Индекстелу нышандары: - цифрлық (құжаттарға цифрмен жазу, есептегіштерге счетчиктерге ), таблоға жазу т.б.)
Алфавиттік (құжаттарға сөзбен жазу, есептегіштерге, таблоға жазу т.б.)
Символикалық (сызбаларға, чертеждарға), схемаларға шартты түрде бейнелеу.
Заттық – бейнелік (телевизиялық бейне, фотосурет т.б.)
Мәліметті тасымалдаушылар ( оны кескіндеу және тарату құралдары)
Дәстүрлі жүйеде - адам есі ( мәліметтің аузша және жазбаша түрлері )
құжаттар ( ведомостар кестелер, деректер, технологиялық карталар, нарядтар т.б. )
механикаландыруды және автоматтандыруды қолдана отырып:
нерфокарттар, перфоленталар, магниттік дискілер, барабандар т.б.
Мәліметтер қозғалысы
Мәліметтер – басқару процесінің негізі болып саналады. Басқару процесінің барлық сатылары мен кезеңдері мәліметтерді өңдуге байланысты. Мәліметтерсіз басқару, мақсатын айқындау, жағдайды бақылау проблеманы тұжырымдау, шешім қабылдау және орындалуын бақылау мүмкін емес.
Басшының және басқару аппаратының ұйымдық – практикалық қызметі де көбінесе мәліметтік ( ақпараттық ) сипатта болады, үйткені олар шешім қабылдау үшін мәліметтер алады және де қабылдаған шешімдер жайлы мәліметтер таратады.
Мәліметтер рөлі біркелкі емес, ол әр түрлі кезеңде түрліше келеді. Мәселен, басқару мақсатын айқындаған кезде мәлімет ауқымы, оның соннылығы, құндылығ, толықтығы т.б. маңызды.
Жағдайды бағалаған кезде, осы бағалауды жинақы түрде, жүйелік тұрғыдан анықтауға мүмкіндік беретін мәлімет түрлерінің айырықша маңызы бар.
Шешімді шығару және аналиткалық әрекет сатысында мәліметтерді өңдеу мүмкіндігі зор рөл атқарады да, мұның өзі оның ұсынылу нышанына тәуелді болады.
Шешімді жүзеге асыру жөніндегі ұйымдық – практикалық істе мәліметтердің тарату процестері, таратылу жылдамдығы, дер кезінде берілуі, оның түсу толықтылығы тағы басқа айрықша рөл атқарады.
Басқару процесінде мәлімет рөлі екі жақты, Біріншіден, өндіріс дамыған сайын мәлімет көлемінің тұрақты ұлғаюы басқаруды қиындата түседі, Екіншіден, мәліметтер, әсіресе ғылыми – техникалық мәліметтер ұлғайған сайын басқаруды жетілдіру мүмкіндіктері де арта түседі. Сонымен, басқаруға пайдаланылатын мәлімет көлемінің өсуін бір жақты бағалауға болмайды. Мұның өзі басқару қиындығының диалектикалық тұтастығын және оны ойдағыдай меңгеру мүмкіндігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |