Лекция. Маркетингтiң МӘнi мен негiзгi түсiнiктерi және мазмұНЫ. Маркетинг түсiнiгi, мәнi, мазмұны. Маркетингтің


Маркетингтің мақсаттары, принциптерi, қызметтерi



бет2/8
Дата12.10.2022
өлшемі71,9 Kb.
#152703
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Ìàðêåòèíãòi? Ì?íi ìåí íåãiçãi ò?ñiíiêòåði æ?íå ìàçì?ÍÛ.

Маркетингтің мақсаттары, принциптерi, қызметтерi.




Маркетингтік мақсаттарфирманың өз мақсатына жетуін қамтамасыз етеді. Бұл мақсаттар сан арқылы көрсетіледі және нақты, уақыты шектеулі, икемді болып келеді, әр түрлі жағдайларға қарай түзетуге келетін мақсаттар болуы мүмкін.
Мақсаттар сатысында, әрине, алғашқы орын фирманын табиғи мақсаты болып саналатын-үнемі пайда түсіру және оны көп шамалау болып табылады. Көптеген американдық батыс еуропалық, ресейлік және қазақстандық фирмалар пайданы өзінің қызметінің негізгі мақсаты ретінде қарастырады. Қазіргі жағдайдағы маркетингті басты мақсаты – адам факторы, бизнес әлемінде табысты дамып келе жатқан компанилардың басшылары оны жандандыру мәселесі – фирмамен маркетингтің мұратына жету үшін керек маңыздылардың бірі деп санайды.
Әр түрлі компаниялардың мақсаттары бірдей бола бермейді, әйтсе де осылардың арасынан ең негізгісін саралап, сонымен бірге арадағы (промежуточные) мақсат болып табылатын екінші деңгейдегі мақсаттардың бәрін бір тізімде біріктіруге болады. Кейіннен сыртқы ортаны маркетингтік талдау нәтижесінде және фирманың бәсекеге қабілетін, сондай-ақ ол қабілетті арттыру жолдарын анықтағанда, бұл мақсаттар түзетілуі мүмкін.
Маркетингтiң мақсаттары келесi 1-суретте көрсетiлген.

Саясатқа қатысты фирма мақсаттары


1-сурет.

Нарықтық қатынастардың дамуының алғашқы кезеңінде қазақстандық кәсіпорындардың маркетингінің басты мақсаты – компанияны сақтау болды (1 кесте).


Кестеден көріп тұрғанымыздай, қазіргі кездегі жағдай барысында барлық компаниялардың басты мақсаты пайда түсіру, ал нарық үлесін ұлғайту, өнім сапасын жоғарылату арадағы мақсат болып табылады.
Осылайша отандық компаниялар өзінің нақты орындалатын маркетингтік стратегиялық және тактикалық мақсаттарын анықтап, оларды жазбаша түрде сәйкес жоспарларда көрсетуі қажет.
Нақты мақсаттарды фирманың өндірістік-ресурстық мүмкіндіктерін
талдау және барлық басқару деңгейлеріндегі менеджерлердің көзқарастарын жалпылау арқылы айқындауға болады. Мұндай әдістемелік тәсіл отандық компаниялардың нақты мақсаты анықтау үдерісін басқаруға және оларды тәжірибеде іске асыруға көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет