6. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы тарихи шындық.
Мақсаты: «Көшпенділер» трилогиясындағы тарихи оқиға, тарихи тұлға порттерінің қаншалықты шынайылығын ғылыми еңбектермен салыстыра қарастыру.
1. «Алмас қылыш»
2. «Жанталас»
3. «Қаһар»
Әдістемелік нұсқау. Бұл тақырыпты ашу үшін еңбекті оқып шығу керек. Тарихи оқиғаларды, тарихи тұлғалар, қоғамның сипатын ашуда сол дәуірге сапар шеге керек. Өздеріңе ұнаған образдарды айтып беру керек. Сонымен қатар бұл еңбектегі күнделікті өмірдің қалай суреттелуін қарастырамыз.
Негізгі әдебиет.
Есенберлин І. Көшпенділер А., Жазушы 1978 ж.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
«Отан тарихының өзекті мәселелері» пәнінен
Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары
Қостанай, 2009.
Студенттердің өз бетімен игеретін оқу-жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Институтымыздың оқу процесіне жақында енгізілген кредиттік жүйе студенттердің өз бетімен білім алу үрдісін дамытуға негізделген. Лекцияны мұқият тыңдап игерген, се-минар сабақтарына толық дайындалып, жақсы баға алған студент пәнді игеруге арналған сағаттардың қалған бөлігін тиімді пайдалануы керек. Студент қалған 98 сағатты лекция тақырыптарын игеруге және толықтыруға, семинар сабақтарына және емтиханға дайын-далуға жұмсауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |