Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет127/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Құжаттауқұжаттарды жасау және әзірлеу процесі. Заңдастырылған актілерді бірқатар қағидалар қарастырылған. Мәселен, мәліметтерді құжаттау міндетті болып саналады, сондықтан да оның заңдылықты, орындауды, бақылауды, еңбек тәртәбән нығайтудың бірден бір құралы болып саналады.
Нақты бір мәселелерге, оқиғаларға, құбылыстарға т.б. арналған құжаттар жиынтығын құжаттау (документтеу) деп атайды.
Құжаттармен жұмыс істеу логикалық және техникалық операциялардан тұрады. Логикалық (творчестволық) операцияны – құжаттарды әзірлеуді – аппараттағы барлық мамандар атқарады. Техникалық операцияға (көпшілік болігі творчестволық емес) құжаттарды әзірлеу ( машинкамен басу, көшіру, көбейту) және оларды өңдеу (қабылдау, жүйелеу, мақтау т.б. ) жатады.
Кызмет құжаттарында ресми-іскерлік стиль қолданылады.Мәтінде күрделі кұрмалас сөйлемдерді, қарапайым сөйлемдермен алмастырған, сөйлемде сөздер нақты қодданылғаны жөн. Жарлық құжаттарында «бекітілсін», «міндеттелсін», «атап көрсетілсін» секілді етістік сөз тіркесі колданылуы, сілтеу есімдіктері зат есімімен алмастырылуы тиіс (мәселен, бізге қажет деп емес, кәсіпорынға кажет деп жазылды).
Құжат мәтінінде жалпы кабылданғаннан басқа сөздер мен сөйлемдер қыскартылып берілмеуі тиіс. Құжат тақырыбы мазмұнына сай болсын.
Құжат датасы (күні, айы, жылы) оған қол қойылған, бекітілген немесе құжатта тіркелген окиға датасы болып саналады. Датасын жазғанда тек араб цифрларын пайдалану қажет. Егер айдың немесе күннің рет нөмірі бір цифрден тұрса, онда олардың алдына 0 койылалы. Мәселен, 5 каңтар 2003 жылды 05.01.03 ж. деп жазу кажет.
Құжаттардың өтуіне және орындалуына байланысты ондағы барлық қызмет белгілеріне датасы көрсетіліп, қол қойылады.
Шаруашылықта басылатын жекелеген құжаттарға (жалпы мәселелер жөніндегі бұйрық, мәселен еңбек ақы төлеу туралы ереже т.6.) жеке адамдардың виза қоюы арқылы келісіледі. Виза құжаттың бірінші данасына, ал хат — көшірмені жөнелтушіде қалатын данасына қойылады. Қажет болған жағдайда құжатқа ескерту немесе толықтыру бөлек қағазда баяндалады.
Түпнұсқалығын ерекше куәландыратын кейбір құжаттарға мөр басылады. Құжат көшірмесінің бірінші бетіне «көшірме» белгісі койылады. Құжаттың соңына (көшірмесіне) «дұрыс» белгісі койылып, куәландырылған адамның қызметі, жеке қолы, аты-жөні, куәландырылған датасы көрсетіледі.
Егер көшірме азаматтардың жеке мүддесі мен құқығына қатысты болса, онда көшірмесі алынған құжатқа кімге, қашан берілгені, ал көшірменін өзіне — түпнұскасы сол ұйымда сақталғаны туралы белгі койылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет