Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Фирма ішіндегі информация жүйесіннің негізгі қағидалары, мәселелері мен функциялары



бет124/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   292
Байланысты:
менеджмент

2.Фирма ішіндегі информация жүйесіннің негізгі қағидалары, мәселелері мен функциялары
Басқару процесінің мәліметтік сипаттамасы әр түрлі кезеңдер мен сатылардағы мәлімет рөлі, оны пайдалану нышаны мен сипаты, параметрлері ықпал етеді.
Мұндай сипаттамаларға жататыны:
1. Басқару процесінде пайдаланылатын мәліметтердің саны мен сапасы. Мәліметтің барлық түрін саны мен сапасы бойынша мұқият бағалау мүмкін емес. Мұндай бағалау көп жағдайда мәліметтердің тіркелу әдістеріне, әр түрлі тасымалдаушылардың қолданылуына т.б. тәуелді.
Кейде басқару аппаратындағы қызметкерлерге мәліметтер шамадан тыс көп келеді, яғни мәлімет молшылығы пайда болады. Мұның өзі шешім қабылдауды қиындатады. Кейде керісінше – басқару аппаратының қызметкрлеріне қажетті мәліметтер жетіспейді де, мәлімет тапшылығы пайда болады, мұндай мәлімет жеткіліксіздігі жағдайында шешім қабылдауға тура келеді.
2.Мәліметтің толықтылығы, мұның өзі басқару үшін қажетті және алынған мәліметтердің қатынасы бойынша анықталады. Қажетті мәлімет саны, оны жинауға және таратуға кететін уақыт шығынына байланысты. Мәліметтер сапасын бағалау үшін мынандай сипаттаамаларды пайдаланылады: дұрыстығы мен дәлдігі, толықтығ, өзектіліг, құндылығы және пайдалылығы.
3. Мәліметтің дұрыстығы мен дәлдігі басқару ісін мәліметтермен қамтамасыз етілуін сипаттайды. Кез келген нақты деректер шынайы оқиғаның анықтылығын көрсетеді. Мәліметтер неғұрлым дұрыс болса, тиімді шешім қабылдау мүмкіндігі де соғұрлым арта түседі.
4. Мәліметтің өзектілігі – басқару ісін мәліметтермен қамтамасыз етудің маңызды сипаттамасы. Мәліметерді дер кезінде алмасу жөніндегі айшықты сөзді біз А.И. Бергтің жазғандарынан кездестірдік. Ол былай дейді « ... Мәліметті аз шамада шарапқа теңеуге болады, ол көп тұрған сайын сапасы мен хош иісі жақсара түседі».
5. Мәліметтердің құндылығы, пайдалылығы басқаруды мәліметпен қамтамасыз етудің маңызды сипаттамасы. Бұл сипаттама салыстымалы түрде, өйткені мәліметтің құндылығы оны қабылдайтын субъектілерге байланысты. Міне, сондықтан да мәліметтердің құндылығын қатаң бағалауға немесе өлшеуге болмайды. Дегенмен де, басқару практикасында әрбір басшы шешім шығаруды ойластыра отырып, алынған деректерді бағалайды. Егер басшыға жұмысына кедергі жасайтын тиімсіз мәліметтер тым жиі келетін болса, онда ол басқару процесіндегі мәліметпен қамтамасыз етілуді теріс бағалайды.
6. Мәлімет тығыздығы – бұл оның саны. Тиісті өндеу техникалары болмағанда мәлімет тығыздығының төмендігі басқару процесінде қол жұмыстары көлемін ұлғайтып, мәліметтерді сақтау және іздестіру процестерін күрделендіреді, соның әсерінен өндірістік басқару еңбегі кемиді.
Кәсіпорынның барлық буындарын қамтамасыз ететін құжатталған мәліметтердің жиынтық операциясы іс жүргізу саласына жатады.
Іс жүргізу басқарудың негізгі қызметінің бірі бола отырып , әкімшілік қызметке елеулі ықпал етеді. Басқарудың жеделдігі, сенімділігі, үнемділігі, басқару еңбегінің ұйымдастырылуы, аппарат мәдениті, басқаруды механикаландыру деңгейі, болашақта құжаттық мәліметтерді пайдалану мүмкіндігі аппараттағы құжаттық жұмыстардың әзірлігіне байланысты.
Жеделдік өңдеу мен жеткізуді тездету арқылы жүзеге асырылады.
Сенімділік – мәліметтердің сапалылығы мен дұрыстығы, анықтамалық – мәліметтік қызметтің мүлтіксіз жолға қойылуы, құжаттарды іздестіру, сақтауды және пайдалануды тиімді ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттар заңды күшіне ие болу үшін, онда реквизиттер деп аталатын бірқатар элементтер болуы тиіс. Қағаз бетінде белгілі бір тәртіппен орналасқан құжат реквизиттерінің жиынтығын формуляр деп атайды. Құжат формулярында онымен жедел жұмыс істеуге қажетті деректер болуы тиіс.
Жалпы реквизитерге жататыны - Республика елтаңбасының «гербісінің» белгісі, эмблема, ұйымның аты мекен – жайы, телефон нөмірі, банкідегі счет нөмірі, құжат тұрінің аты «бұйрық, хаттама, протокол т.б.» жасалған орны немесе басылымы, мәтін тақырыбы тексге қойған қолы, құжаттың торындалған туралы белгі. Аталған тізбелер толық емес, реквизитте ең көп дегенде 26 атау болуы мүмкін. Нақты құжаттарда олар көп болуы да немесе соның кейбіреулері болмауы да мүмкін.
Кәсіпорынның қызмет құжаттарды. әдетте, бланкіге басылуы тиіс, мұның өзі мәліметтерге ресми сипат береді. Құжат бланкісі – бұл мөлшері стандартты, күні бұрын элементтері реквизиттері басылған қағаз (форматы А-4 210 – 297 ). Әрбір кәсіпорынның қызмет жазбасына арналған бланкілері жән барлық басқадай құжаттарға арналған бланкілері болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет