Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет121/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Мәлімет қасиеті
Мәлімет процестерін ұйымдастырған кезде, жалпы және ерекше сипатта болатын мәлімет қасиетін де ескеру қажет.
Мәліметтің негізгі қасиеті, оның оқиғаларды, процестерді көрсете алатын қасиетінде. Біз көңіл аударатын жүйе неғұрлым күрделі болған сайын, оны сипаттайтын деректердің құрамы мен ауқымы соғұрлым қомақты, мәліметтерді жинақтау, тарату, өңдеу құралдарының қуатын арттыруға және жетілдіруге талап күшейеді.
Қазіргі кәсіпорындар қызметі толып жатқан процестер, оқиғалар, құбылыстар жиынтығынан тұрады, олардың әрқайсысы мәлімет көзі болып саналады. Мұндай кәсіпорындарды басқарудың күрделілігі көбінесе өндіріс сипаттамасын бағалауға байланысты.
Мәліметтер қасиетінің бірі – оны әлде неше рет пайдалануға болатындығы. Бұл қасиеті мәліметтің тұтыну ерекшелігіне сол процестен кейін оның жайылып кетпейтіндігіне байланысты. Осындай қасиеті болғандықтан мәліметті өңдеу, сақтау жүйесін ғана емес, сондай – ақ басқару аппараты қызметкерлерінің оны пайдалануды орталықтандыруына тура келеді.
Мәліметті жинаудың негізі оны түсіну, яғни объект бейнесін қалыптастыру, оны тану және бағалау. Мәліметті түсінудің нәтижесінде ол таратуға және өңдеуге лайықты нышанғнәтижесінде ол таратуға және өңдеуге лайықты нышанға ие болады. Адамдар мәліметтің кез – келген түрін түсіну үшін, оның өзі адам органдарының сезіміне лайықталып тиісінше индекстелуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет