЖІӨ-ні, өнеркәсіптік өндіріс көлемін және инфрақұрылым объектілерінің санын бірнеше есеге еселейді. Бұл жаңартулар экономикада мүлдем жаңа шешімдерді қолдану мүмкіндігін ашады: бұл жаңа технологиялар, өндірістің тұйық циклімен интеграцияланған жүйелер немесе электр энергиясын өндірудің "Үшінші индустриялық төңкеріс" шеңберіндегі инновациялық тәсілдері болуы мүмкін; 4) ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі іс-шаралардың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету: ресурстарды тұтынушы салаларды субсидиялау, көбіне, мұндай субсидиялау тиімсіз тұтынуға әкеп соғатындықтан, оларды қысқарту мақсатында ресурстар нарықтарында әділ тариф және баға белгілеуді қамтамасыз ету қажет; 5) бірінші кезекте рентабельді іс-шараларды іске асыру: экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар экономикалық пайда алуға қол жеткізуге мүмкіндік беретін бастамаларға басымдық беріледі; 6) бизнес пен халық арасында оқыту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру: білім беру және кадрлар даярлау жүйесіндегі ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау туралы қолда бар білім беру бағдарламаларын жетілдіріп, жаңаларын әзірлеу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет