Нарық қатынасы дамуының әр сатысына сәйкес маркетингтiң әр түрлi концепциясы қалыптасты. Олар мыналар:
Өндiрiс концепциясы . Маркетингтiң өндiрiстiк концепциясы тұтынушылар арасында кең тараған тауарларды қолайлы бағамен сатылуын көбейтудi көздейдi.
Тауарконцепциясы. Тауар концепциясы өндiрiстiк концепциямен бiрге пайда болды. Бұл концепцияның негiзi тауарды жетiлдiруге, оның сапасын, дизайнын, орауын жақсартуына көңiл бөледi.
Өткiзуконцепциясы.өндiрiлген тауарды әр түрлi каналдармен тұтынушыға қалайда өткiзудi көздейдi.
Маркетинг (тұтыну) концепциясы. Маркетинг концепциясы кәсiпкерлiк жұмысты ұйымдастыру жағынан жаңа тәсiл. Оның пайда болу себептерi мыналар: тауардың көпшiлiгiне сұранысты барынша қанағаттандырып,онымен нарықты толықтырғандықтан; ҒТП-пен бiрлескен бәсекелес күрестiң күшеюiнен.
Әлеуметтiк-этикалық маркетинг концепциясы. Қазiргi кезде қоршаған ортаның ластануы, табиғи ресурстардың жетiспеушiлiгi, дүниежүзiлiк инфляцияның кең өрiс алуы және әлеуметтiк саланың елеусiз
қалғаны әлеуметтiк-этикалық маркетинг концепциясының пайда болуына әкелдi.
Тексеру сұрақтары:
Маркетинг ұғымын қалай түсiнесiң?
Маркетингтiң мәнi, ролi неде?
Маркетингпен байланысты түсiнiктерге сипаттама бер
Маркетингтi экономикалық процесс ретiнде қалай түсiнесiң?
Маркетингтi шаруашылық қызметi ретiнде қалай түсiнесiң?
Маркетингтi бизнес концепциясы ретiнде қалай түсiнесiң?
Маркетинг тұжырымдаларының негiздерi.
Маркетингтiң принциптерiне мысал келтiр
Маркетинг кешенi дегенiмiз не, элементтерiн ата
Сұранысқа байланысты маркетингтiң түрлерiне сипаттама бер