3-кезең. ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдарынан осы к‰нге дейін. Бұл кезеңде біріншіден, нарықтық экономиканың циклдігінің эгзогендік (ішкі) және эндогендік (сыртқы) себептерін ажыратуға ерекше көңіл бөлінді. Екіншіден, көптеген дамыған елдерде мемлекеттің антикризистік реттеуге, циклдік ауытқуларды түзетуге және экономикалық тепе-теңдікті тұрақтандыруға ұмтылмайтындығы анықталды.
Кәсіпорындар үшін даѓдарыстың пайда болу себептерін: ішкі және сыртқы деп екіге бөліп қарастырамыз.
Сыртқы себептерге: даѓдарыс әсер ете алмайтын факторлар жатады. Олар: халықаралық, ұлттық себептер. Ұлттық себептерге: БАЌ, экономикалыќ-географиялық, мәдени және ғылыми техникалық сипаттағы себептер жатады.
Ішкі себептер кәсіпорын қызметінің нәтижесі болып табылады. Ішкі даѓдаѓдарыстыќ жағдайларға: конструкторлық-технологиялық, экономикалық, қаржылық, сонымен қатар фирма экономикасын басқарудың жеткіліксіздігі сияќты себептерге жатады.
Конструкторлық-технологиялық себептер:
өнімніњ бәсеке қабілетсіздігі;
өнімнің ресурс сыйымдылығыќ деңгейінің жоғары болуы (энергия,метал сыйымдылығы және т.б.);
артық өндірістік қуаттылықты пайдалану деңгейінің төмендігі, тар мамандандырылған және кең кооперацияға есептелген өндірістердің болуы;
Экономикалық себептер:
шикізат, материал, көлік, энергоресурстары бағасының жоғары болуынан өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы;
төмен рентабелділік;
айналым капиталы қозғалысының баяулауы және оның тауарлық қор және дебиторлық қарыз түрінде қалуына байланысты айналым қаржыларының болмауы;
өнімді жањалау үшін және оның бәсеке қабілеттілігін арттыруға бос қаржылардың жоқтығы;
Қаржылық себептер:
түсімдер құрылымында ақшалай қаражаттар үлесінің аз болуы және бартер мен өзара айырбастардың үлесінің жоғары болуы;
комуналдық шығындар үшін және өндірістік қуаттылықты сақтап тұру үшін ақшалай қаржылардың көп бөлінуі;
бас мамандар мен бөлімше басшылырының көлеңкелі кәсіпкерлік табыстарының болуы;
тауарлар мен қызметтер нарыѓындаѓы ќызмет нәтижелері туралы бөлімшелердің қаржылық жауапкершіліктерінің болмауы.
Қоғамдық ұдайы өндірудің классикалық циклы 4 фазадан тұрады.
1. Дағдарысфазасы өндірістің көлденең қысқаруы бағаның түсуі, жұмыссыздықтың өсуі, банкроттықтың көбейуі, іскерлік белсенділігінің төмендеуімен сипатталады.
2. Депрессия (стагнация). Бұл фаза жарты жылдан 3 жылға дейінгі уақытты алады. Бұл шаруашылық өндірістің жаңа жағдайларға және жаңа қаржыларға бейімделу фазасы.
3. Фаза жандану немесе қалпына келу. Бұл кезде инфляциялар көлемі артады, баға өседі, өндіріс кеңейеді, процент мөлшері өседі. Жандану 1 кезде өндіріс құрамының жабдықталуын қамтиды.
4. Фаза өсу экономиканы жаңа деңгейге алып келіп, келесі жаңа кезеңдік дағдарыстың фазасын дайындайды. Жаңа цикл, өндірістің құлдырау жұмыссыз проблемасы басталады, сесбебі жиынтық сұрақтардың қысқаруы болып табылады.
Жиынтық сұраныстың бастапқы қысқаруының факторы салықтың өсуі, кредиттік процестің өсуі, кейбір өнімге сұраныс төмендігі, саяси және күтпеген жағдайда соғыс болып табылады.
Экономикалық дағдарыс дегеніміз экономикалық коньюктурада күйзелістік процесті тудыратын тауарлар мен қызметтерге ұсыныс пен сұраныстың арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы.