Лайман Портер – Эдуард Лоулер мотивациясының теориясы.
Лайман Портермен және Эдвард Лоулер кешенді іс жүргізетін мотивация теориясын жасады, бұл теорияда күту теориясының элементтерін әділеттілік теориясына біріктіреді. Олардың моделінде бес негізгі айнымалы көрсетілген (кесте 2) жұмсалған күш жігер, қабылдау, алынған нәтиже, марапат, қанағаттану дәрежесі. Портер – Лоулер моделіне сәйкес алынған нәтиже жұмысшылардың өздерінің ролдерін түсінуге, қабілеттілігін және мінез-құлық ерекшеліктеріне, олардың жұмсаған күш жігеріне байланысты. Жұмсаған күш жігер нәтижесі марапатталу бағаларына байланысты анықталады. Портер-Лоулер теориясында марапаттау мен нәтиже арасында арақатынас орналады, яғни адамдар өздерінің қажеттіліктерін алынған нәтижеге берілген марапат арқылы қанағаттандырады.
Портер-Лоулер моделін жақсы түсіну үшін оның мотивациясы механизмінің элементтерін жақсылап қарастырайық. Тексте жақшаның ішінде көрсетілген сандар 6 кестеден алынған (кесте 2).
Портер-Лоулер моделіне сәйкес алынған нәтиже 3 айнымалығы байланысты: жұмсалған күш жігер (3), адамның қабілетінен мінез-құлық ерекшелігі (4), сондай-ақ жұмысшылардың өздерінің еңбек процесіндегі ролін түсінуіне байланысты (5). Жұмыстағы күш
Жігер деңгейі өз кезегінде марапаттау бағалығына (1) және адамның жұмсалған күш-жігерімен мүмкін марапат арасындағы байланысқа сенуіне байланысты. Қажетті нәтиже деңгейі (6) ішкі марапаттау (7а) және сыртқы марапаттау шараларын қамтиды.
Кесте 2.- Портер-Лоулер моделі
Нәтижелікпен сыртқы марапат арасындағы үзік сызықты байланыс қандай да бір қызметкерлердің нәтижелі жұмысымен оған берілетін марапат арасындағы ықтимал байланысты білдіреді. Нәтижемен марапат арасындағы үзік сызықты байланыстар әділеттілік (8) ретінде қабылданып белгілі бір нәтиже үшін берілетін марапатқа өзіндік баға беруді көрсетеді. Қанағаттану (9) – бұл ішкі және сыртқы марапаттаулардың әділеттілігін (8) ескере отырғандығы нәтиже. Қанағаттану марапаттардың қаншалықты бағалығы екендігінің (1). Бұл бағалау болашақтағы жағдайларда адамның қабылдауына әсер етеді.
Бұл теория күту теориясы мен әділеттілік теориясы элементтерінің тіркесуіне жасалған теория. Мұның мәні сый ақы мен жеткен нәтижелер арасында өзара қарым-қатынастың орналасуында. Л.Портер мен Э.Лоулер сыйақы мөлшеріне ықпал ететін үш ауыспалы енгізген: шығынға кеткен күш-жігер, адамның жеке мінез ерекшеліктері мен оның қабілеті және еңбек процесіндегі өзінің ролін танып білу. Күту теориясының нышандары бұл жерде жұмысшы сыйақыны жұмсалған күш-жігерге сәйкес бағалап, және бұл сыйақы өзі жаратқан күшіне парапар болатындығына сенімді болуынан байқалынады. Әділеттілік теориясының нышандары адамдар басқа қызметкерлерге қарағанда сыйақының дұрыс немесе бұрыс болуы жөнінде өздерінің пікірлері барлығында білінеді және қанағаттану дәрежесіне де сәйкес. Осыдан барып қызметкердің қанағаттануының себебі нақ еңбек нәтижесі болып табылатындығы жөнінде шешім пайда болады. Осындай теорияға сәйкес нәтижелілік жоғарылап тұруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |