Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет123/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Мәліметрді жіктеу.
Өндірісті басқару процесінде мағыналық мазмұны жағынан алуан түрлі мәліметтерді пайдалануға тура келеді. Оның өзі мәліметтің қолданылу мақсаты, тасымалдану, оқиғаны қамту дәрежесі, қозғалу бағыты және басқа да белгілері жағынан түрліше болады. Бұл белгілер біршама көп болғандықтан мәліметтерді жіктеуге тура келеді. Мұның барлығы қойылғанмақсатқа орай мәліметтер тасқынын қаншалықты терең зертейтінімізге байланысты.

  1. Мәліметтер басқару жағдайына қарай жіктелуі мүмкін. Бұл белгілер бойынша экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, техникалық мәліметтер болып бөлінеді.

  2. Көрсетілу сипатына қарай кескінделген, аудио және аудиовизуалдық мәліметтер болып бөлінеді.

  3. Көрсетілу нышаны бойынша цифрлық, әріптік және кодталған мәліметтерше бөлуге болады.

  4. Алыну көзі бойынша сыртқы және ішкі мәліметтерге бөлуге болады. Мұнда басқару жүйелерінің деңгейі бойынша жіктелетін кіріс және шығыс мәліметтеріне бөледі. Ішкі мәліметтер өндіріс жүйесінің алуан түрлі даму динамикалығымен ( өсіңкілігімен ) сипатталады.

  5. Өндеу дәрежесі бойынша алғашқы және туынды мәліметтерге бөлінеді. Басқару практикасында туынды ( екінші ) мәліметтер пайдаланылады, оны тұрақты және ауыспалы мәліметтерді өндеу нәтижесінде алды және де мұның өзі шешім қабылдауға неғұрлым даяр мәліметтер болып саналады.

  6. Мәліметтер қарқынды пайдалану уақыты бойынша да жіктелүі мүмкін. Мұнда шартты тұрақты және ауыспалы мәліметтерге бөлуге болады.

Жалпы мәліметтердің ішінде шартты – тұрақты мәлімет көлемі бойынша шамамен 70 % - дай болады, әрі мұның өзі өзгеріссіз қалады немесе ұзақ уақыт бойы шамалы ғана өзгеріп, басқару міндеттерін шешу үшін талй рет пайдаланылады.
Жүйелердің даму бағытының өзгеруі тұрғысынан қарағанда ең маңызды әрі күрделі ауыспалы мәліметтер болып саналады. Ол негізінен алғанда өндірісте пайда болып, әрбір нақты уақыт аралығындағы оның жай күйін сипаттайды. Бұған өндірісті қоршаған орта арқылы оған ықпал ететін мәліметтер жатады.
Бұл мәліметтердің динамикалығы ( өсіңкілігі ) оны өңдеу үшін ерекше жоғары қарқынды қажет етеді, бұлай болмаған жағдайда оны пайдалану мәні жойылады.
Шартты – тұрақты және ауыспалы мәліметтерді, өндірістің даму барысында пайда болған алғашқы мәліметтер деп атауға болады.

  1. Мәліметтер басқару жүйесіне қатыстылығы бойынша кіріс және шығыс мәліметтері болып бөлінеді. Басқару объектісіне келетіні – кіріс, басқару объектісінен шығатыны – шығыс мәліметтері делінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет