Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Ассоциациялардың ұйымдастыру - құқықтық түрлері: холдинг компаниялары мен қаржы-өнеркәсіп топтары, концерндер, консорциумдар, трестер, синдикаттар, картельдер



бет116/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   292
Байланысты:
менеджмент

5.Ассоциациялардың ұйымдастыру - құқықтық түрлері: холдинг компаниялары мен қаржы-өнеркәсіп топтары, концерндер, консорциумдар, трестер, синдикаттар, картельдер
Ассоциациялар – шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің бірыңғай экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүдделер негізінде ерікті түрде заңды ұйым ретінде бірігуі.
Ассоцияцияға кіретін кәсіпорындар шаруашылық дербестігін, заңды тұлға құқығын сақтайды, меншік нысанын өзгерпейді, өз қызметін кәсіпорындар туралы заңының ережелеріне сәйкес жүргізеді. Ассициация құрамына мемлекеттік, жалгерлік, бірлескен, акционерлік қоғам, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындары өз құрылтайшыларымен келіспеспей-ақ кіре берулеріне құқылы. Ассоциациялар өндірістік шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметін ел аумағында, тіпті шетелдерде де халық шаруашылығының кез-келген салаларында жүзеге асыруларына болады. Түрлі өндірістік, шаруашылық, басқару жұмыстарын бір орталықтан жүзеге асыру мақсатында бұл міндеттер ассоциацияға қатысушының біреуіне немесе бірнешеуіне жүктеледі. Ассоциацияға қатысушылар бірлескен қызметтен түскен пайдадан (кірістен) өз үлестерін алуға құқылы. Ассоциациялардың негізгі түрлері мыналар:

  • концерн;

  • салааралық ;

  • мемлекеттік бірлестік;

  • шаруашылық ассоциациясы;

  • консорциум.

  1. Концернқатысу жүйесі, мүдде ортақтығы туралы шарттар, қатысу үлесі, патенттік-лицензиялық келісімдер, қаржыландыруға, өндірістік ынтымақтастық негізінде өзара тығыз байланысқан дербес кәсіпорындар бірлестігі. Біріккен кәсіпорындарда акционерлік қоғам немесе басқадай сауда серіктестіктері түрінде заңды ұйымдар құқығы сақталады.

  2. Консорциумкапиталистік монополиялар нысандарының бірі, қарыздарды бірлестіре орналастыру, үлкен көлемде қаржы немесе күрделі коммерциялық операциялар жүргізу, іріленген өнеркәсіп құрылысын жүзеге асыру, белгілі бір өнім түрін өндіруді мейлінше ұлғайту мақсатында бірнеше банк немесе өнеркәсіп субъектілері арасында жасалып, қабылданатын уақытша келісім.

Холдинг – басқа компанияларға бақылау жасау мақсатында өзінің капиталын олардың акцияларының бақылау пакеттерін сатып алу үшін пайдаланатын акционерлік компания.
Картель – біртектес өнім өндіретін тәуелсіз өнеркәсіп орындарын белгілі бір нарыққа үстемдік орнату мақсатында ұйымдастырған бірлестік, ассоциация. Картельге мүше болу ерікті.
Мына белгілер бойынша жіктеледі:

  • сату шарттарын қадағалау жөніндегі ассоциация;

  • баға белгілеу жөніндегі ассоциация;

  • өз мүшелері арасында өндірістік қызметті, өнімдерді сату аумағы мен тұтынушылар бойынша бөлу мақсатында құрылған ассоциация;

  • бизнестің белгілі бір саласында нақты үлесті айқындауды көздейтін ассоциация.

Синдикат – өндірушілердің өнімді біртұтас сауда кеңсесі арқылы бірігіп сату жолымен бәсекені болдырмау және монополиялық пайда алу мақсатымен монополиялық бірігу нысаны. Синдикатқа қатысушылар коммерциялық дербестігін сақтамаса да, өндірістік дербестігін жоғалтпайды.
Трест – кәсіпкерлер бірлестігі, ол өзіне кіретін кәсіпорындардың өндірістік, коммерциялық және заңдық дербестігін жойып, бірыңғай басқару жүйесіне бағынуымен ерекшеленеді.
Кәсіпорындар қызметтерінің негізгі мақсаттарына қарай:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет