Басшылар мен мамандар құжаттарға қойылатын негізгі талаптарды білуі тиіс. Құжаттарды өкілетті органдар немесе билігі бар лауазымды адамдар шығаруы тиіс;
Құжаттар қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмеу тиіс;
Құжаттар дұрыс болуы және нақты басшылық ету міндеттеріне жауап беруі, яғни нақты мерзімге негізделуі, әрі айқын ұсыныстары нұсқаулары болуы тиіс;
Құжаттар белгіленген нышан бойынша жасалуы тиіс;
Құжат нышаны кәсіпорын алдына қойылған мақсатқа және қабылдаған жұмыс тәсіліне сай келуі, орындауға ыңғайлы болуы тиіс ;
Құжаттар мәліметтерді логикалық және күні бұрын әзірленген тәртіпке тіркеуді қамтамасыз етуі, мәліметтердің тиісті тақырыпшаларын, графа атауларын тауып алу оңайлатыу тиіс;
Құжат нышаны қажетті жазуларды еңгізуге ыңғайлы болуы тиіс;
Құжаттар дәл, айқын, қысқа, сенімді толтырылуы тиіс.
толық – мәселені шешуге байланысты барлық жағдай қарастырылуы;
айқын, яғни қарапайым тілмен баяндалуы;
сенімді – толық негізделуі және дәлме – дәл дәлелденуі тиіс.
Жазбалар ыңғайлы болуы үшін хатта бір мәселе жөнінде әңгіме болғаны жөн, баяндуда логикалық реттік сақталсын. Сондықтан да құжатты дайындаған кезде оның жоспарын, логикалық элементтер құрамын, кіріспе бөлімін, нақты мәселені (дәлелдемелрді ) негізгі түйін мен қортындыны мұқият ойластырған жөн.
Кіріспе бөлімінде хаттың жазылу себептерін сілтеме беріледі (жоғарғы органдардың директивалары, белгілі бір жағдайлар т.б.)
Дәлелдемеде мәселе мәні баяндалады: мұнда тиісті фактілер мен түсініктемелер келтіріледі.
Егер хатта күрделі дәлелдемелерді қамту қажет болса, онда негізгі түйын айтылады: мұндай дәлелдеме қортындысы қысқаша баяндалады.
Қортынды сөз хаттың негізгі, міндетті бөлігі болып саналад, онда хаттың жазылу мақсаты түсіндіріледі.
Логикалық элементтер тура және кері тәсілдермен орналастырылуы мүмкін, өңдеу қажетті шығыс мәліметтерін беру көзделеді.
Мәліметтер жүйесін шартты түрде шамалы күрделі, күрделілігі орташа және едәуір деп бөледі. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы шамалы күрделі жүйеге, адамдардың белгіленген модель бойынша мәліметтерді алуын, жиналуын, таратуын, өндеуін және қалыптастыруын жүзеге асыру жатады. Мұндайда шағын есептеу техникаларын пайдалануға болады. Қазіргі кезде мұндай жүйе көп тарағаны.
Күрделілігі орташа мәліметтер жүйесінде мәліметтерді өңдеу жөніндегі технологиялық операцияның біреуін адамдар, басқасын – техникалық құралдар (есептеу – перфорациялық т.б. техникалар) көмегімен жүзеге асырады. Мұндай жүйелер шағын кәсіпорындарда құрылады.
Едәуір күрделі мәліметтер жүйесінде мәліметтерді өңдеудің барлық технологиялық процесстері толық автоматтандырылады. Мұндай жүйеде мәліметтерді алу, жинау, тарату, өңдеуден бастап шығыс құжаттарын қалыптастыруға дейінгі барлық процесс прогресивті техникалық құралдар көмегімен автоматтандырылып жүзеге асырылады. Демек, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өндірісті басқарудың авт,маттандырылған жүйесі құрылады. Алайда мұнда атап көрсететін бір жәйт, мұндай жүйеге адамдар қызметі де қатыстырылады.
Соңғы кезде мәліметтер жүйесінің тағы бір типі – автоматтандырылған түрі кездесетін болды. Мұнда мәліметтерді алудан бастап басқару командасын беруге дейінгі барлық процесс тиехникалық құралдар жиынтығымен жұзеге асырылады.