Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Аралас (командитті) серіктестікте



бет112/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Аралас (командитті) серіктестікте бір немесе бірнеше қатысушылар несие берушілер алдында бүкіл мүліктермен жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі олардың әрқайсысының қоғамдастыққа қосқан үлесі (салымы) бойынша шектеледі.
Бүкіл мүліктермен тәуекелге барып отырған қатысушы қоғамдастықтың ішкі мүшесі немесе толық серіктестіктер, ал тек қана қосқан үлестерінің мөлшер шамасына сәйкес тәуекел етушілер сыртқы қатысушылар немесе командиттер деп аталады. Мәселен, «Джонсон-Джонсон» командитті серіктестік. Командитті серіктестерді ұжым басқарады және ол өкілетті қызмет атқарады. Қоғамдастық сыртқы қатысушылардың қосқан үлестеріне сәйкес акциялар шығарады. Мұндай қатысушыларды акционерлік командиттер, ал қоғамның өзін акционерлік командиттер деп аталады.
Салық тұрғысынан қарағанда, командитті серіктестік – жауапкершілігі шектеулі қоғам. Мұндай құрылым жауапкершілігі шектеулі командитті серіктестік деп аталады. Оның артықшылығы – салық төлеу тұрғысынан қарағанда, ол – серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан алсақ, жауапкершілігі шекетеулі қоғамдастық. Әдетте олардың капиталы да көп болмайды.
Біздің елімізде командиттік серіктестіктің аралас түрі әлі дами қойған жоқ. Алайда белгілі бір жағдайда оған деген қажеттіліктің туу әбден мүмкін. Мысалы, әлеуметтік – экономикалық маңызы бар бағдарламаны жекелеген азаматтар береді, ал оған сенім білдіріп, мақұлдайтын кәсіпорындар да кездеседі. Бірақ оны жүзеге асыруға қажетті қаражат екеуінде де болмауы мүмкін. Осыған орай, серіктестіктің аралас түрі құрылады, жеке тұлға оған шектеулі жауапкершілікпен алынса, ал кәсіпорын толық мүшелік құқымен кіреді. Міне бұл жағдайда:

  • біріншіден, кәсіпорындар банк несиесінің кепілі бола алады;

  • екіншіден, кәсіпорынның бақылауымен оған жеке адам билік етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет