Лекция курсы Шымкент, 022ж. ӘОж 342. «Құқық негіздері»


Студенттің білімін пысықтау сұрақтары



бет33/44
Дата02.03.2023
өлшемі185,21 Kb.
#170867
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44
Байланысты:
құқық негіздері (копия)

Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.
1.Жұбайлардың мүліктік құқықтары.
2.Некенің сот арқылы және сотсыз бұзылуы дегеніміз не?
3.Балалардың мүмліктік құқықтары.

1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001


2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004
3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001
4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001
5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004
6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004
7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997


Лекция 8. Қазақстан дамуының әлеуметтік - саяси және экономикалық бағыттары
8.1 ҚР-ғы әлеуметтік саясаттың қалыптасуы
8.2 Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың принциптері
8.3 Әлеуметтік құқықтық негіздері
8.4 Әлеуметтік саясатта адам дамуының негізі аспектілері
8.5 Қазақстанның әлеуметтік жағдайдағы бүгінгі мен ертеңі
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезде арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаттың мазмұны экономикалық заңдылықтардың іс - әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде әлеуметтік саясаттың өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің тоғағы жеткен қажеттіліктерін және басқада факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаттың мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:
1)экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай күйі, қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;
2)экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, әлеуметтік саясаттың стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау;
3)белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі (экономикалық қайта құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып) арқылы іс жүзінде жүзеге асыру.
Осы негізгі үш буынның бірлігі әлеуметтік саясаттың мазмұнын анықтайды. Демек, экономикалық заңдардың іс- әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұымдастыру мен пайдалану мемлекеттің әлеуметтік саясаттың мазмұны болып табылады.
Қазіргі кезде әлеуметтік саясаттың көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизімін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік - экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды.
Таяудағы мақсат ретінде –мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.
Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке (өзгеше) қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс.
Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:
1) қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;
2) қаржы қатнастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
3) қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;
4) қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесіндегі кірістердің шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі);
5) мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.
Әлеуметтік саясаттың тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар жатады:
1) объективті экономикалық заңдардың іс- әрекетін есепке алу;
2) нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
3) өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет