Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет18/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Инновациялық процесті жаңашылдарды өткізу поцесінде болатын ғылыми-техникалық, тезнологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістердің жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ал жаңашылдарды құру, тарату және пайдалануды инновациялық цикл деп атайды.
Инновацияның негізгі мақсаттары келесілер:

  1. мәселенің жаңа техникалық шешімін табу-өнер табыстарын құру;

  2. ғылыми-зерттеу және тәжірибе конструкторлық жасалымдарды өткізу;

  3. өнімнің сериялық өндірісін бір қалыпқа келтіру;

  4. өткізуді дайындау және ұйымдастыру;

  5. нарыққа жаңа тауарды ендіру;

  6. технологияларды үнемі жетілдіру жолымен жаңа нарықтард аорнығу, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату.

Инновацияның негізгі кезеңдері келесілер:

  1. Келіп түсетін идеяларды 1 жүйеге келтіру;

  2. Идеяларды сұрыптау және жаңа өнім туралы идеяны өңдеу;

  3. жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау;

  4. жаңа өнімді құру;

  5. нарықта тестілеу

  6. өнім жөнінде маркетинг бағдарламасы негізінде өндіріске жаңа өнімді енгізу туралы шешімді қабылдау.

Инновациялық процесстің бастапқы кезеңі фундаменталды зерттеулер(теориялық), ол ғылыми қызметпен байланысты.С.б. әрбір циклдың элементі(ФЗ,ҚЗ,Ж,Жб,Қ,Иг,жәнеӨӨ) ғылыми қызметпен толық байланысты болады.Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ФЗ-дің тек 10% ғана тәжіриьеде қолданыс тауып, қалған 90% теріс нәтиже бере алады.ФЗ мақсаты- процесті тану және дамыту.Сонымен, инновациялық менеджер инновациялық процестің әртүрлі фазаларымен қызмет жасайды және осыны есепке ала отырып,өзінің басқару қызметін жүргізеді. Инновациялық менеджмент- бұл инновациялық поцесстерді, инновациялық қызметті, осы қызметпен айналысатын ұйымдық құрылымдарды және оның персоналын басқару принциптері, әдістері және формаларының жиынтығы. Менеджменттің басқа да облысы сияқты, инновациялық менеджментке де келесі тән:

  • мақсаттар қою және стратегияны таңдау;

  • циклдық 4 кезеңі: жоспарлау, шарттар мен ұйымдастыруды анықтау, орындау, басшылық ету.

Циклдың әрбір кезеңінде белгілі бір мәселелер шешіледі.

  1. Жоспарлау-стратегияны жүзеге асыру жоспарын құру.

  2. Шарттарды анықтау және ұйымдастыру- инновациялық циклдың әртүрлі фазаларын жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды анықтау, қызметкерлер алдында мәселелерді қою,жұмысты ұйымдастыру.

  3. Орындау- зерттеулер мен жасауларды жүзеге асыру, жоспарды іске қосу.

  4. Басшылық- бақылау және талдау, іс-әрекеттергетүзетулер енгізу,тәжірибе жинақтау.Инновациялық жобалардың, инновациялық басқару шешімдерін,жаңалықтарды қолдану тиімділігін бағалау.

ІІ. Инновациялық қызметті сәтті басқару үшін инновацияны жете зерттеу қажет.Жаңа инновация технологиялық параметрлері бойынша, с.б нарықтық тұрғыдан бағаланады.Осыны есепке ала отырып инновацияның жіктемесі құрылады
Технологиялық параметрлерге байланысты инновация өнімдік және процестік болып бөлінеді.Өнімдік инновациялар жаңа материалдарды,жаңа жартылай фабрикаттар мен комплекттерді қолдануды, жаңа өнімдер алуды өз ішіне алады. Процесстік инновациялар өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін білдіреді.(жаңа технологиялар).
ҒТП-тің кезеңдері бойынша ерекшеленетін инновациялар келесі белгілермен топталады:

  • техникалық- жаңа немесе жақсартылған қасиеттермен өнім өндірісінде пайда болады;

  • технологиялық-өнімді жасаудың едәуір жетілген әдістерін қолдану барысында пайда болады;

  • ұйымдастырушылық басқару- өндірісті ,көлікті өткізу және қамтамасыз етуді оптималды ұйымдастыру процестерімен байланысты;

  • ақпараттық - ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтерісаласындағы рационалды ақпараттық ағымдарды ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

  • әлеуметтік – еңбек жағдайын жақсартуға, денсаулық сақтау,білім беру,мәдениет саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған.

Инновацияның жаңа идеясының инновациялық әлеуетінің дәрежесі бойынша 3 түрі бар:
1.Радикалды инновациялар-әдетте жаңа өнімдер мен технологиялар.
2.Комбинаторлы инновациялар- белгілі элементтердің жаңа үйлесімі.Комбинаторлы инновациялар тұтынушылардың жаңа топтарын тарту немесе жаңа нарықтарды игеруге бағытталған.
3.Модификациялық инновациялар- нарықта бар өнімдерді жақсарту немесе толықтыруға бағытталған.бұл инновациялар кәсіпорынның нарықтағы орнын сақтауға немесе күшейтуге негізделген.
Сонымен инновациялық поцесс, ол жаңалықтарды жүзеге асыру барысында болатын ғылыми –техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістер жиынтығы.
Инновациялық процеске жүйелік, циклдық, мүмкіншілік, әлеуметтік маңыздылығы тән.
Тәжірибеде инновацияны енгізуде инновацияны енгізуде инновациялық процестің ішкі құрылымынсипаттау үшін бірнеше моделдердің типтері пайдаланылады.Иновациялық тізбек- инновацяилық процестің ең қарапайым моделі,онда бүкіл процесс жеке, функционалды немесе құрылымдық кезеңдерге бөлінген.
Бұл модель бойынша жаңа ғылыми білім автоматты түрде экономикалық өсімге әкелуі тиіс. Инновацияның әртүрлі түрлері инновациялық менеджментке спецификалық талаптарды ұсынады. ҒТП,жаңа техникалық білім инновацияға ауысып,өндірістік процестерді жақсартуға,едәір өнімді ыңғайлы және қауіпсіз техниканы қолдануға, шикізаттың жаңа түрлерін пайдалануға,еңбектің әлеуметтік шарттарын өзгертуге,яғни адамның қажеттіліктеріне жақындастыруға, жаңа және жақсартылған өнімдер өндіруге мүмкіндік береді, барлық инновациялар өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін жоғарылатуға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет