Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Құжаттау негіздері және жазбаша іс қағаздары



бет126/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Құжаттау негіздері және жазбаша іс қағаздары
Басқаруды жетілдіру жөніндегі мәліметтерді шешуде құжаттармен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың зор маңызы бар.
Барлық басшылар мен мамандардың міндеті – мәлоіметтер қызметінің маңызды құралы болып саналатын құжаттармен тиімді жұмыс істеуді үйрену. Кәсіпорынды басқару процесінде мәліметтерді тіркеу, жүйелеу, өндеу, тарату, жинақтау және пайдалану құжаттау (документтеу) арқылы жүзеге асырылады.
Құжат – жазбаша іс – қағаздардың материалдық таратушысы
(қағаздар, кино мен фотопленка, магнит таспасы, перфокарта т.б.)
Қарапайым түсінікте құжаттар дегеніміз белгілі бір тәртіппен жасалған, қол қойылған және расталған іс қағаздары. Бұл құжаттар әр – түрлі шаруашылық – қаржы операцияларында, праволық қарым – қатынаста және азаматтардың ісінде жасалады.
Құжаттар кәсіпорынның ішкі және сыртқы қызметтерінде кеңінен пайдаланылады. Онда сан алуан деректердің кез келген түрі (әріптік, цифрлық, графикалық) тіркелуі мүмкін. Құжаттардың заңдылық мәні жоғары болады, оларды сақтау, тасымалдау оңай. Құжаттық мәліметтер басқару шешімін қабылдаудың негізі, оның орындалуының және жинақталуының көзі болып саналады. Басқару ісінде құжаттар еңбек құралы ретінде де, еңбек нәтижесі ретінде де жүреді.
Кәсіпорындар, мекемелер, ведомостволар және олардағы лауазымды адамдар өз қызметін жүзеге асыру процесінде әртүрлі іскерлік қарым – қатынас жасайды да, мұның өзі тиісті құжаттарда (бұйрықтар, қызмет жазбалары, жарлықтар, шарттар, актілер, шешімдер т.б.) көрсетіледі. Бұл құжаттардың барлығы тиісінше толтырылған жағдайда ғана дұрыс әрі заңдылық мәні болады.
Басқару ісінің көптеген нышандары тиісті құжаттар арқылы жоспарлау әзірлеу арқылы, есебін алу статистикалық, бухгалтерлік және жедел – техникалық құжаттарды жасау және өңдеу түрінде; нұсқаулық – нұсқаулар, әдістемелік көрсеткіштер шығару түрінде; бақылау – жазбаша түрде деректер жинау жолымен көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет