Лекция курсы Шымкент, 022ж. ӘОж 342. «Құқық негіздері»


Жасыл экономикаға көшу үшін заңнаманы өзгерту



бет38/44
Дата02.03.2023
өлшемі185,21 Kb.
#170867
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44
Байланысты:
құқық негіздері (копия)
ҚМЖ тербеліс , Шаруа қожалығын ашудың бизнес жоспары, сор10кл2чет, 07.12.22ОКТЕ каз (копия), журек микропрепарат (копия), Бөж, ойындар, dimashvx¿
Жасыл экономикаға көшу үшін заңнаманы өзгерту Кез-келген ерікті немесе міндетті емес бастамалар заңнамалық қолдаусыз тек энузиасттар мен әуесқойлардың сыбағасы ғана болып қалады. Нақты әрекет ету үшін, яғни өмірді түбегейлі өзгерту үшін, мемлекет пен оның экономикасы жүргізіліп отырған ережелерді өзгерту қажет. Қалыптасқан экономикалық тәртіпті «ғаламшарымызды құтқарайық» деген құрғақ ұранмен өзгертіп, жаңарту мүмкін емес. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігі және оның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев, Үкімет пен Парламент осындай қолдаудың қажеттілігін түсіне отырып, бірнеше жылдар бойы табиғи ресурстарды қорғау мен пайдалану саласындағы қоғам, бизнес пен мемлекет арасындағы өзара әрекетті реттейтін Қазақстанның заңнамасын дамытып, оны реформалап келеді. Егер Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында табиғат қорғауға байланысты заңнамаға көбірек назар аударылса, кейінгі кездері Жасыл Экономиканы енгізуге тікелей немесе жанама қатысы бар заңнамалық құжаттар едәуір дамытылуда. Қазақстанның Жасыл Экономикаға көшу процессінің бастамасы ретінде 2013 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшуі туралы тұжырымдамаға» қол қойған кезін айтуға болады. 2014 жылы оны жүзеге асыру жоспары бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президенті жанында Жасыл экономикаға көшу бойынша кеңес құрылды, заңнаманы жасау мен оны реформалау бойынша белсенді жұмыс басталды. 2016 жылы заң шығару белсенділігі Қазақстанның жасыл экономикаға көшуі туралы заңнаманы күшіне енгізумен аяқталды²⁴. Заңнаманы реформалау процессі экономиканың әр түрлі салаларын жасыл экономикаға көшіру бойынша стратегиялық жоспарларды жасаумен қатар жүргізіліп жатты. Осы кезге дейін Қазақстан жиырма жыл ішінде біраз бірізді қадамдар жасаған болатын, бұл қадамдар 1995 жылы UNFCCC²⁵ ратификациялаудан басталды. Одан кейінгі жылдары Қазақстан БҰҰның табиғат қорғау конвенцияларының барлығына дерлік кірді, 2004 жылы Үкімет жанында Тұрақты даму бойынша кеңес құрылып, ұлттық экологиялық кодекс халықаралық конвенциялардың талаптарына сәйкес толықтай реформаланды деуге болады, тұрақты даму ұстанымдары саяси және заңнамалық құжаттардың негізін қалаушы идеялар ретінде енгізілді. Тұжырымдамада Қазақстан үшін ғана емес, басқа да дамыған елдер үшін өте масштабты және өр міндеттер қойылған. Жасыл Экономикаға көшу елдің ЖІӨ 3% жоғарылатып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, бүкіл әлемде мойынсұнған өмір сапасының жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін өндіріс пен қызметтің жаңа түрлері енгізіледі²⁶. Әрине, тұтас мемлекеттің экономикасын біржола жаңа арнаға бұруды қысқа мерзімде жүзеге асыру мүмкін емес. «Қор секторларындағы активтердің циклдық жаңарулары ұзақ уақытқы созылады, ал экономикасы табиғи қазбаларды өндіруге негізделген елдерде таза экономикаға көшу ондаған жылдарға созылады. Бұл жағдайда Қазақстанды есептен шығаруға болмайды». Жасыл Экономикаға кезең-кезеңмен көшу жоспарланып отыр: 2013-2020 жж. – қорларды пайдалануды оптимизациялау және табиғат қорғау әрекетін арттыру, «жасыл» инфрақұрылым құру; 2020-2030 жж. – құрылған «жасыл» инфрақұрылым негізінде суды үнемді пайдалануға бағытталған ұлттық экономиканы қайта құру басталады, қалпына келтірілетін энергетикалық технологияларды кеңінен енгізу және дамытуды көтермелеу және ынталандыру, энергияның жоғары тиімділігі стандарттарына негізделген құрылыстарды салу; 2030-2050 жж. – ұлттық экономиканың табиғат ресурстарын қалпына келтіріп, тұрақтылығын сақтай алатын жағдайда ғана пайдалануды талап ететін «үшінші өндірістік революция» ұстанымдарына көшуі. Жоғарыда айтылып өткендей, Қазақстандағы «жасыл» реформалау көп жылдан бері жүргізілгенімен, аса маңызды өзгерістер 2016 жылы, экология мен оған қатысты мәселелерді реттейтін төмендегі келтірілген заңдар қабылданған кезде енгізілді: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, 28 сәуір 2016 ж. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, 8 сәуір 2016 ж.  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 29 наурыз 2016 ж.  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, 12 қаңтар 2016 ж. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының экология мен жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, 25 сәуір 2016 жыл № 505-V. 23 Әрине, шағын жарияланым аясында заңнамадағы болған «жасыл» өзгерістердің барлығын санамалап шығу мүмкін емес. Соңғы жылдары жасалынған заңнамалық жаңартулардың ең жарқын үлгілеріне ғана тоқталып өтеміз: Электр шығарудың жалпы көлеміндегі қалпына келтірілетін энергия көздері өндіретін энергия үлесінің мақсатты көрсеткіштері енгізілді. Қалпына келтірілетін – жел, күн, биогаз бен шағын СЭС көмегімен шығарылған электр энергиясын сатып алу үшін ынталандыратын «жасыл» тарифтер ( бекітілген қолдау тарифтері, feed-in tarrif, Engl.) енгізу; жыл сайын ұлттық және шетел валютасы бағамының өзгеруіне сәйкес осындай ынталандыру тарифтерін индексациялау (импорттық компонент үлесінің жоғарылығынан баламалы энергетиканың бәсеке қабілеттілігін сақтау үшін); «жасыл» энергияны сатып алу үшін бірыңғай есеп-қаржы орталықтарын (ЕҚО) құру; қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдаланып энергия өндіретін ұйымдар алдында кассалық алшақтық пен қарызды жауып отыру үшін ЕҚО жанынан сақтық қор құру; электр энергиясын тұтынатын жеке тұлғаларға ҚКЭК қондырғыларын орнатуға жұмсаған шығынын өтеу; ҚКЭК қондырғыларын орнату үшін жер бөлу мен он іркіп ұстаудың нақтыланған тәртібін құру қарастырылды.  Қазақстанда таза экологиялық автокөлік құралдары мен оның компоненттерін өндіру мен импорттауды ынталандыру (4 экологиялық классқа сәйкес және одан жоғары, электржылжытқышты). Бұрын болмаған «су тұтынудың үлестік нормасы» ұғымын (су ресурстарын тиімді пайдалануды бақылаудың құралы) енгізу; «су шығынын есепке алуды, тасымалдаушы желілер мен тұтыну нүктелеріндегі су шығыны мен су объектілерінен су алу көлемін қысқарту мүмкіндігін есепке алуды ұйымдастыруды» жыл сайын сараптау бойынша талап енгізілді. «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттері» (ӨКМ) енгізілді, ол бойынша белгілі бір тауар түрін өндірушілер мен импорттаушылар (оның ішінде автомобильдер мен автомобиль шиналары, майлау мен гидравликалық майлар және т.б) олардың тауарларын пайдалану кезінде пайда болатын қалдықтарды өңдеудің өзіндік жүйесін ұйымдастыруға міндетті немесе оларды қайта өңдеу үшін құрылған ӨКМ ұлттық операторының²⁹ есепшотына төлем аударуына болады, ал ол, өз кезегінде, қалдықтарды қайта өңдеуді ұйымдастырып, оның ішінде іріктеліп алынған қайта өңдеуші компаниялардың қызметін төлеп, лайықты технологиялық дамуды ынталандыру қажет. Мемлекеттік сатып алулар үшін «Қазақстан Республикасы аумағындағы қалдықтардан алынған екінші шикізаттан жасалынған тауарға сертификаттаудан өз еркімен өткен» тауарлары бар тауар қоюшы кәсіпкерлерге артықшылықтар енгізілген. Коммуналдық қалдықтар полигонына кейбір тұрмыстық қатты қалдықтарды – оның ішінде, сынабы бар шамдар мен құралдар, шыны сынықтары, қара және түсті металл сынықтары, қызмет етіп біткен автомобиль майлары мен сұйықтары, литий, қорғасын-қышқыл батареялар, оргтехника, пластмасса қалдықтары, қағаз бен картон қалдықтары, тұрмыстық техниканы қабылдауға тыйым салынған; коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау ұстанымы енгізілген; коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдас бөліктері мен оларды бөлек жинау міндеттемесі енгізілген; қалдықтарды қабылдап, тасымалдау және утилизациялаумен айналысатын ұйымдар үшін қалдықтармен жұмыс істеу саласы бойынша стандарттарды жасау мен оларды міндетті түрде сақтау талаптары енгізілді; Шығарындыларды мемлекеттік тіркеуді қалыптастыру мен ластаушыларды қоршаған ортаға төгілуіне байланысты ірі өндіріс кәсіпорындарының эмиссиясы туралы қажеттілік енгізілді. Анықтықты қамтамасыз ету мақсатында регистр ашық қолжетімділікте орналастырылады. Мардымсыз әсері бар ұсақ кәсіпорындар үшін қоршаған орта саласындағы рұқсаттама беру рәсімдері оңайлатылған (мерзімсіз экологиялық рұқсаттама, қоғамдық тыңдалымдарды өткізу қажеттілігінің жоқтығы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет