Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Ашық жүйенің ерекшелігі сыртқы ортамен тығыз байланыстылығында. Энергия, мәліметтер, материалдар – бұл жүйе шекарасы арқылы сыртқы ортадан енетін объектілер



бет37/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Ашық жүйенің ерекшелігі сыртқы ортамен тығыз байланыстылығында. Энергия, мәліметтер, материалдар – бұл жүйе шекарасы арқылы сыртқы ортадан енетін объектілер. Мұндай жүйе өзін өзі қамтамасыз ете алмайды, оның өмір сүруі сырттан келетін келетін энергияға, мәліметтерге және материалдарға тәуелді. Сонымен қоса, ашық жүйенің сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделгіш қабілеті бар және де мұның өзі жүйенің одан әрі жұмыс істеуі үшін қажет.
Басшылар негізінен ашық жүйемен жұмыс істейді, өйткені барлық ұйымдар ашық жүйеге жатады. Адамдардың ұйымының өмір сүруі сыртқы әлемге тәуелді. Ұйым сыртқы ортадан мәліметтер, капитал, адам ресурстары мен материалдар алады. Бұл компоненттер кіруші деп аталады. Түрлендіру процесінде ұйым осы енетін компоненттерді өңдеп, оларды өнімге немесе қызмет көрсету үшін түрлендіреді. Бұл өнімдер мен қызметтер ұйымнан сыртқы ортаға шығатын компоенттер болып саналады.
Егер ұйым тиімді жұмыс істесе, онда түрлену процесінде енетін компонеттердің қосымша құны пайда болады. Соның нәтижесінде пайда, нарық үлесінің ұлғаюы, сатылатын заттардың көбюі (бизнесте), әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыру, ұйымның өсуі секілді қосымша шығу компоенттері пайда болады.
Кез келген әлеуметтік-экономикалық жүйе біршама дербес, бірақ өзара байланысты екі бөліктен тұрады: басқарылатын (басқару объектісі) және басқарушы (басқару субъектісі).
Басқарылатын жүйе деп, ретке келтіру мақсатында басқару ықпалын жүргізуге арналған объектіні, яғни белгіленген жүйеге жетуге мүмкіндік беретін даму нышанын айтады. Оның өзі өндірістің алуан саласындағы процесті жүзеге асырады.


2.Экономикалық жүйелердің ерекшеліктері

Жүйені кез келген типке қолдану – біршама шартты, абстракты ұғым. Философиялық жүйелер, сандар жүйесі, байланыс жүйелері, білім беру жүйелері дегендер болады.
Жүйелердің біреуі физикалық, техникалық мәндердегі концепциялардың өзіндік үйлесімі болып саналады. Адам денесінің жеке органы да жеке адамның өзі де, жеке машина немесе машина кешені де яғни кейбір міндеттерді шешетін кез келген нәрсе жүйе бола алады. Тұтас әлемнің өзі жүйе, ал оның өзі көптеген үлкен және шағын жүйелерден тұрады.
Жүйелік – табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып саналады. Қоғам әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс істейді. К.Маркс осы тарапында жазып, қоғам тұтастай жүйе ретінде дамиды деп атап көрсетті. Табиғи байланысқан осф жүйенің өзі тұтастай жиынтық түрінде өзінің алғы шарты болады, әрі оның мақсатты дамуы қоғамның барлық элементтерін өзіне бағындыруға немесе содан оның жетіспейтін органдарын құруға бағытталады. Ағылшын тілінің «Оксфорд сөздігінде» жүйеге былайша анықтама береді: «Жүйе дегеніміз күрделі бірлікті құрайтын бір бірімен байланысты немесе өзара байланысты объектілердің жиынтығы немесе комплекс, белгілі бір схемаға немесе жоспарға сәйкес реттеліп орналасқан бірнеше бөлімнен тұратын тұтастық». Ағылшын тіліндегі бұл сөздікке «Рэндом-фоус» фирмасы жүйеге мынадай қосымша анықтама береді: «...белгілі бір саладағы білімнің немесе ойдың реттелген және көлемді фактілердің, принциптердің, т.б. жиынтығы».
Жүйе дегеніміз тұтастай құрылымды құрайтын, жаңа қасиетке ие болатын өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, жүйелердің алуан түрлі нышаны болады. Дегенмен, алуан түрлі бола тұрса да, бүкіл жүйені шартты түрде үш түрге бөлуге болады: техникалық, биологиялық және әлеуметтік, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық.
Жүйедегі объектілерді соның элементтері деп атайды. Белгілі бір шамада дербес жұмыс істейтін және де жүйедегі элементтер жиынтығын жүйе тармақтары деп атайды.
Әлеуметтік-экономикалық жүйе ең күрделі, динамикалы (өсіңкілі) дамитын әрі өзі басқаратын жүйе саласына жатады. Басқа кез келген жүйе секілді, әлеуметтік-экономикалық жүйеге негізгі қасиеттері мен белгілері тән, ал мұның өзі олардың қалыптасуы, жұмыс істеуі, әрі дамуы үшін айрықша маңызы бар. Олар қандай?
Кез келген жүйеде элементтер өзара тығыз байланысты, әрі белгілі бір әдіспен өзара әрекеттеседі. Өзара әрекеттесу жүйедегі элементтер арасындағы байланыс арқылы арқылы көрініп, ал бұлардың өзі заттық (физикалық) немесе ақпараттық (информациялық) болуы мүмкін.
Кез келген жүйе секілді, кәсіпорын жекелеген элементтердің ұйымдасқан бірлестігі, ал оның ерекше бірлескен бөлігі – жаңа сапаға ие болатын бірыңғай тұтас құрылым. Кәсіпорынның бірде бір бөлімшесі тығыз, әрі өзара келісілген байланыссыз (қолда бар ресурстарды техниканы, жұмыс күшін т.б. пайдалана отырып) ақырғы өнімді өндіре алмайды, яғни тұтастай кәсіпорын алға қойған міндетті орындай алмайды.
Жүйе дегеніміз ондағы элементтер қасиетінің қарапайым жиынтығы емес. Әрбір элемент өзіне тән қызметтік мәнді орындайды, демек қасиеттерінің тәуелділігі мен жүйелерге қатынасы да осыған байланысты. Жекелеген элементтердің өзгерткенде, басқа элементтермен және тұтастай жүйемен бірге өтетін сол өзгерістердің сипатын алдын ала болжап, ескере білу қажет.
Жүйенің жалпы қасиеті иерархиялығы (төменнен жоғарыға бағыну тәртібі), яғни жүйе неғұрлым күрделі құрылымға енгенде оның элементіне айналуы және керісінше жүйе элементі дербестік ала отырып, өзі де жүйеге айналады. Мәселен, алдағы уақытта күрделі жүйе болып саналатын кәсіпорын салаға енгеннен кейін, саланың жүйе тармағына айналады т.б.
Әр деңгейдегі жүйе, өзінің белгілерімен және ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Алайда, олардың барлығы құрылымдық заңдылықты және жүйенің жоғары дәрежеде жұмыс істеуін көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген өндірістік бөлімшелер, басқару буындары атқаратын міндеттер жүйедегі жалпы түпкі саясатқа жетуге бағытталған.
Егер кез келген бөлімшенің, басқару буынының мақсатты жұмысы жүйедегі жалпы түпкі нәтижеге жетуге бағытталса, бірақ тұтастай жүйе жұмысына сәйкес келмесе, онда жоғары деңгейдегі жүйе тарапынан белгілі бір шектеу енгізуді қажет етеді. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің маңызды қасиеті, оның дербестігі, өзін-өзщі басқаруы.
Әлеуметтік-экономикалық жүйеніғң маңызды қасиеті олардың автономдығы белгілі (дербестігі), өзін өзі басқаратындығы. Бұл жүйелердің белгілі бір заңдарға негізделген өзіндік басқару органы, өз бетінше өндіру әдістері мен өздігінен дамитын қабілеті бар. Жүйенің бейімделгіштігі, динамизмы, яғни орта жағдайының өзгеруіне ең қолайлы әдіспен жауап қайтаруы, сөйтіп қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз етуі тікелей осыған байланысты.
Сондықтанда, жүйе ортаға неғұрлым бейімделгіш келсе, оның ресурстары да соғұрлым толық, тиімдірке пайдаланылады.
Кәсіпорын ықтимал жүйе болып саналады. Ауыл шаруашылығ өндірісінде мұның өзі тек адам факторының болуына ғана емес, сондай-ақ климат жағдайының кенеттен, ойда жоқта өзгеруіне, мал арасында індеттің етек алуына т.б. тәуелді. Сол себептерден ауыл шаруашылығы кәсіпорны жүйе ретінде бейімделгіштігі, оның шаруашылығының дербестігі өнеркәсіптен неғұрлым жоғары болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет